Сейсенбі, 29 Желтоқсан 2020 17:14

Мерекелік дастархан мәзірі сақтығы туралы

Құрметті аудан тұрғындары мен қонақтары!

Еңбекшіқазақ аудандық  Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы келе жатқан Жаңа жыл мерекесі қарсаңында өмірлеріңіз бен  денсаулықтарыңызды  қорғау мақсатында азық-түлік сатып алғанда, келесі мәліметтерге назар  аудару қажеттігін ескертеміз:

-Өнім сыртындағы таңбалауы. Буып-түйілген тамақ өнімдерін таңбалауында мынадай мәліметтер болуы қажет: атауы, құрамы, саны, дайындалған күні, жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары, дайындаушының атауы мен орналасқан жері қамтылуы тиіс. Сонымен қатар ұсыныстар және (немесе) пайдалану бойынша шектеулер, тағамдық құндылық көрсеткіштері, ГМО туралы мәліметтер, бірыңғай айналым белгісі. Егер сіз толық ақпарат жоқ өнім көрсеңіз, онда мұндай өнімді сатып алудан аулақ болыңыз;

- Орау. Өнім бүлінбеген қаптамаға буып-түйілуі тиіс, ол оның қауіпсіздігін және оларды тасымалдау мен сақтау шарттары сақталған жағдайда жарамдылық мерзімі ішінде таңбалауда мәлімделген тұтынушылық қасиеттерін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Егер сіз таңдаған өнім зақымдалған, ластанған қаптамада екенін байқасаңыз, оны сатып алудан бас тартыңыз;

-Сауда желілерінде тез бұзылатын азық-түлік өнімдерін (аспаздық өнімдер – салаттар, көкөніс және саңырауқұлақ, жеміс-жидек, жұмыртқа және ірімшік, балық және теңіз өнімдері, ет және ет өнімдерінен жасалған суық тағамдар мен жеңіл тағамдар және т.б.), сонымен қатар жаңа жылдық кондитерлік сыйлықтар, торттар және басқа да кремделген кондитерлік өнімдерді аларда өте сақ болыңыздар. Өнімде жағымсыз иістер болса, түсі, пішіні өзгерген болса, бұл өнімді алмаған жөн;

-Жұмыртқа мен ет, құс етін, балық етін қолданар алдында мұқият термиялық өңдеуден өткізу керек, шикі жұмыртқаны, жеткілікті қайнатылмаған жұмыртқаны жеуге болмайды;

- Шикі және дайын өнімдер үшін жеке пышақтар мен тақталарды пайдалану керек, оларды бөлек сақтау керек. Тоңазытқышта шикі және дайын өнімді бөлек сақтау керек;

-Ветеринариялық-санитариялық сараптамадан өтпеген ет және ет өнімдерінен жасалған суық тағамдар мен жеңіл тағамдар, аспаздық өнімдер – салаттар, көкөніс жұмыртқа мен құс етін жабайы сауда орындарында, белгісіз сатушылардан сатып алмаңыз;

-Жұмыртқа мен құс етін сатып алу кезінде сатушыдан өнімнің қауіпсіздік құжаттарын (ветеринариялық анықтамалар мен сертификаттар) талап ету қажет;

 -Қолды сабынмен жиі жуу, маскаларды, бір рет қолданылатын дымқыл майлықтарды, антисептикалық құралдарды қолдану ұсынылады;

-Аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде шұғыл түрде дәрігермен кеңесу керек.

Коронавирусты инфекцияны жұқтырып алмас үшін жаңа жыл мерекесін тек өз отбасыңызбен қарсы алу және тек сапалы тағам өнімдерін пайдаланып, мерекені жақсы өткізу өз қолдарыңызда!

 

 

Ш. Етекбаева,

Еңбекшіқазақ аудандық Санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау басқармасының жетекші маманы

Оқылды 1357 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…
Сәу 22, 2024

Қоғамды түзеуді өзімізден бастайық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 22, 2024

Экологиялық мәдениетті артыруымыз…

Қоғамды жаппай тазалыққа шақыру өте өзекті мәселе деп есептеймін. Біз ұстаздар…
Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет