Бейсенбі, 20 Тамыз 2020 16:58

Зор мүмкіндіктер науқаны

Осы аптада «Nur Otan» партиясының төрағасы, Елбасы Н.Назарбаев партияішілік праймериздің басталуына байланысты үндеу жасады.

Партия жетекшісі партиядағы болып жатқан маңызды науқанның нағыз іскер адамдарды таңдауда рөлі зор екендігін атап өтті.

– Мемлекеттік органдар мен кейбір басшылар халықтың нақты проблемаларын жете сезінбейді деген сын айтылып жүргенін мен жақсы білемін. Бұл барлық деңгейдегі депутаттардың да жұмысына қатысты. Оны көбіне орынды сын деп есептеймін. Депутаттар халықтың ортасында болып, елдің мұң-мұқтажын жеткізуге тиіс. Депутаттардың міндеті – әрдайым ел мүддесін қорғау. Осыны ұмытпауымыз керек – деген Нұрсұлтан Әбішұлы партияның негізгі мақсаты ел басқаруға қабілеті бар, ел мүддесі жолындағы нақты идеяларды жүзеге асыра алатын азаматтарды билікке тарту екендігін айтты.

Қазіргі уақытта өтіп жатқан партияішілік праймериздің де мақсаты сол – партия қатарында белсенділік танытып, өз ісімен көзге түсіп жүрген азаматтарды іріктеу, оларды мемлекет ісіне араластыру. Ендігі бұрынғыдай партия ұсынған азаматтар ғана депутаттыққа үміткер бола алмайды, праймериз арқылы өзінің білімділігі мен қабілеттілігін дәлелдеген партия мүшелері халық қалаулысы атануға мүмкіндік алады. Осылайша, халық пен билік арасындағы «алтын көпір» нығая түспек.

Бұл саяси науқан көптеген жас, іскер азаматтарға мүмкіндік сыйлап, ел мүддесі үшін қызмет етуге жол ашады. Партия төрағасы айтқандай, жас волонтерлар пандемия кезінде өздерін дәлелдеп, ел басына күн туғанда  аянбай еңбек етті. «Біз біргеміз!» акциясы аясында «Jas Otan» жастар қанаты барлық мұқтаж жандарға қолдау көрсеткен бес мың еріктінің басын біріктіріп, мемлекетке төнген қауіпке немқұрайлы қарамайтындығын дәлелдеді. Осындай белсенді жастарымыз праймериз кезінде өздеріне берілген зор мүмкіндікті құр жіберіп алмауы керек. Себебі, жастар – қоғамның қозғаушы күші.

 

Қуат БАЙҒОДЖАЕВ,

«Nur Otan» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары.

Оқылды 2093 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…
Сәу 22, 2024

Қоғамды түзеуді өзімізден бастайық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 22, 2024

Экологиялық мәдениетті артыруымыз…

Қоғамды жаппай тазалыққа шақыру өте өзекті мәселе деп есептеймін. Біз ұстаздар…
Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет