Бейсенбі, 24 Тамыз 2023 11:59

Аудандық мәслихатта «Депутат күні»

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының аясында өткен аптада  аудандық мәслихат төрағасы Бекет Ахметовтың төрағалығымен «Депутат күні» шарасы өтті.   2023 жылдың 7 айында атқарылған жұмыстар мен туындаған өзекті мәселелер бойынша атқарушы орган басшыларының есептері қарастырылды.

 

– «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Депутаттар әкімдікпен өзара іс-қимылды атқарушы органдар-дың жұмысының, қабылдайтын шешім-дердің ашықтығын қамтамасыз ете отырып, сындарлы арнада жүргізуі тиіс» – деп нақты тапсырмалар берген болатын. Осыған байланысты алды-мызда тұрған негізгі мәселе аудан аумағындағы атқарылған жұмыстардың сапалы орындалуын сіздер мен біздер қамтамасыз етуіміз керек. Бұл тұрғыда, алдымызда тұрған негізгі мәселе – аудан аумағындағы атқарылар жұ-мыстың сапалы орындалуына қол жеткізу» – деп сөзін бастады мәслихат төрағасы  Бекет Төлегенұлы. Аталған шара қосымша ашықтықты қамтамасыз ету үшін онлайн трансляция арқылы мәслихаттың әлеуметтік парақшалары арқылы да  жүргізілді.

Шара аясында толықтай барлық аудандық бөлімдер мен статистика, кірістер, санитарлық эпидемиологиялық бақылау басқармаларының есептері тыңдалды.

Депутаттар тарапынан жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау, мем-лекеттік бағдарламаларды сапалы іске асыру, халық арасында ақпараттан-дыруды жүйелі жүргізу, құрылыс нысан-дарының сапасын қамтамасыз ету, соның ішінде бүгінгі таңда тұрғын үйлердің, мектептердің, денсаулық сақтау және өзге де әлеуметтік нысандарының құрылысы мен күрделі жөндеуіне жіті назар аударып, нақты талап-тілек қою, жер учаскесінің пайдалану мақсатының заңсыз ауысуы, қоғамдық тыңдаулардың өтпеуі, жобалық құжаттың болмауы, елді мекендердің архитектуралық келбетін жақсарту, ескірген тұрғын үйлерді реновациялау, қала құрылысы құжаттамасының сапасыздығы, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларының құрылыстың бас жоспарына сәйкес келмеуі, жеке тұрғын үй құрылысы үшін инженерлік-коммуникациялық инфра-құрылымдарын жүргізудегі кемшіліктер мен ауыл шаруашылығын қоспағанда, басқа салаларды дамыту мүмкіндігін қарастыру, тың бағыттарға назар аударып, олардың дамуына қолдау көрсету, ішкі туризм саласын дамыту мәселелерін көтеру сынды талқылаулар тыңдалып,  олқылықтарды жоюға шара-лар қабылданды. Түрген шатқалы, Асы жайлауы, Есік көлінің экологиялық жағдайы, тұрғын үй мәселесі, коммунал-дық сумен жабдықтау жүйелері, кәріз жүйелері, электр желілерінің жағдайы, заңсыз қоқыс алаңдары, автомо-биль жолдарының жағдайы мен са-палы жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселелері, білім, денсаулық сақтау, ветеринариялық ахуал, санитарлық нормалардың сақталуы және эколо-гиялық проблемалар бағытында 200-ге жуық сұрақ қойылды.

Депутаттар тарапынан көтерілген мәселелер, ұсыныстар, ескертулер басшылыққа алынып, хаттамаға енгі-зіліп, орындау үшін тиісті жауапты мекемелерге жолданды. Сонымен қатар, депутаттық корпустан, қоғамдық кеңес мүшелерінен, БАҚ өкілдерінен құралған аудандық мәслихат жанын-дағы жұмыс тобы дәстүрлі түрде Есік қаласы мен 25 ауылдық округтегі 79 елді мекенді толық қамтитын талдау жұмыстарын ұйымдастырып, округ-тердің аумағындағы өзекті мәселелер-ді қарастырып, сол бойынша депу-таттық сауал жолдауды және сессия отырысында нақты нәтижелерді тал-дауды жоспарлап отыр. Шараға мәс-лихаттың тұрақты комиссияларының төрағалары В.Вальков, А.Талқамбаева, Ш.Қасымбаева, Э.Байшеков және ау-дандық мәслихат депутаттары, аудан-дық БАҚ өкілдері мен бөлім, басқарма басшылары қатысты.

Кездесу соңында мәслихат төр-ағасы депутаттарға алдағы уақытта да жоспарлы жұмыстарды жүйелі жалғас-тырып, Президент жүктеген міндеттерді бірлесе жүзеге асыруға шақырды.

 

Өз тілшіміз.

Оқылды 535 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…
Сәу 22, 2024

Қоғамды түзеуді өзімізден бастайық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 22, 2024

Экологиялық мәдениетті артыруымыз…

Қоғамды жаппай тазалыққа шақыру өте өзекті мәселе деп есептеймін. Біз ұстаздар…
Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет