Жұма, 26 Ақпан 2021 11:18

Мемлекеттік қызметтің 87 % электронды түрде көрсетіледі

Мемлекеттік қызмет ұлттың айнасы. Қоғамның бет-бедерін түзер алаңда дәл осы ортамен тікелей байланысты. Кемел келешектің ірге тасын қалаудағы орны ерекше органның жұмысы оңтайланған. Бұл туралы ашық диалогтық кездесуде айқындалды.

Алматы облысының аумағында 780 мемлекеттік орган қызмет атқаруда. Облыстың мемлекеттік қызметшілерінің штаттық саны 7760 бірлікті құрайды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша облыс көлемінде ішкі конкурстардың қорытындысы бойынша жалпы 323 мемлекеттік қызметші тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Ләззат Бейсеқұлованың айтуынша, ауылдағы мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыру, білікті кадрларды тарту мақсатында ауылдық елді мекендерде тұрып жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілерге «Дипломмен ауылға» жобасы аясында 100 АЕК мөлшерінде көтерме жәрдемақы төлеу және 1500 АЕК мөлшерінде тұрғын үйге бюджеттік кредит беру түрінде қолдау көрсетіледі.

"Департамент тұрақты негізде әлеуметтік желілерге, ақпараттық және жаңалықтар порталдарына Облыстың мемлекеттік қызметшілеріне қатысты жағымсыз жарияланымдарға мониторинг жүргізеді, сол арқылы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қоғаммен кері байланыс орнатады. Мониторинг қорытындысы бойынша, облыстың мемлекеттік органдарының қызметкерлеріне қатысты 2020 жылы теріс сипаттағы 37 материал анықталды, оның 16-сы расталды, қорытындысы бойынша барлығы тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - деді Ләззат Бейсеқұлова.

Сонымен қатар, басшы қазір мемлекеттік қызметшілерге рұқсат етілген сыйлықтың шегі заңмен алынып тасталғанын атап өтті. Мемлекеттік қызметшіге және оның отбасы мүшелеріне келіп түскен барлық сыйлықтар, тіпті олар білмей келіп түскен сыйлықтарды қоса алғанда, күнтізбелік жеті күн ішінде мемлекетке берілуге тиіс.

«Өздеріңіз білесіздер, мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік функцияларды орындауға байланысты сыйлықтар алуға заңнамада тыйым салынған. Сонымен қатар, Азаматтық кодексте құны 10 АЕК-тен асатын сыйлықтар беруге рұқсат етілмеген»,-дейді департамент басшысы.

Бүгінде Президент тапсырмасын іске асыру аясында мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа көшіру бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, Алматы облысында қызмет көрсетушілермен 386 Мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі, оның ішінде электрондық қызметтердің үлесі шамамен 87% - ды құрайды.

Аталған департамент, бұдан өзге "Egov жаршысы", "Сервистік әкімдік" әкімдік сынды ірі жобаларды жүзеге асырған. Айт кетейік, аталған бастама республика бойынша алғаш рет қолға алынған болатын. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтің әлеуетін арттыру үшін 2018 жылы Жетісу университетімен екі жақты меморандумға қол қойылған еді. Нәтижесінде «Жетісу» мемлекеттік қызмет мектебі жұмыс жасап келеді.

Орын алып жатқан оң өзгерістерге қарамастан, кызметтерге сұраныстың жыл сайын артуымен оларды көрсету сапасына тиісті бақылауды қамтамасыз етудің өзектілігі сақталуда.

Өкінішке орай, 2020 жылы Департаментпен мемлекеттік қызмет көрсету саласында 48 тексеру іс-шарасы жүргізіліп, 55 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Оқылды 748 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…
Сәу 22, 2024

Қоғамды түзеуді өзімізден бастайық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 22, 2024

Экологиялық мәдениетті артыруымыз…

Қоғамды жаппай тазалыққа шақыру өте өзекті мәселе деп есептеймін. Біз ұстаздар…
Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет