Дүйсенбі, 09 Қараша 2020 09:34

Бағдарлама сенімге серпін сыйлады

Бағдарлама сенімге серпін сыйлады mezet.kz

Коронавирус індеті әлем экономикасы үшін ауыр соққы болды. Барлық мемлекеттерде антикризистік шаралар қабылданып, экономиканы қалпына келтіру жолдары қарастырылуда. Осы бағытта елімізде халықты жұмыспен қамту арқылы өңірлерді дамыту көзделген. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмасымен «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында қомақты қаржы бөлініп, жұмыстар атқарылуда. Ауданымызда да аталған бағдарлама шеңберінде 109 жоба жүзеге асуда. Жақында ауданымызда пресс-тур ұйымдастырылып, облыстық, аудандық БАҚ қызметкерлері бағдарлама аясында жасалып жатқан нысандарды аралады.

Төртінші билік өкілдерінің сапары аудан орталығындағы ақын Т.Молдағалиев атындағы мәдениет үйінен басталды. 1982 жылы пайдалануға берілген ғимарат осы күнге дейін күрделі жөндеу көрмеген. Биыл бюджеттен 572 млн теңге бөлініп, мамыр айында мердігер «ПСК Градцентр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мәдениет ошағын қайта жаңғырту жұмыстарын бастаған болатын. Қазіргі уақытта құрылыстың 80 пайызы орындалған. Ең бастысы, жылу жүйесі заман талабына сай жасалуда.

– Қысқы уақытта ғимаратты, әсіресе, үлкен залды жылыту қиындық тудыратын. Құрылыс барысында осы олқылыққа көңіл бөліп, төбесін, қабырғаларын жылу ұстайтын құрылыс материалдарымен қаптадық. Залға заман талабына сай жылу жүйесін орнаттық, – дейді құрылыс бөлімінің басшысы Әділжан Смағұлов.

Сонымен қатар құрылыста негізінен отандық өнімдер пайдалануда. Минералды сылақ болған ғимарат сырты бүгінде сапалы термоплиткалармен жабылуда. Залға елімізде жасалған аккустикалық материалдар қолданылуда.

Келісім-шарт бойынша жөндеу жұмыстары желтоқсан айының соңына белгіленген. Алайда, мердігер мекеме құрылысты уақытынан бұрын аяқтап, желтоқсанның басында пайдалануға беруді жоспарлап отыр. 

Тозығы жеткен Әймен ауылындағы орта мектеп те жаңа кейіпке енген. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 437 млн теңге қаржы бөлініп, ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Мердігер «Энерго Холдинг LTD» ЖШС ғимаратты жөндеу жұмыстарын аяқтаған, абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда 420 орындық мектепте 650 бала білім алады.

– Өздеріңіз көріп тұрғандай, оқу ордасы ғимаратының құрылысы толықтай дерлік аяқталған. Жақын арада осы қуанышты асыға күткен әймендік оқушыларға есігін айқара ашады. Ауданымызда балаларымыздың алаңсыз заман талабына сай сапалы білім алуы үшін барлық жағдай жасаймыз, – деген аудан әкімі Қуанышбек Қашқымбаев журналистермен бірге нысанды аралап, құрылыс жұмыстарына оң бағасын берді.

Пресс-тур Көктөбе ауылында салынып жатқан жаңа амбулаторияда жалғасты. Бұл нысанның да құрылысы аяқталуға жақын. Мердігер – «Азамат-Құрылыс» ЖШС.

– Бюджеттен 275 млн теңге бөлініп, Көктөбе ауылында дәрігерлік амбулатория бой көтеруде. 50 адамға арналған мекеме құрылысының 80 пайызы аяқталды. Негізінен, ауланы көгалдандыру мен асфальт төсеу жұмыстары қалды. Құрылыста 100 адам жұмыс істеп жатыр, оның 50-і бағдарлама аясында жұмыспен қамту орталығы арқылы еңбек етуде. 25 қараша күні пайдалануға беріледі, –  дейді округ әкімі Жақсылық Жылқыбеков.

Журналистер сапары Есік қаласының маңында жүзеге асып жатқан ең ірі жоба – топтық су құбырының құрылыс алаңында аяқталды. Есік қаласымен  қоса жақын орналасқан 8 ауылды тіршілік нәрімен қамтамасыз ететін топтық су құбырының ұзындығы 40 шақырым 262 метрді құрайды. Бүгінгі таңда 27 шақырымнан астам жерге құбыр жүргізілген. Сондай-ақ, сыйымдылығы 800 шаршы метр болатын екі бірдей су сақтау қоймасының (резервуар) құрылысы жүргізілуде. Жұмыстар осы жылдың мамыр айында басталған. 2022 жылдың 19 мамырында аяқталады деп жоспарлануда.

– «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша 109 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Оның ішінде 47 білім беру объектілері, 3 денсаулық сақтау нысандары, 2 мәдениет нысаны, 1 спорт кешені, 10 тұрғын үй коммуналдық шаруашылық нысандары және 46 автомобиль жолдары. Осының барлығына 8,9 млрд теңге бөлінді. Бүгінде аталған жұмыстардың 80 пайызы аяқталды. Бағдарлама шеңберінде жұмыс орындар жоспары 2307-ні құрады. Оның ішінде жұмыспен қамту орталығы арқылы 1147 адам жұмысқа тартылды. Есік қаласында 1500 орындық мектеп құрылысына 400 азамат жұмысқа жіберілді. Аталған мектептің құрылысын есепке алмағанда азаматтарды жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналастыру жоспары 109,3 пайызға орындалды, – деді аудан әкімі Қуанышбек Қалиұлы.

Сардарбек НҰРАДИН

Оқылды 643 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 29, 2024

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ШАРАДАН АУДАН…

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей бастамасымен барлық…
Сәу 29, 2024

Қалпына келтіру жұмыстарын өзім…

Тасқын су жүрген өңірлерде үй-жайынан айырылған халықтың баспанасын қалпына келтірудің…
Сәу 29, 2024

Жазушы мерейтойына арналды

«Таза Қазақстан» экологиялық тазалық акциясына Райымбек ауданының тұрғындары да…
Сәу 29, 2024

«ДАНЬ ТРАДИЦИЯМ И ВОСПИТАНИЕ…

В рамках недели "Жасыл аймақ" экологической акции "Таза Қазақстан", проводимой по всей…
Сәу 29, 2024

С Днем Единства народа Казахстана

Хочу поздравить всех с Днем Единства народа Казахстана и выразить благодарность за вашу…
Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет