Сәрсенбі, 30 Желтоқсан 2020 11:41

Түйінді сөз, бағдарлы жоспар талданды

2020 жылғы 25 желтоқсанында VI шақырылған Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының кезекті LXXI сессиясының отырысы өткен болатын. Сессия отырысы жартылай онлайн режимде өкізіліп, оған аудандық мәслихат депутаттары және бөлім басшылары мен қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.

Сессияның күн тәртібінде тұрақты комиссиялардың біріккен отырысында талқыланып, сессия отырысында қарауға ұсынылған Еңбекшіқазақ ауданының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті, VI шақырылған Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының 2021 жылға арналған жұмыс жоспары, Ұлттық жол активтері сапасы орталығының Алматы облысы бойынша филиалының 2020 жылы атқарған жұмысы сияқты бірқатар маңызды мәселелер қаралды.

Бұл орайда экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің  тарапынан ұсынылған 2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет жобасы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексіне сәйкес, Президенттің Қазақстан халқына Жолдауларына қойылған міндеттердің, Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесінің және кірістердің түсуін болжау  негізінде қалыптастырылды.

Сондай-ақ, бюджетті қалыптастыру кезінде Мемлекеттік үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы, аудан аумағын дамыту бағдарламасы есепке алынды.

2021-2023 жылдарға арналған бюджет жобасын есептеу кезінде төмендегілер ескерілді:

  1. Жаңадан іске қосылған объектілерді ашылған жұмыс орындарын есепке алып, салық төлемдерінің жоспарлануы;
  2. Салық заңнамасында мөлшермелердің өзгеруі, өткен қаржы жылындағы түсімдер серпіні;
  3. Бір жолғы сипаттағы түсімдер;
  4. Бюджет кодексінің 52-бабының негізінде реттелетін кірістерді бөлу нормативтері;
  5. Салалар бойынша әлеуметтік-экономикалық дамудың аудандық бағдарламаларының бағыттары мен мақсаттары қаражатпен қамтамасыз етілуі.

2021 жылға арналған ауданның бюджет түсімдері мен шығыс бөлігі 25 млрд 993 млн 793 мың теңге мөлшерінде жоспарлануда.

Сонымен қатар, Еңбекшіқазақ ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Б.Искаков пен «Ұлттық жол активтері сапасы орталығының» Алматы облысы бойынша филиалының өкілдері «Сапалы жол» бағдарламасы аясында жол инфрақұрылымы саласы бойынша ағымдағы жылы Еңбекшіқазақ ауданында жүргізілген жол құрылысы жөндеу жұмыстарының сапасын тексеру бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижесін атап өтті.

Жиында «тың жол инфрақұрылымы саласындағы «Жұмыспен қамтудың Жол картасы-2020», «Ауыл - ел бесігі», «Өңірлерді дамыту» бағдарламалары аясында жол қауіпсіздігін сақтау мақсатындағы атқарылып жатқан іс-шаралар мен оның сапасына байланысты депутаттар тарапынан аса маңызды сауалдар қойылып, тиісті жауаптары алынды.

Бұл өз кезегінде жолдардың сапалы салынуына талдау жасап, анықталған кемшіліктерді жоюға өз септігін тигізіп отыр. Отырыс соңында Бекет Төлегенұлы жол активтері ұлттық сапа орталығы филиалының мамандарының жұмысына оң бағасын беріп, ел игілігі үшін еңбек ететін ұжым қызметкерлеріне сенім артатынын  және әрқашанда бірлесе қызмет атқаруға дайын екендігін жеткізді.

Сессия соңында қорытынды сөз алған Ахметов Бекет Төлегенұлы мәслихат тарапынан атқарылып жатқан іс-шаралар мен алдағы жоспарлары туралы кеңінен әңгімеледі.

Сөзінің соңында, әрбір жауапты лауазымда отырған азамат өз жұмысын жетілдіруі тиістігін, артылған жауапкершіліктің жүгі ауыр екендігін ескерте отырып, осы ортақ міндеттерді жүзеге асыруда билік пен халық қалаулыларын тығыз қарым-қатынаста болуға шақырды.

Күн тәртібіне қойылған мәселелер толығымен қаралып, аудандық мәслихат депутаттары тарапынан бірауыздан мақұлданды.

 

А.Беков

Оқылды 924 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…
Сәу 22, 2024

Қоғамды түзеуді өзімізден бастайық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 22, 2024

Экологиялық мәдениетті артыруымыз…

Қоғамды жаппай тазалыққа шақыру өте өзекті мәселе деп есептеймін. Біз ұстаздар…
Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет