Бейсенбі, 14 Желтоқсан 2023 11:59

Қазақтың қайсар қыздары

Алаңда үкіметке талаптарын айтып, бейбіт тұрған жұртты тарату үшін Мәскеу Қазақ-станға қосымша әскери күш аттандырып, халықты жаншу мақсатында «Құйын 1986» деген операциясын жүзеге асырды. Аязды күні алаңға жиналған демонстраттарды итке талатып, өрт сөндіретін көлікпен су шашып, сапер күрегімен, резеңке таяқпен ұрып-соғу, басқа да қудалау басталды. Алаңға шыққандарды «бұза-қы», «маскүнем», «экстре-мист»,  «нашақор» деп айыптап, «ұтшыл» деп атады.

Бас-көз демей, соққының астына алған арнайы топтың сарбаздарынан қорғанып, жиналған халықта қарсы әрекетке көшті. Қыздар тастарды жинап, жігіттерге көмектесе бастады. Көтерілістің нағыз қызған шағында қазақ қыздары алдыңғы шепте болып, қайсарлық танытты. Олардың намысшыл ерлігі жігерлендірген жігіттер де алға ұмтылып, қыздарды қорғаштап, жығылғандарды шамалары келгенше шетке алып шығуға жанталасты.  Осындай қазақтың қайсар қыздарының ішінде Әлия Бүрлібаева, Бүбіжан Қоңқабаева да бар еді.

Кеңес Одағының Батыры Әлия апасының атына кір келтірмей, ел тәуелсіздігі үшін  «жаным арым садағасы» деп  күш көрсеткендерге қайыспай қарсы тұра білді.Қудалаудан бас сауғалап, өздерінің жатақханасына студент құрбыларымен жаяулатып, Қаскелеңге келе жатқанда, алдарынан құқық қорғау қызметкерлері шығып, уақытша қамауға алып кетті. Үсті-басы су, суыққа әбден тоңған. Оның үстіне күні бойы алаңда арпалысып жүріп, таңертеңнен нәр татпаған. Әлсіреп тұрғанда, енді таң атқанша тергеуге алып, әбден мазаларын алды. Училищеге хабарланып, онда тағы жиынға салып, комсомол қатарынан шығарып, шәкірт-ақысынан айырды. Қатаң сөгіс алды.

Бүгінгі күнде 58 жастан асқан Әлия Жұмабайқызы Асысаға ауылында дүниеге келіп, Т.Қабылов атындағы орта мектепті бітірген соң Қаскелең педагогикалық училищесін ойдағыдай тәмамдады. Қазір Асы ауылдық округіне қарасты Қайрат елді мекенінде отбасымен бақытты өмір сүруде. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік алғаннан кейін  Желтоқсан көтерілісіне қатысқан адамдарды қылмыстық, әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылғандарды Президент жарлығымен  ақтағандар қатарында Әлия да бар еді.

Әлия Жұмабайқызы 2021 жылы 1-шілдеде «Желтоқсан ақиқаты» республикалық қоғамдық бірлестігіне мүшелікке алынып, сол жылы ұйымның «Желтоқсанның 35 жылдығы» естелік медалімен марапатталды. Ал, Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 2-желтоқсандағы Жарлығы бойынша Әлия «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалінің иегері атанды. Желтоқсаншы Әлияның ерлігі мен өнегесі халықаралық ғылыми-ақпарат-тық, танымдық-тәрбиелік «Өр-леу-Өркендеу» журналында жарияланып, ұрпаққа үлгі өмір жолы кеңінен насихатталды.

Әлия Жұмабайқызының үйіне мектеп оқушылары барып, мәнді де мағы-налы әңгімесін тыңдап, Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап тұрады. Қазақтың қайсар қыздарының ізін жалғаған Әлия Жұмабайқызы «Лайым, елімізде тыныштық пен тұрақтылық мәңгі орнап, келешек ұрпақ бақытты өмір сүрсін» деп  ақ тілегін айтты.

Бүбіжан Оразқызы Желтоқсан оқиғасы кезінде Алматы қаласында энергетикалық институтының 5-курс студенті болатын. Соңғы педагогтік іс-практикасын Алматы құрылыс техникумында өткізіп жатқан кез. 16 желтоқсан күні бір топтағы құрбылары Жанар Шайзанова, Айгүл Байділдаева, Сәуле Әшімова, Ұмсынай Сақтағановалармен саналы түрде алаңдағы бейбіт шеруге қосылады. Жиналған жұрт Мәскеудің шешіміне қарсылықтарын бейбіт шеру арқылы білдіргелі келген-ді.

– «Менің Қазақстаным» әнін шырқап, үкіметке ашық  хат жазып, тапсырды  жастар. Ешқандай тәртіп бұзбай, талаптарын жеткізіп, жауап күтті. Кешке қарай иттермен қуып, өрт сөндіретін машиналармен су шашып, жұртты күшпен таратуға кірісті. Бұлар бұзақылар, маскүнемдер деп айыптады. Келесі күні таңертең жатақхананың шығар есігінде кезекші мұғалімдер тұрған соң, бір-екі адамнан бөлініп, ғимараттың басқа жағынан шығып, алаңға жаяу тарттық. Арнайы жасақтар жан-жақтан қоршап алып, дубинкамен ұрып-соғып, соққыдан құлағандарды сүйреп апарып көліктерге тией бастады. Күн суық. Аязды күні үстіміз су болып, әбден тоңып, жан сауғалап қаша бастадық. Құрбым екеуміз бірімізді-біріміз сүйреп, әрең қашып құтылдық – деп еске алады Бүбіжан Қоңқабаева.

Б.Қоңқабаева 1962 жылдың 19 қаңтарында Қаратұрық ауылдық округіне қарасты Достық ауылында дүниеге келген. Осы ауылда орта мектепті бітіріп, сол кездегі Қаратұрық мектеп-интернатында үш жылдай тәрбиеші болып жұмыс істеді. Алматы энергетикалық институтына оқуға түсіп, оны ойдағыдай бітірген соң, 1987 жылы Шелектегі  №7 ауылдық кәсіптік-техникалық училищесінде оқытушы болып жұмысқа орналасты. 1997 жылы бұрынғы өзі істеген  мектеп-интернатта, 1998 жылдан осы күнге дейін Қызылшарық ауылындағы М.Әуезов атындағы орта мектепте физика пәнінен мұғалім болып істеп келеді. 44 жыл ұстаздық еткен Бүбіжан Оразқызының еңбегі еленіп, Қазақстан Республикасы «Өрлеу» білім-ғылым технологиялық порталының директоры Ж.Көшкінбаевтың қолынан «Ұлағатты ұстаз» төсбелгісін алып, Құрмет грамотасымен марапатталды. Сондай-ақ «Қазақстан Патриоты» мерейтойлық белгісімен, «Әз Желтоқсан»  «Желтоқ-сан көтерілісі ардагерлерінің ұйымы» қоғамдық бірлестігінің  Алғыс хатымен, аудандық білім бөлімінің алғыс хаттары мен мақтау қағаздарымен марапатталған. Жолдасы екеуі бір ұл, бір қыз тәрбиелеп өсірген бақытты ана.

Желтоқсан көтерілісіне қатысқан ер адам өз естелігінде, қыздардың қарулы жасақтармен айқасында қайсарлықта-рымен көзге түскенін сөз етеді. Олар алғашында соққының астына алған жасақтардың әрекетінен жігіттерге өз-дерін қорғайтын таяқ, тас сияқты заттарды жеткізіп тұрғанын, кейін күш көрсетушілерден тайсалмай, алдыңғы шептен көрінгені, жігіттерді рухтандырып жібергенін жазады әлеуметтік желіде. Ия, сөйтіп, қазақ қыздары тарихтағы түрлі ұрыстар және Ұлы Отан соғысында да апалары сияқты қайсарлықтарымен көзге түсті. Бұл ерлік оқиға ел есінде мәңгі сақталады.

 

Анарбек БЕРДІБАЕВ.

Оқылды 470 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 29, 2024

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ШАРАДАН АУДАН…

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей бастамасымен барлық…
Сәу 29, 2024

Қалпына келтіру жұмыстарын өзім…

Тасқын су жүрген өңірлерде үй-жайынан айырылған халықтың баспанасын қалпына келтірудің…
Сәу 29, 2024

Жазушы мерейтойына арналды

«Таза Қазақстан» экологиялық тазалық акциясына Райымбек ауданының тұрғындары да…
Сәу 29, 2024

«ДАНЬ ТРАДИЦИЯМ И ВОСПИТАНИЕ…

В рамках недели "Жасыл аймақ" экологической акции "Таза Қазақстан", проводимой по всей…
Сәу 29, 2024

С Днем Единства народа Казахстана

Хочу поздравить всех с Днем Единства народа Казахстана и выразить благодарность за вашу…
Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет