Сейсенбі, 27 Қазан 2020 11:02

ҚР Премьер-Министрі А. Мамин COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК отырысын өткізді

ҚР Премьер-Министрі А. Мамин COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК отырысын өткізді primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысы өтті.

Коронавирус инфекциясының екінші толқынына дайындықты қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы денсаулық сақтау министрі А. Цой, ішкі істер министрі Е. Тұрғымбаев, ақпарат және қоғамдық даму министрі А. Балаева, индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қ. Өскенбаев, сондай-ақ Павлодар облысының әкімі Ә. Сқақов, Қарағанды облысының әкімі Ж. Қасымбек баяндады. Үкімет басшысы шектеу шараларының сақталуын бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі мониторингтік топтардың жұмыс тиімділігінің төмендігін, азаматтардың карантин режимін және бизнес субъектілерінің санитарлық талаптарды сақтауды қамтамасыз ету, байланыста болған адамдар мен науқастарды қадағалау жөніндегі жұмыстың нашарлығын атап өтті. Премьер-Министр Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын әуе компанияларына ПТР-тестінің нәтижесі туралы анықтамасы жоқ жолаушыларды ұшаққа отырғызуға тыйым салғызуды тапсырды. Рентген аппараттарын, жылжымалы медициналық кешендерді жеткізуді жеделдету тапсырылды. Денсаулық сақтау министрлігіне өткізу пункттерінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына қатаң бақылауды қамтамасыз ету, бір апта мерзім ішінде жеке қорғаныш құралдарының бағасын төмендету жөнінде шаралар қабылдау, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, цифрлық технологияларды пайдалана отырып, байланыста болған адамдарды, ауырғандарды қадағалау, субъектілердің санитарлық талаптарды сақтауына мониторинг жүргізу бойынша бағдарламаларды енгізу жөнінде қажетті шаралар қабылдау тапсырылды. Өңірлердің әкімдеріне екі күн ішінде ұйымдастырылған ұжымдардың басшылығымен карантин режимін сақтау жөнінде арнайы кеңес өткізу, мектептер мен медицина ұйымдарында санитарлық режимді сақтау жөніндегі жұмыстың ұйымдастырылуын жеке бақылауға алу тапсырылды. Үкімет басшысы өңірлер әкімдіктеріне апта соңына дейін «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, санитарлық талаптардың сақталуы бойынша сауда-ойын сауық орталықтарының жұмысына мониторинг жүргізуді тапсырды. Бұл ретте белгіленген талаптарды бұзушыларға қатысты олардың жұмысын тоқтата тұруға дейінгі қатаң  шаралар қолданылатын болады. Отырыста жергілікті атқарушы органдар өз жұмысында ҚР Бас санитарлық дәрігерінің қаулыларын басшылыққа алатыны атап өтілді. Бұл ретте, санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты өңірлердің бас санитарлық дәрігерлері қосымша шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдай алады.  ВАК бірқатар шешім қабылдады: I. Мектептегі оқыту бойынша - екінші тоқсаннан бастап оқушылар саны 300 балаға дейін болатын қала және ауыл мектептерінің жұмысы дәстүрлі форматқа көшірілсін;  - ата-аналардың өтініші бойынша 1 сыныптан 5 сыныпқа дейін, халықаралық мектептерде 7 сыныпқа дейін кезекші сыныптарда оқуға рұқсат етілсін. Бұл жағдайда санитарлық-дезинфекциялық режимді, маска режимін, шахмат ретімен отырғызу және әлеуметтік ара қашықтықты сақтау міндетті.  II. Театрлар мен мешіттердің жұмысы бойынша А.ж. 2 қарашасынан бастап рұқсат етілсін: - 30%-ға дейін толығумен, бірақ залда 100 адамнан асырмай, театрлардың жұмыс істеуіне (әлеуметтік ара қашықтықты, маска режимін, термометрияны, қатаң санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтаумен);  - жұма намазын қоспағанда, мешіттерде ұжымдық намаз (бес намаз) өткізуге, бірақ залда 100 адамнан асырмай (2 м әлеуметтік ара қашықтықты, маска режимін, термометрияны, қатаң санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтаумен). 

Дереккөз: primeminister.kz

Оқылды 588 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…
Сәу 22, 2024

Қоғамды түзеуді өзімізден бастайық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 22, 2024

Экологиялық мәдениетті артыруымыз…

Қоғамды жаппай тазалыққа шақыру өте өзекті мәселе деп есептеймін. Біз ұстаздар…
Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет