Дүйсенбі, 09 Қараша 2020 09:49

ШАРАП САПАСЫ — еңбек пен уақыт еншісінде

ШАРАП САПАСЫ — еңбек пен уақыт еншісінде mezet.kz

Тәуелсіздікке қол жеткізіп, дамуға бет бұрған тұста елімізде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту аса маңызды болды. Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаевтың тапсырмасымен бизнес субъектілеріне мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, жеңілдіктер жасалды. Нәтижесінде, шатқаяқтап тұрған саланың тамырына қан жүгіріп, бүгінде әлемдік нарықта өз орнын алған өндіріс орындары жетерлік. Солардың бірі тарихы бірнеше ғасырға созылған әлемдегі көне сусын – шарап өндіретін «Arba Wine» шарап зауыты. 1999 жылдан бері жемісті жұмыс жүргізіп отырған зауыт Қаракемер ауылында орналасқан. Осы аптада өндіріс орнына арнайы барып, жұмыс барысымен танысқан болатынбыз.

Мыңдаған жылдық тарихы бар шарап өндіру саласы біздің уақытқа дейін үзілмей жалғасып келеді. Ерекше біліктілік пен ұзақ жылдарды талап ететін шарап өндіру процесі жаңа технологиялардың көмегімен заманға сай жетілдіріліп келеді. Оны «Arba Wine» шарап зауытына жасаған сапарымыз барысында байқадық. Зауыттың өндіріс жөніндегі директоры Ләззат Лимтонова шарап өндіру жұмысын бастан-аяқ көрсетті.

Өзіміз білетіндей, шарап жүзімнен жасалады. Сондықтан, зауыттағы шарап өндіру процесі де жүзім алқабынан басталады. Негізінен, жүзімдікті күтіп-баптаумен «Төре жайлау» ЖШС айналысады. 200 гектарға жуық алқапқа жүзімдер отырғызылған.Жүзімдер пісе бастағаннан оның құрамы күнделікті сараптамадан өтіп, зертхана қызметкерлерінің үнемі бақылауында болады. Болашақ шараптың сапасы сабақта өсіп тұрған жүзімге байланысты болғандықтан, бұл кезең аса маңызды болып есептеледі. Ләззат Мұқанқызының айтуынша, жүзім пісіп-жетілгенде бір күн кешіктірілмей, арнайы пластмасса жәшіктерге жиналып, сұрыпталып, зауытқа жеткізіледі. Бұл жерде вибрациялық столдың көмегімен тағы бір рет сұрыпталып, шіріген жүзімдер мен сабағы, жапырағынан ажыратылады. Ақ шараптың жүзімдері құрылғының көмегімен бірден сығылып, шырыны арнайы ыдысқа құйылады. 1 тәулік суық температурада тұнып, 2 аптадай ашытылады. Ал қызыл шараптың жүзімдері сабағынан ажыратылып, тазартылған жүзім арнайы ыдыста тұрып ашытылады. Мұның арасында оған түрлі сараптамалар жүргізіліп, құрамы, дәмі, түрі, түсі бақыланады.

Осы тұста шараптар резерв және классика болып екіге бөлінеді. Классика – ұзақ сақталмай сатылымға шығатын шараптар. Ұзақ уақыт сақталатын резервтер үлкен бөшкелерге құйылады. Оны сақтау процесінің өзі үлкен жұмыс. Дегустация арқылы сақтауға жіберілген шараптар еменнен жасалған сыйымдылығы 225, 500, 600 литр болатын бөшкелерге құйылып, арнайы цехта сақталады. Бұл цехта шараптар тек емен бөшкелерде сақталады. Бөшкелер арнайы тапсырыспен Францияда жасалынады. Емен ағашының құрылымы қиыршықты және тығыз, онда ұзын ағаш талшықтары болмайды. Сондықтан оның қиыршықты құрылымы ағаштың тығыздығын сақтайды, сұйықтық ағаштан өтіп кететіндей кеуектілігі болмайды. Ең бастысы, емен ағашы шарап толы бөшкелердің өмірлік процесіне баяу нәр береді, шарапты ауамен және азотпен байытады, ферменттеу процесін жалғастырады. Шарап еменнің хош иісін және оның құрылымдық заттарын бойына сіңіреді. Осылайша сусын жылдар бойы бабымен сақталады. Оның күтімімен бірнеше адам айналысып, бөшкелердің толы болуын  күнделікті қадағалап отырады.

Ал сатылымға шығатын шараптар бірнеше күрделі процестерден өтіп, заманауи шетелдік құрылғылар орнатылған құю цехында  бөтелкеге құйылады. Ол бөтелкелердің өзі кемінде бір жыл сақталып, жүргізілген сараптамалардан кейін, тауар белгісі жабыстырылып, қорапқа салынып, «Arba Wine»арнайы шарап дүкендеріне жөнелтіледі. Яғни, алқаптағы жүзімнің шарапқа айналып, дүкен сөрелеріне жетуі үшін кемінде бір жарым жыл уақыт өтеді. Ләззат Мұқанқызының сөзіне сүйенсек, осы уақыт аралығында бірнеше рет сараптамадан өтеді.

Бүгінгі таңда «Arba Wine» шараптары елімізде ғана емес, алыс-жақын шет елдерде жоғары сұранысқа ие. Шетелдік тұтынушылар арнайы келіп, дегустация жасап, тапсырыс береді. Себебі, сапалы тауар тұтынушылардың назарын бірден аударады. Ал зауыт басшылығы шарап сапасына ерекше мән береді.

– Жалпы зауыттың қуаттылығы – жылына 680 тонна. Алайда, біз шараптың санына емес сапасына мән бергендіктен орташа есеппен 300 тонна жүзім өңдейміз. Жұмысымыз алқаптағы өнімнің көлеміне байланысты болғандықтан, кей жылдары 200-220 тонна жүзім өңделеді. Бірақ, сапа – біз үшін бірінші орында, – дейді Ләззат Лимтонова.

Сардарбек НҰРАДИН

Оқылды 837 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…
Сәу 22, 2024

Қоғамды түзеуді өзімізден бастайық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 22, 2024

Экологиялық мәдениетті артыруымыз…

Қоғамды жаппай тазалыққа шақыру өте өзекті мәселе деп есептеймін. Біз ұстаздар…
Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет