Бейсенбі, 30 Маусым 2016 14:55

Орынды сын – сапалы жұмысқа бастайды

Аудандық мәслихат сессиясының алдында тұрақты комиссияларының біріккен отырысы өтті. Экономикалық даму, туризм және спорт мәселелері жөніндегі комиссия аудандағы жолаушыларды тасымалдау және автокөлік инфрақұрылымдарын дамытудың жағдайы туралы осыған жауапты бөлімнің басшысы Бейбіт Искаковтың және Есік қаласындағы автокөлік жолдарын жақсарту бойынша атқарылып жатқан және жоспардағы жұмыстар жөнінде қала әкімі Бауыржан Бименовтың есебін тыңдады. Заңдылықты сақтау және бюджет жөніндегі тұрақты комиссия алдында аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Бейсенғали Бименов қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою, сондай-ақ, түрлі мал ауруларының алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар жайында сөз тізгінін алды. Ал әлеуметтік сала, білім, мәдениет және ұлтаралық қатынастар жөніндегі тұрақты комиссия аудан аумағындағы жастар саясатының жүзеге асуын саралады. Онда аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Айбек Ілебай есеп берді. Отырысты аудандық мәслихат хатшысы Бекет Ахметов жүргізді.

 

Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Бейбіт Искаков өз жұмысын жан-жақты саралап өткеннен кейін депутаттар тарапынан сұрақтар легі толастамады. Ә дегенде Айдар Рустамбеков өз округіндегі келелі мәселені көтерді:

«Мәңгілік ел болу үшін жолдарымыз да соған сай салынуы тиіс. Жаңашардың астында зиратқа баратын көпір бар. Сол көпірдің арасы ашылып кетті. Оған тұрғындарымыз наразы. Ол жол арқылы шаруашылық иелері де қатынайды. Адам өлімінде де ары-бері қатынас көбейеді. Осы мәселені біржақты ету керек. Екінші мәселе, «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» автожолынан ары-бері өтетін жолдар қарастырылмаған округ тұрғындарына. Себебі, автобанның арғы бетінде шаруашылықтардың жері бар. Одан бөлек малдарын айдап өтеді дегендей... Бұл ең өзекті мәселе. Сонда жаңашарлықтар автобанды «аттау» үшін Қырбалтабайға бару керек пе?».

Иә, халықаралық маңыздағы бұл жобаның елімізге берері көп. Ары-бері кедергісіз қатынас көзі дегендей... Айтқанымыздай мұнда кедергі болмауы тиіс. Ал  жаңашарлық тұрғындар қайтпек? Шындығында өзекті мәселе.

Сәйкесінше, депутат Қуат Байғоджаев жол белгілері жайында өз ұсынысын жеткізді:

Жол белгілерін жылына бір рет қана ауыстырып отырасыздар. Ал белгідегі бояулардың сапасы сыртқы температура бойынша небәрі 6 айға кепілдендірілген. Сонда 6 айдан кейін белгіні жаяу жүргінші ме, мектеп пе жүргізушілер ажырата алмай әбігерге түсіп отырады. Осының кесірінен Есік қаласының өзінде 4 бала жол апатына ұшырады. Сондықтан жылына жол белгілерін екі мәрте ауыстыруға ұсыныс жасау керек. Содан кейін бояудың сапасына да жіті мән бергеніміз абзал.

Сейітхан Қырқынбаев болса жауын-шашынның көп түсуіне байланысты жаңа салған  жолдардың бетінен су ағып жатқанын күйіне айтты. – Арықтарды жөндеу, оны кеңейту мәселесін округ әкімдігіне де айттым. Бұлай жалғасатын болса, екі жылдан кейін жаңа салған жолдарымыз да шұрқ тесікке айналады. Есіктің жоғарғы беті де осының «кебін» киіп отыр. Сонда кеше салынған жолға күрделі жөндеу керек деп отырамыз ба? Неге барымызды бағаламаймыз? – деп түйді ойын.

Бейбіт Искаковтың Есіктегі саяжайлар маңына бірер күнде жаңа мектеп құрылысы басталады деген жаңалығын естіген депутаттар жерүсті өткелін салудағы ескеретін жайтты да жария етті. Ол турасында Гүлмира Мұхтарова:

– Саяжайлар маңынан мектеп салу мәселесі де оң шешімін тапқанына қуаныштымыз. Ендігі мәселе – жолүсті өткелін салу. Осы орайда Германияда тұрғындар қай жерден жиі өтетіні зерттеледі. Айтпағым, тәжірибені ескергеніміз абзал. Екіншіден, республикалық мұражай жанына да жер үсті өткелін салу қиындық туғызады. Өйткені, мұражайға күніне төрт-бес автобус туристер келеді. Одан бөлек автобус тұрағы да тура жанымызда. Содан көлік кептелісі басталады. Осыны да назарда ұстауларыңызды сұраймын.

Сөз тізгінін алған Бекет Төлегенұлы Абай көшесінің асфальтын сынға алды және инфрақұрылымды жобалаудағы кемшіліктерді айтып өтті:

– Абай көшесін жарқыратып жасадық, енді қайта бұзылып жатыр. Ол Сейітхан мырза айтқандай арықтардың уақытында тазаланбайтындығы және құбырлардың жаңалануына байланысты.

Жалпы, біз инфрақұрылымды неден бастаймыз? Осыған таңым бар. Себебі, облыстық маңызы бар Алтын адам және Ш.Уәлиханов көшесін басынан бастамай ортасынан жасағанымызға тұрғындар таңданып жүр. Сонда біз соңынан бастап отырмыз ғой. Қ.Орымбетов көшесінің де жартысы жасалмай жатыр. Неге?

Бейбіт Құлжамбайұлы, әр ауылдық көшелерге күрделі, ағымды жөндеу жұмыстары мына жылы жасалынады деген бағдарламаңыз бар ма? Болса, келесі отырыста аудан депутаттарына таныстыруыңызды сұраймын. Бұны айтып отырған себебім, әлі де қазақылыққа салынып, анау ардагер тұратын көше екен немесе кезінде басшы болған екен деп соның көшесін асфальттап беретін фактілер жетерлік, – деді.

Сонымен он күннің ішінде берілген сұрақтарға нақты жазбаша жауап беруді тапсырды бөлім басшысына мәслихат хатшысы.

Екінші мәселе бойынша Бауыржан Бименов қала көшелерінің жай-күйін саралады. Оның айтуынша, аудан орталығының 41 шақырым жолы жөнделген. Мәслихат хатшысы тарапынан қаладағы заңсыз такси тұрақтарының жұмысын тоқтату керек деген ұсыныс түсті. Сондай-ақ:

– Қай ауданға барсаңыз да кірген бетте жарқырап тұрады. Мәселен, Қарасайдың «есігіне» енген сәттен бастап таза жол, жаяу жүргіншілер жолы да талапқа сай. Бізде де бар бұндай жолдар. Дегенмен, жоғарыда атағанымдай, ортасынан жасап жатырмыз. Қарапайым мысал, Құлжа халықаралық жолынан Есікке көтеріле беріске көз салсаңыз, айдала. Неге сол жолдарды талапқа сай жандандырмаймыз? Неге айналасына керемет деген талдарды отырғызбаймыз? Бабаларымыз еккен ағаштар да қурап бітті, – деді Б.Ахметов.

Екінші тұрақты комиссия алдында Бейсенғали Бименов кезекті есебін берді. Жұмыстар жоспарға сәйкес жүргізіліп жатқандығын айтқан бөлім басшысы тұралап тұрған мәселесін де депутаттар назарына ұсынды:

– Қазіргі уақытта 2500 қаңғыбас иттер жойылды. Дегенмен, заңға сәйкес жұмыс жүргізбей отырғанымызды айтқанымыз дұрыс. Себебі, заң талаптары бойынша қаңғыбас иттер ұсталған жағдайда 3 күн вольерде тұруы тиіс. Иесі іздеп келмесе ғана көзі жойылады. Ал бізде вольердің жоқтығынан иттерді сол мезетте жоюға тура келеді. Осы орайда ірі ауданымызға бір вольер салу үшін 9 млн теңге қарастырып берулеріңізді сұраймын.

Бұл мәселе бойынша алдағы уақытта тиісті жұмыстар жүргізілетіндігін жеткізді Бекет Төлегенұлы.

Үшінші тұрақты комиссияның алдында есеп берген Айбек Ілебайға мәслихат хатшысы тарапынан сын айтылды:

– Маған өткізілген шаралар жайында есеп берудің қажеті жоқ. Жастар арасында қандай проблемалар бар, оларды жұмыспен қамту бойынша не істелді, осы сұрақтардың жауабымен келуің керек еді. Жастарға 14 пен 29 жас аралығындағы азаматтар енетінін де ұмытпаңыз. Аудан жастары диплом алып, не күн кешіп жүр? Мамандығы бойынша қанша пайыз жас жұмыс тапты? Келесі отырыста осы мәселеге баса мән беріңіз.

Өз кезегінде Айбек Ілебай көптеген округ әкімдері жастар жиынына қатыспайтынын сөз етті. Осы мәселеге депутаттар назар аударуын сұрады.

Отырыс соңында әр округке депутаттар іс-сапармен шығып, тұрғындар алдында есеп беру жиынын өткізу бойынша жоспар құрылғандығын жеткізді мәслихат хатшысы.

    Қайнар ЖҰМАҒОЖА.

Оқылды 2282 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 29, 2024

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ШАРАДАН АУДАН…

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей бастамасымен барлық…
Сәу 29, 2024

Қалпына келтіру жұмыстарын өзім…

Тасқын су жүрген өңірлерде үй-жайынан айырылған халықтың баспанасын қалпына келтірудің…
Сәу 29, 2024

Жазушы мерейтойына арналды

«Таза Қазақстан» экологиялық тазалық акциясына Райымбек ауданының тұрғындары да…
Сәу 29, 2024

«ДАНЬ ТРАДИЦИЯМ И ВОСПИТАНИЕ…

В рамках недели "Жасыл аймақ" экологической акции "Таза Қазақстан", проводимой по всей…
Сәу 29, 2024

С Днем Единства народа Казахстана

Хочу поздравить всех с Днем Единства народа Казахстана и выразить благодарность за вашу…
Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет