Бейсенбі, 22 Сәуір 2021 14:35

Нақты нәтижелерге қол жеткізу – біздің ортақ мақсатымыз

 

Осы аптада аудан әкімідігінің үлкен мәжіліс залында санитарлық нормаларды сақтай отырып, мәслихат жанындағы тұрақты комиссиялардың біріккен отырысы мен кезекті 5-сессия отырысы өтті. Тұрақты комиссияда 6 мәселе: мәдениет және тілдерді дамыту, білім, денсаулық сақтау, статистика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары салалары бойынша 2020 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысы және 2021 жылға арналған жоспарлары қаралды. Өз кезегінде жауапты бөлім, басқарма басшылары депутаттар алдында есеп берді.

Күн тәртібінде қаралған бағыттар бойынша депутаттардың тарапынан түйткілді сұрақтар қойылды. Алғашқы болып есеп берген мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы С.Беспаеваға аудан бойынша ескірген, идеологиялық тұрғыдан мағынасы жоқ, сонымен қатар жаңадан берілетін көше атауларының мазмұнына көңіл аудару керектігі айтылды. Білім беру мекемелерінде жұмыс істейтін мұражайлардың ереже талаптарына сай болуы, аудан бойынша орнатылған ескерткіштердің тізімге алынуы, оларды күтіп ұстау және қазіргі таңдағы жағдайын бақылау бойынша, сонымен қатар сақ қорғандарын қорғауға қатысты мәселелер кеңінен талқыға түсті.

Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Б.Искаковтың баяндамасынан кейін депутаттар бөлім басшысына сауалдарын қарша боратты. Қойылған сұрақтарға барынша нақты жауап беруге тырысқан Б.Искаков алдағы уақытта ұсыныстар мен қойылған сұрақтардың негізінде жоспарларға толықтырулар енгізе отырып, тиісті сұраныстарды жолдайтынын жеткізді.

Сондай-ақ, депутаттар «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» және осы секілді мемлекеттік бағдарламалар аясында осы уақытқа дейін жасалған жолдардың сапасына көңілі толмайтынын, соның ішінде Есік қаласы мен Шелек ауылы бойынша кемшіліктердің көп екендігін жеткізіп, аталған бағытта талдау жұмысын жүргізуді талап етті.

Күн тәртібіндегі қалған мәселелер білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларында көтерілген мәселелер бойынша ұсыныстар мен сұраныстар жасалынып, қаулыға енгізілді. 

Тұрақты комиссиялардың біріккен отырысы аудандық мәслихаттың кезекті 5-сессиясының жұмысымен жалғасты. Сессия отырысына аудандық мәслихат депутаты Виталий Вальков төрағалық етті.

Бұл жолғы сессия жұмысындағы ерекшелік, Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының шеңберінде мәслихат отырысы отандық «Aitubе» платформасы арқылы онлайн режимде трансляцияланды.

Күн тәртібінде алты мәселе қаралды. Аудан әкімінің орынбасары Б.Бименов аудан аумағында ауыл шаруашылығы саласының әлеуетін іске асыру және дамыту, бағдарламалық құжаттарды орындау, жайылымдық жерлердің мәселесін шешу жөніндегі жергілікті атқарушы органның қызметі мен 2021 жылғы көктемгі дайындық жұмыстарының және суару жүйесінің мәселесі туралы баяндама жасады. 2020 жылдың қорытындысы бойынша, ауылшаруашылық өнімі 138 миллиард 769 миллион теңгені құраған. Осындай жоғары көрсеткіштерге қол жеткізу ең алдымен инвестициялар тарту, жаңа технологияларды енгізу, ірі жобаларды іске асырудың арқасында мүмкін болып отыр. Дегенмен, бүгінгі таңда ауданымызда осы салада шешімін таппай келе жатқан бірқатар проблемалар бар. Бұл бойынша депутаттардың тарапынан сессияның күн тәртібінде қаралған негізгі мәселе алдын ала аудандық мәслихат жанындағы тұрақты комиссиялардың отырысында қарастырылып, тиісті ұсыныстар мен ескертулер енгізіліп, қаулы арқылы жолданған болатын.

Бұдан бөлек күн тәртібінде облыстық тексеру комиссиясы мен аудандық қаржы бөлімінің Еңбекшіқазақ ауданының 2020 жылға арналған аудандық және Есік қаласы мен ауылдық округтердің бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есептері тыңдалды. Жасалған баяндама негізінде өткен жылдың ішінде бюджеттік заңнама нормаларына сәйкес аудандық бюджетті 5 нақтылау және 8 түзету жүргізілген. Оларды ескере отырып, түсімдер бойынша түзетілген бюджет 39879519,0 мың теңгені немесе бекітілгеннің 110,5%-ын, шығыстар бойынша 44132270,0 мың теңгені немесе бекітілгеннің 122,3%-ын құраған.

Сондай-ақ, сессия отырысында комиссия құрамын бекіту, мәслихат шешімін жойылды деп тану туралы ағымдағы мәселелер де қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.

Жиынды қорытындылаған аудандық мәслихат хатшысы Бекет Ахметов:

– Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаттың 7-шақырылым жұмысы нақты мақсат-міндеттерге нәтижелі қол жеткізуге негізделіп отыр. Біз осы шаралар арқылы бірлік пен келісімді нығайтып, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуы-на өз үлесімізді қосамыз – деп түйіндеді.

 

         С.НҰРАДИН

Оқылды 763 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…
Сәу 22, 2024

Қоғамды түзеуді өзімізден бастайық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 22, 2024

Экологиялық мәдениетті артыруымыз…

Қоғамды жаппай тазалыққа шақыру өте өзекті мәселе деп есептеймін. Біз ұстаздар…
Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет