Дүйсенбі, 28 Наурыз 2022 14:54

Алғашқы медициналық көмек көрсетудің жаңа платформасы

Есік  қаласындағы №1 көпсалалы ауданаралық ауруханада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының алғашқы медициналық-санитарлық көмек жөніндегі алғашқы демонстрациялық  (үлгісін көрсету)платформасы ашылды.

Ашылу салтанатына ДДҰ-ның Еуропалық өңірлік бюросының басшысы Ханс Клюген, ҚР денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният, Өзбекстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Амрилло Иноятов, Өзбекстан Республикасы Мемлекеттік медициналық сақтандыру қорының директоры Фаррух Шарипов, Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев  пен аталған аурухананың қызметкерлері қатысты. Аталған платформаның ашылу салтанатында сөз алған облыс әкімі Қанат Бозымбаев  Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен  ҚР денсаулық сақтау министрлігі қолға алған жаңа жобаны барынша қолдайтындығын жеткізіп, аталған игі іске сәттілік тіледі.Өз кезегінде, ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының басшысы Ханс Клюге Қазақстан Үкіметі мен ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының арасындағы айрықша ынтымақтастықты атап өтті. Доктор Ханс Клюге демонстрациялық платформа үлгісінде, әсіресе ауылдық денсаулық сақтауда МСАК-тың үздік тәжірибелерін ілгерілету жөніндегі Қазақстанның күш-жігеріне өзінің таңданысын білдірді.

– АМСК демонстрациялық платформалары – ДДҰ-ның тиімді алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйесін іс-әрекетте көрсетуге арналған жаңа өнімі. Олар елдерге бір-бірінен үйренуге және алғашқы медициналық-санитарлық көмекті түрлендірудегі озық тәжірибемен алмасуға мүмкіндік береді. Қазақстан  психикалық денсаулық мамандары мен әлеуметтік қызметкерлерді, сондай-ақ мейірбикелер мен отбасылық дәрігерлерді қамтитын көпбейінді командалар арқылы алғашқы медициналық-санитарлық көмек үлгісін өзгертудің үлгілі мысалы болуға лайық», – деді Еуропалық ДДҰ басшысы. Осыған сай, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету бойынша ДДҰ-ның бірінші демонстрациялық платформасы ауданымыздағы  №1  көпсалалы аудан-аралық ауруханада ашылып отыр. ҚР денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың сөзінше, алда аталған ауруханада МСАК жүйесін трансформациялаудың жаңа базасы қалыптасады. Бүгінде Еуропалық стандартқа сай   алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетудің озық тәжірибесін  үйрену үшін Өзбекстан делегациясы арнайы  келіпті. Ажар Ғиниятқызы алдағы төрт жылда ДДҰ мен Қазақстан Үкіметі елімізден алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйесін үйренгісі келетін 20 елдің  делегациясын қабылдайтынын атап өтті.

Е.АСЫЛ.

Оқылды 398 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 29, 2024

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ШАРАДАН АУДАН…

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей бастамасымен барлық…
Сәу 29, 2024

Қалпына келтіру жұмыстарын өзім…

Тасқын су жүрген өңірлерде үй-жайынан айырылған халықтың баспанасын қалпына келтірудің…
Сәу 29, 2024

Жазушы мерейтойына арналды

«Таза Қазақстан» экологиялық тазалық акциясына Райымбек ауданының тұрғындары да…
Сәу 29, 2024

«ДАНЬ ТРАДИЦИЯМ И ВОСПИТАНИЕ…

В рамках недели "Жасыл аймақ" экологической акции "Таза Қазақстан", проводимой по всей…
Сәу 29, 2024

С Днем Единства народа Казахстана

Хочу поздравить всех с Днем Единства народа Казахстана и выразить благодарность за вашу…
Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет