Сейсенбі, 07 Наурыз 2023 11:25

Әйел заты әсемдікке жаралған

Халқымыздың дәстүрлі қолөнері – қайнар бұлақ, сарқылмас қазына, бай мұра. Бұл – ұлттық санадағы сұлулыққа деген іңкәрліктен пайда болған эстетикалық талғам. Зерделі зергерлер­ әсем бұйымдарды дүниеге әкеліп, сұлулықтың санадағы бейнесін жасаған. Сол арқылы ұрпақты тәрбиелеп, көркем дүние меңгеріп, одан әрі жетілдіре берген. Сондай саусағынан зер тамған нәзік жандылардың бірі – Сәтен Райыс.

Ақши аулында тұратын қолөнер шеберінің сөзінше, ол 2010 жылы О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік – қолданбалы өнер колледжінің «Металды көркемдеп өңдеу» мамандығына оқуға түскеннен бері осы өнермен айналысып келеді.

– Негізі ұлттық әшекей бұйымдар қай кезде де назардан тыс қалмаған. Иә, қазіргі таңда ұлттық нақыштағы әшекей бұйымдар сәнге айналды және сұранысқа ие. Олай дейтінім, қазір көпшілік қауым қазақы бұйымдарға бей-жай қарап өте салмайды. Өзінің қызығушылықтарын білдіріп, жасалу тарихы мен оюдың салыну мәнісін де сұрап жатады. Сапалы дүние әрдайым өз нәтижесін береді. Түсінген әрі өз ісіне адал адамда сапа әрқашанда бірінші орында болады. Бүгінде «Асыл өнер» зергерлік дүкенін ашып, қазақтың әшекей бұйымдарын барынша нәсихатуға күш салудамын, – дейді Сәтен Райыс.

Ол алтын мен күмістен әйелдер әшекейін, яғни, білезік, жүзік, сырға, қапсырма, ілгек, сәукеле әшекейі – шілтірді, түйме мен түрлі түйреуіш жасайды. Зергерлік – аса көп еңбекті, ұқыптылықты қажет ететін, күрделі жұмыс. Әшекей бұйымды әдетте таза, асыл металдардан жасамайды. Оларға қажетті механикалық қасиеттер дарытып, тиісті түс алу үшін түсті металдар қосады. Мәселен, алтынның күміс және мыспен, палладиймен, кадмиймен, никельмен, мырышпен қорытпасын; күміс пен платинаның мыспен қорытпасын, палладийдің күміспен және никельмен қорытпасын үстемелейді. Қорытпадағы асыл металдың құрамы оның сынамасын айқындайды. Зергер үшін ең басты қасиет  – суретшілік, дәлдік, икемділік, ептілік. Сол үшін зергерде осы қасиеттер міндетті түрде болуы керек. Біз сөз етіп отырған әшекей бұйымдары арулардың ажарын ашып, әйел затына әдемілік сыйлау үшін жасалады. Ал нәзік жанды шеберлер әсемдіктің ішкі мәнін нәзік сезінетіні анық.

Шеберіміз алда келе жатқан әйелдер мерекесін де назардан тыс қалдырмады. «Қазақтың әйелдері әлемде жарқын, жүзінен күлкі үйірілген биазы, иманды, салиқалы, бақытты болып аман-есен жүре берсін!» – деген ізгі тілегін жеткізді.

Е.АСЫЛ.

Оқылды 7786 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Зердің жайын зергер білер

Соңғы жаңалықтар

Сәу 29, 2024

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ШАРАДАН АУДАН…

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей бастамасымен барлық…
Сәу 29, 2024

Қалпына келтіру жұмыстарын өзім…

Тасқын су жүрген өңірлерде үй-жайынан айырылған халықтың баспанасын қалпына келтірудің…
Сәу 29, 2024

Жазушы мерейтойына арналды

«Таза Қазақстан» экологиялық тазалық акциясына Райымбек ауданының тұрғындары да…
Сәу 29, 2024

«ДАНЬ ТРАДИЦИЯМ И ВОСПИТАНИЕ…

В рамках недели "Жасыл аймақ" экологической акции "Таза Қазақстан", проводимой по всей…
Сәу 29, 2024

С Днем Единства народа Казахстана

Хочу поздравить всех с Днем Единства народа Казахстана и выразить благодарность за вашу…
Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет