Бейсенбі, 09 Қараша 2023 16:26

Шахматтан ауданаралық жарыс өтті

Жақында ауданымыздағы мектеп оқушылары арасында шахматтан жарыс өтті. Жарыс Есік қаласының техникалық шығармашылық және кәсіби бағдар беру орталығының ұйымдастыруымен «Каникулдық мектеп» жобасы аясында өткізілді. Шараның негізгі мақсаты – шахматты насихаттау және дамыту,  жасөспірімдердің шахматқа деген қызығушылығын оятып, ойынға деген шеберлігін шыңдау, бос уақыттарын тиімді өткізуге дұрыс бағыт беру және саламатты өмір салтын насихаттау.

Бастаманы көтеріп отырған Есік техникалық шығармашылық және кәсіби бағдар беру орталығында шахмат үйірмесі биылғы жылдан басталып, 25 оқушыны үйрете бастаған. Жарысқа 25 баладан өзге аудандағы мектеп оқушылары қатысты. Турнирге қатысқандар арасында 5-12 жас аралығында бір топ, 13-15 жас аралығында бір топ жасақталды. Сонымен қатар мұғалімдер мен ата-аналар арасында да бір топ жасақталып, өзара бақ сынасты.

Жарыстың нәтижесінде 5-12 жас аралығындағы оқушылар арасында Тоқатаев мектебінің оқушылары топ жарып, І орынды 7 жастағы Даниял Ерболұлы иеленді, ІІ орын Даниялдың алғашқы ұзтазы әрі бауыры Арсен Ерболұлына, ІІІ орын Дияс Нұрболұлына бұйырды. Қыздар арасындағы мәреде Әйгерім Ізбасарова І орынды, Камиля Шәкенова ІІ орынды, Айым Тоққожа ІІІ орынды қанжығалады.

13-15 жас аралығындағы турнирде Димаш Әжібай І орынның тұғырынан көрінсе, Алихан Рахман ІІ орынға, Али-нұр Мұратбеков  ІІІ орынға жайғасты.

Балалардың күзгі демалысы қызықты басталып жатыр. Есік қаласынан өзге Бәйтерек, Ават, Аймен мектептерінен келген оқушылардың шахматқа деген қызығушылығын ескерген ТШО басшылығы алдағы уақытта осындай турнирлерді тұрақты түрде өткізуді жоспарлап отыр

– Бұл біздің бір ғана жарысымыз, осындай жарыстарды бірнеше күнге қойып отырмыз. Ертең мәселен шешендік өнер мен туризмтанушылар, сондай ақ жас журналистер үйірмесінің оқушылары арасында қызықты кештер ұйым-дастырылмақшы» – дейді  Есік қаласы ТШО директоры Шынар Айтбаева.

Оқушылармен қатар келген ата-аналар қарасы да көп болды. Сондай ата-ананың бірі бізге шахмат спортының балаға қандай әсері болатындығын бөліскен еді.

– Есік қаласында тұрамыз. Жарысқа екі баламды әкелдім. Үлкені жетіде, кішісі бесте. Ер балалар болған соң басында арт спортпен таеквондаға бердім, кейін осы үйірменің қасында шахматқа да қатыстырып көрейін деп едім, шешімім өте дұрыс болыпты. Себебі, кішкентайым өте тынымсыз еді, қолды-аяққа тұрмайтын. Осы шахматқа барғалы сабырлылықты үйреніп жатыр. Шахмат спорты сабырлылықпен қатар, алдын ала жоспарлап барып жүруді де үйретеді екен. Жасы кіші болса да бір сабақты қалдыр-майды – дейді Гүлнәр есімді ата-ана.

Жарыс соңында жүлделі орын иеленгендер марапатталды.  Жарысқа қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары табыс етілді. 

 Аида

КОЖМАМБЕТОВА.

Оқылды 912 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 29, 2024

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ШАРАДАН АУДАН…

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей бастамасымен барлық…
Сәу 29, 2024

Қалпына келтіру жұмыстарын өзім…

Тасқын су жүрген өңірлерде үй-жайынан айырылған халықтың баспанасын қалпына келтірудің…
Сәу 29, 2024

Жазушы мерейтойына арналды

«Таза Қазақстан» экологиялық тазалық акциясына Райымбек ауданының тұрғындары да…
Сәу 29, 2024

«ДАНЬ ТРАДИЦИЯМ И ВОСПИТАНИЕ…

В рамках недели "Жасыл аймақ" экологической акции "Таза Қазақстан", проводимой по всей…
Сәу 29, 2024

С Днем Единства народа Казахстана

Хочу поздравить всех с Днем Единства народа Казахстана и выразить благодарность за вашу…
Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет