Жұма, 25 Қыркүйек 2020 16:39

Майра Еркенқызы ОРЫНТАЕВАНЫҢ Nur Otan партиясының праймериз науқанына ұсынған БАҒДАРЛАМАСЫ

 

Мен - Шелек ауылының бұрыннан келе жатқан тұрғынымын. Маған айналамызда болып жатқан мәселелердің бәрі таныс, күнде көп адамдармен кездесемін, олардың шешілмей жатқан мәселелері, үзілмей жүрген үміттерінің біразы менікімен үндесіп жатыр.  Ауылдың жағдайын жақсарту үшін менің күш-жігерім жеткілікті! Мен  ауылдың жағдайын жақсы білемін – монополистердің өктемдігі, бағалардың себепсіз көтерілуі, тұрғындардың жұмыспен қамтылуы мен балалардың бос уақыты, сапа-лы білім, жастардың жұмыспен қамтылуы, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған кедергісіз орталықтар, ӘӘТ (әлеуметтік әлсіз тұрғандарға) көмек, шағын  және жеке кәсіпті қолдау.

Мен  өмірімізді жақсарту  жолдарын, ауылымызды қалай гүлдендіру керек екенін, қалай таза ұстау керек екенін білемін.

Менің бағдарламам 7 бөлімнен тұрады:

  • Тұрғындарды жұмыспен қамту. Жаңа жұмыс орнын құру туралы бюджеттің қосымша бабы.
  • Жалғызбасты аналар, аз қамтылған отбасы мен көпбалалы отбасыларына көмек.
  • Жастар саясаты аясында – жұмыспен қамту міндетіне кепілдік!
  • Қолданыстағы балабақшаларға, жаңа балабақшалардың ашылуына, шығармашылық үйлердің ашылуына, спорт мекемелерінің ашылуына, көркем және би мектептерінің ашылуына қолдау көрсету!
  • Оқушыларға арналған қолжетімді әрі сапалы білім!
  • Ауыл тұрғындарының шағын және жеке кәсіппен айналысуына қолдау көрсету.
  • Ағаш кесуге қатаң бақылау жасау. Шелек ауылында ағаштар ол – ауылдың тыныс алу мүшесі, өкпесі. Мен ауылдың тазалығы үшін күресемін!

 

Құрметті Шелек тұрғындары, сайлаушылар, партия мүшелері!

Мен сіздерді маған, Орынтаева Майра Еркенқызына

 дауыс беруге шақырамын. Маслихат депутаттығына сайланған жағдайда, мен сіздермен кездесулер ұйымдастыратын боламын, менің сайлаушыларым, мен тек сіздердің тілектеріңіз бен аманаттарыңыз  жолында жұмыс жасайтын боламын!

 

Өмірбаян

Мен, Орынтаева Майра Еркеновна 3 желтоқсан 1971 жылы дүниеге келдім. Шелек өңірінің тумасымын. 1988 жылы «Ленин атындағы орта мектепті» бітіріп, 1993 жылы ҚазҚПУ «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығын, 2009 жылы ҚазҚПУ «Тарих пәні мұғалімі,  құқық және экономика», 2009 жылы «Самара университеті, Білімдегі менеджмент» мамандығын алдым. 2018 жылы Ресейдегі СИПКРО «Педагог – Психолог» мамандығын алдым.

Еңбек жолымды Абай атындағы орта мектепте бастадым, одан кейін Вихрев атындағы орта мектебінде, Розыбакиев атындағы орта мектебінде, Әуезов атындағы орта мектебінде жұмыс істедім. Қазіргі уақытта Шелек ауылы Розыбакиев атындағы орта мектептің  директоры  қызметін атқарамын.

«Nur Otan» партиясының мүшесімін, 2006 жылдан бастап Бастауыш партия ұйымының төрайымымын.

Оқылды 842 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…
Сәу 22, 2024

Қоғамды түзеуді өзімізден бастайық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 22, 2024

Экологиялық мәдениетті артыруымыз…

Қоғамды жаппай тазалыққа шақыру өте өзекті мәселе деп есептеймін. Біз ұстаздар…
Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет