Сәрсенбі, 31 Мамыр 2023 14:08

Жаңалық ауылында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу митингі өтті

Алматы облысы, Талғар ауданы, Жаңалық ауылында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу митингі өтіп, осыған орай арнайы кітаптардың тұсауы кесілді.
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған шараға сол тұстағы солақай саясаттың құрбанына айналған тұлғалардың ұрпақтары қатысты.
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, Саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйінің жетекшісі, «Тіл – құрал» оқу-әдістемелік, ғылыми зерттеу орталығының директоры Райхан Имахамбет, қазақтың көрнекті саяси және қоғам қайраткері, Алаш қозғалысының негізін салушылардың бірі Мұхаметжан Тынышбайұлының немересі - Тынышпаева Нұршекен, қоғам және мемлекет қайраткері Ыдырыс Көшкіновтің шөбересі - Ыдырыс Дархан, шет елден келген тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Байдилдеев Жумагул, Қырғыз Республикасының «Ата – бейит» ұлттық тарихи мемориалдық комплекс директоры Боромбаев Рыскул, тарихшылар әрі мемлекеттік комиссия мүшелері Әбжанов Хангелді мен Қойгелдиев Мәмбет және өңірлік саяси құғын-сүргін комиссиясының мүшелері қатысты.
Шараға қатысушылар ескерткішке гүл шоқтарын қойып, марқұмдарға құран бағыштады.
Аталған шарада облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев еске алу шарасының маңызды әрі келешек ұрпақ үшін құндылығы жоғары екенін атап өтті. «Қасіретті жылдардың құрбандарын ақтау жұмысы жалғасуда. Бұл ретте облысымызда арнайы комиссия жұмыс істеуде. Комиссия мүшелері азаматтарды ақтау үшін архив құжаттарымен жұмыс істеп, «Қастек көтерілісі. 1928 жыл», «Империялық-полицейлік қадағалаудың тарихы», «Алатау өңірі: Алаш қайраткерлері», «1928: Мүлікті тәркілеу тарихынан – Балқаш ауданы» сияқты құжаттар жинақтарын шығарды. Тарихтағы осындай қиын кезең бірлігімізді берік, бүгінгі тірлігімізді тату ететін фактор екені сөзсіз», - деп облыстық комиссияның жұмысын тілге тиек етті.


Сонымен қатар, шара барысында 2018 жылы жұмысын бастаған музей ұжымы түрлі тарихи экспонаттарды қонақтар назарына ұсынды. Сондай-ақ, «1928: Мүлікті тәркілеу тарихынан – Балқаш ауданы» және «Алатау өңірі: Алаш қайраткерлері» атты кітаптарының презентациясы өтті.
Репрессия құрабандарын ақтау бойынша арнайы құрылған мемлекеттік комиссияның мүшесі, профессор М.Қойгелдиев: «Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының Жарлығымен бүгінгі күні құрбандарды ақтау бойынша үлкен жұмыс жасалынып жатыр. Атап айтсақ, қазір 12 томдық құжаттар жинағы дайын болды. Бұл өте ауқымды жұмыс. Қазақтың ХХ ғасырдағы қасіретін тарих бетінде айқын қалдырамыз», - деп қазіргі таңдағы атқарылып жатқан істер жайлы мәлімдеді.
Алматы облысының аумағында 250 мың адам саяси репрессияның құрбаны болып, 15 мың адам атуға кесілген. Жазықсыз жазаланған адамдардың көпшілігі Жаңалық ауылында, Қандысайда жерленген.

Оқылды 2856 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 29, 2024

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ШАРАДАН АУДАН…

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей бастамасымен барлық…
Сәу 29, 2024

Қалпына келтіру жұмыстарын өзім…

Тасқын су жүрген өңірлерде үй-жайынан айырылған халықтың баспанасын қалпына келтірудің…
Сәу 29, 2024

Жазушы мерейтойына арналды

«Таза Қазақстан» экологиялық тазалық акциясына Райымбек ауданының тұрғындары да…
Сәу 29, 2024

«ДАНЬ ТРАДИЦИЯМ И ВОСПИТАНИЕ…

В рамках недели "Жасыл аймақ" экологической акции "Таза Қазақстан", проводимой по всей…
Сәу 29, 2024

С Днем Единства народа Казахстана

Хочу поздравить всех с Днем Единства народа Казахстана и выразить благодарность за вашу…
Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет