Сейсенбі, 01 Наурыз 2022 11:36

Қамқорлықты ұмытуға болмайды

Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған  бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні. Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстанға қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына деген терең тағзымның белгісі.

Сол қиын-қыстау кездерді көрген көнекөздер өмірден өткенімен жас ұрпақ өзге этностарға құшағын жайып, қонақжайлық танытқан алаш елінің қамқорлығын әлі де ұмытпаған. Индира Османова Қарасай ауылындағы Абай атындағы орта мек-тептің  9 сыныбында қазақ тілінде білім алады.

– Менің ұлтым күрд болғанымен, жаным – қазақ. Біз отбасымызбен қазақ тілінде сөйлейміз. Қазақтың салт-дәстүрін құрметтейміз, қазақ дәстүрлерін ұстанамыз. Отбасымызбен әр мерекені қазақша тойлаймыз. Менің бар байлығым – қазақ тілі деп айта аламын. Өйткені күрд халқы қиын-қыстау кезеңдерде өздерінің қолтықтарынан сүйеп, барын алдына тосып, қолдау көрсеткен қазақ халқына қарыздар. Сондай мейірімділіктің арқасында осы күнге жетіп отырмыз. Сондықтан қазақ халқының бізге жасаған жақсылығының қайтарымы ретінде оның жерін, тілін қорғап өтемін, – дейді ол.

Индира қазақ сыныбында оқып, қазақтың тілін меңгергендіктен қазақтың ақын-жазушыларының шығармаларын оқып, халқымыздың болмысын, салт-дәстүрін туыстары мен достарына насихаттайды. Мектеп қабырғасындағы жас шәкірт қазақты болмысынан адал, арамдықтан ада, жаны да, қаны да таза, ешкімді бөліп-жармайтын, алысты жақындататын, аразды татуластыратын, баршаның баласын жат деп жатырқамай, бауырына басатын керемет данышпан халық деп түсінеді.

– «Алғыс» деген сөздің мәні ерекше. Қуғын-сүргіннің құрбаны болған халықтарға жартысын жарып берген, бүтінін  бөліп берген, бауырына басқан қазақ халқына алғысым шексіз. Сол заманда бізге пана да, ана да болған қазақ халқы-ның арқасында біз уайым-қайғысыз бақытты өмір сүріп жатырмыз, қашан да қамқорлықты ұмытуға болмайды – дейді Индира Османова.

Е.АСЫЛ.

Оқылды 867 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 29, 2024

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ШАРАДАН АУДАН…

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей бастамасымен барлық…
Сәу 29, 2024

Қалпына келтіру жұмыстарын өзім…

Тасқын су жүрген өңірлерде үй-жайынан айырылған халықтың баспанасын қалпына келтірудің…
Сәу 29, 2024

Жазушы мерейтойына арналды

«Таза Қазақстан» экологиялық тазалық акциясына Райымбек ауданының тұрғындары да…
Сәу 29, 2024

«ДАНЬ ТРАДИЦИЯМ И ВОСПИТАНИЕ…

В рамках недели "Жасыл аймақ" экологической акции "Таза Қазақстан", проводимой по всей…
Сәу 29, 2024

С Днем Единства народа Казахстана

Хочу поздравить всех с Днем Единства народа Казахстана и выразить благодарность за вашу…
Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет