Жұма, 13 Қараша 2020 17:30

«Nur Otan» партиясының тізіміне кімдердің кіргені жарияланды

«Nur Otan» партиясының тізіміне кімдердің кіргені жарияланды Сурет интернеттен алынды

«Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек партия тізіміне кімдер кіргенін жариялады. Тізімдегі азаматтардың 76% партия ісіне жаңадан араласып жатқан тұлғалар екен. Бұл туралы Бауыржан Байбек өзінің Facebook парақшасында жазды.

"Құрметті достар! Осы аптада Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған партияішілік праймериздің екінші кезеңі өтті. Осы іс-шараның қысқаша қорытындысын шығаруды жөн көріп отырмын.

Бірінші. Біз барлық деңгейдегі мәслихаттарға арналған партиялық тізімдерді әзірлеуді аяқтадық. 216 мәслихатқа үміткер ретінде «Nur Otan»-ның партиялық тізіміне 6253 партиялық енді.

Өздеріңіз білетіндей, бірінші кезеңде праймеризге 10 мыңнан астам кандидат қатысты. Ал 1-4 қазан аралығындағы республикалық онлайн-дауыс беруге 662 мың адам немесе барша нұротандықтардың 84%-і қатысты.

Праймериздің екінші кезеңі аясында аудандық және қалалық конференцияларда электронды дауыс беруге 4,5 мыңнан астам бастауыш партия ұйымдарының атынан 10 мыңнан аса делегат-сайлаушы қатысты.

Барлық конференция мен пікірсайыстар әлеуметтік желілерде онлайн режимде көрсетілді. Бұл сайлау барысының ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз етті.

Екінші. «Nur Otan»-ның халықтық тізімі жасалды.

Талдау көрсеткендей, әйелдердің үлес саны 22-ден 34%-ке дейін, жастар – 3,5 есе, 7-ден 24%-ке дейін артты. Қазіргі қызмет етіп отырған мәслихаттардың құрамымен салыстырғанда орташа жасы 7 жасқа – 51-ден 44-ке дейін жасарды.

Партиялық тізімдердің 24%-ін қызметтегі депутаттар құрайды, ал 76%-і – жаңа тұлғалар. Бұл қоғамның жаңаруға деген сұранысын қанағаттандыруға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар партия қатарына 42 мыңнан астам жаңа мүше қосылды. Олардың 1000-нан астамы партияішілік сайлауға қатысып, әрбір 3-шісі «Nur Otan»-ның партиялық тізіміне енді.

Үшінші. Партиялық конференцияларда аудандық және қалалық сайлауалды бағдарламалар бекітілді.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында бағдарламаның барлық жобалары праймериз кезінде тұрғындармен жан-жақты талқыланды. Азаматтардан түскен 17 мыңнан астам ұсыныстар мен ескертулердің 80%-тен астамы қабылданған өңірлік бағдарламаларда ескерілді.

Төртінші. Партияның Мәжіліске арналған қорытынды тізімі 25 қарашада «Nur Otan»-ның ХХ Съезінде бекітіледі.

Пікірсайыстар қорытындысы бойынша 723 жеңімпаз анықталды, олар 14 облыстың партиялық тізімдеріне енеді. Олардың ішінен 236 адам келесі аптада «Nur Otan»-ның Мәжіліске арналған партиялық тізіміне қосылу үшін облыстық пікірсайыстарға қатысады.

Қазіргі кезде елорданың, Алматы мен Шымкенттің кандидаттары сайланды. Электронды дауыс беру нәтижелерімен Primaries.kz сайтынан танысуға болады.

Сарапшылар қауымы атап өткендей, партия праймеризі ең бастысы – бәсекелі, ашық та айқын негізде жұрт сенім артқан беделді тұлғалардың арасынан іріктелген әлеуетті депутаттар корпусын жасақтауға мүмкіндік бермек.

Осылайша, «Nur Otan» Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың билеуші партияны «қайта жандандыру» аясында жариялаған «Мықты лидерлер – Мықты партия» қағидатын нақты іске асырды.

Әлемнің жетекші елдерінде озық демократиялық құрал ретінде танылған праймериз қоғамымызда жаңа саяси мәдениеттің қалыптасуына жол аша отырып, партиялық-саяси жүйенің ажырамас бөлігіне айналатынына сенімдімін".

Оқылды 854 рет

Медиа

Осы категориядағы басқа материалдар: « Абзал жандармен кездесу Татулық дамуға бастайды »

Соңғы жаңалықтар

Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…
Сәу 22, 2024

Қоғамды түзеуді өзімізден бастайық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 22, 2024

Экологиялық мәдениетті артыруымыз…

Қоғамды жаппай тазалыққа шақыру өте өзекті мәселе деп есептеймін. Біз ұстаздар…
Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет