Сәрсенбі, 10 Тамыз 2022 18:34

Алматы облысында «Абайдың ақын ұлдары» кітабының тұсаукесері өтті

10 тамыз – «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым!» деп жырлаған, әлемге танымал ұлы ойшыл Абай күні. Алматы облысында атаулы мерекеге орай  көптеген тағылымды шаралар кешені ұйымдастырылды. Өткенге тағзым, болашаққа бағдар ретінде Жаңалық ауылындағы Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған музейде Абайдың жазықсыз жапа шегіп, зорлық-зомбылық көріп, қуғын-сүргінге ұшыраған ұлы ақынның ұлағатты ұрпақтары жайында бүкпесіз сыр шертілген әсерлі кеш өтті.

Жан-жақтан жиналған зиялы қауым өкілдері: «Абай – ұлт болмысын танудың алтын кілті, қазақ дүние танымының заңғар шыңы» дей келе, ұлы тұлғаның сан-қырлы таланты, әлемдік деңгейдегі классиктер шығармаларының аудармаларының өскелең ұрпаққа тәрбиелік мәні туралы өрелі ой толғады.

Арнайы жоспарланған «Абайдың ақын ұлдары» атты көп жылғы еңбектің тұсауы кесіліп, оқырманға жол тартты. Кітапта дала данышпанының дара, талантты ұлдары – Ақылбай, Мағауия мен Тұрағұл, немересі Әубәкір Ақылбайұлы жайлы зерттеулер зерделеніп жинақталған. Дана Абайдың тұңғышы Ақылбай мен Мағауия өлеңсүйер қауымға кеңінен танымал бірталай көркем дастан, поэмалар жазған. Тұрағұл қара сөздің хас шебері болған. Немересі Әубәкірдің өлеңдерінде Абай үлгісі сайрап жатыр. Ол сатиралық өлеңдерімен бірге тарихи шығармаларға бет бұрып, көлемді тарихи дастандар жазған. Кеңестік кері саясаттың тас құрсауы кемеңгер ұрпақтарын айналып өтпеген.

«Бүгінгі шараның бұл музейде өтуі де тегін емес. Мен білетін Абайдың немере інісі Шәкәрімнен бастап, 14 ұрпағы қуғын көрген. Қысқасы, кеңес өкіметі Абай ұрпақтарына теріс қараған. Ал енді бүгінгі жастар Абай армандағандай білімді, білікті, жан-жақты болу керек», – деп атап өтті жазушы Болат Жүнісбеков.

Шара соңында қонақтар музейді аралап, сирек экспонаттармен, тарихи естеліктермен танысты. Алматы облысының аумағында Хәкім Абайды дәріптеу мақсатында  «Үшқоңыр» фольклорлы-этнографиялық ансамблінің «Абай әндері» концерті, «Үмбетәлі жырларындағы Абай бейнесі» жиыны, «Хантәңірі» халық театрының «Телғара» фильм-спектаклінің қойылымы, «Абай – жыршы, ұлы ақыны елімнің» поэзия кеші 17-ші тамызға дейін жалғасын таппақ.

Оқылды 4671 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 29, 2024

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ШАРАДАН АУДАН…

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей бастамасымен барлық…
Сәу 29, 2024

Қалпына келтіру жұмыстарын өзім…

Тасқын су жүрген өңірлерде үй-жайынан айырылған халықтың баспанасын қалпына келтірудің…
Сәу 29, 2024

Жазушы мерейтойына арналды

«Таза Қазақстан» экологиялық тазалық акциясына Райымбек ауданының тұрғындары да…
Сәу 29, 2024

«ДАНЬ ТРАДИЦИЯМ И ВОСПИТАНИЕ…

В рамках недели "Жасыл аймақ" экологической акции "Таза Қазақстан", проводимой по всей…
Сәу 29, 2024

С Днем Единства народа Казахстана

Хочу поздравить всех с Днем Единства народа Казахстана и выразить благодарность за вашу…
Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет