Бейсенбі, 01 Желтоқсан 2022 09:55

Тіректі саладағы тың серпін

Қазақстан экономикасында ең үлкен әлеует ауыл шаруашылығы саласында екені белгілі. Жерінің көлемі жағынан әлемде тоғызыншы орын алатын елімізде бұл саланың дамуы көптеген мәселені ретке келтіріп, экономикамыздың бәсекелестік қабілетін арттыруға  жаңа жол ашар еді.

Біздің ел экономикасының екі басым бағыты бар. Бұл – индустриялық және аграрлық салалар. Ауыл шаруашылығы қашан да ел экономикасын алға сүйрейтін жетекші саланың бірі болған, солай болып қала береді. Ал оны одан әрмен жетілдіру үшін жаңа технологияларды түгендеу – замана талабы. Расында да аграрлы сектор дамып, диқандар мол табысқа кенелгенімен, егер көкөніс, жеміс-жидек сақтайтын қойма тапшылығы туындаса, онда бәрі де бекер. Өйткені шаруа біткен қойма болмағандықтан күзгі жиын-терін уақытында қолда бар өнімін алқап басынан сатып жіберуге тырысады. Салдарынан тұрғындардың сырттан келген дәл сондай өнімді бірнеше есе қымбат бағада тұтынуынан басқа амалы қалмайды. Негізі көктемнің көк өзегінде азық-түліктің кейбір түрлерінің тапшы болуы және бағасының өсуіне осы жайт бірден-бір себеп. 2022 жылдың 8 айында ауданымызда 87 млрд теңге көлемінде ауылшаруашылық өнімі өндіріліпті. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26,3 млрд теңгеге артық. Ауыл шаруашылығының тұрақты өсімін сақтау үшін агрокешендерді дамыта түсу керек. Сонымен қоса, ауылшаруашылық өнімдерін сақтайтын қоймаларды да назардан тыс қалдырмау қажет. Бүгінде ауданымызда сыйымдылығы 32490 тонна болатын 19 жеміс және 1 көкөніс сақтау қоймасы жұмыс істеуде. Ал тағы бір көкөніс қоймасы Ақши ауылына ірге қалауда.

– Қазір ауыл шаруашылығын өркендету – округіміздің басты экономикалық бағыттарының бірі. Үш жылдан бері Ақши ауылында түйіршіктелген жоңышқа өңдейтін зауыт іске қосылды. Аталған зауыт жылына 20 мың тонна жоңышқа өңдейді. Қазір онда 6 адам тұрақты жұмыс істейді. Біз округімізге инвестиция тартуға күш салып келеміз. 2021 жылдан бастап «Frosko» ЖШС-і сыйымдылығы 4 мың тонна көкөніс сақтау қоймасын сала бастады.  Сонымен бірге, аталған компания Қазатком ауылында 200 гектар жерге көкөніс отырғызды. Бүгінде «Froskо» ЖШС-і салған көкөніс сақтау қоймасының құрылысы негізінен аяқталды. Сонымен қоса, қойма маңынан заманауи жылыжайлар бой көтеруде, – дейді округ әкімі Сабыржан Айтбаев.

Қазір ауданымызда 4351 бас ірі қара малға арналған үлкен 8 бордақылау алаңы, 3293 басқа арналған 13 сүт тауарлы ферма жұмыс жүргізуде. Биылғы жылдың сегіз айында ауданымыз мал шаруашылығында құны 1,6 млрд теңге болатын 3 жоба іске асуда. Солардың бірі жаңадан жұмыс бастаған «Рауан Агро» ЖШС-і.

Көктемде Ақши ауылдық округінің Саз ауылында «Рауан Агро» ЖШС-іне тиеселі 1500 бас ірі қараға  арналған мал бордақылау алаңы ашылды. Онға жуық адам тұрақты жұмыс тапты. Ондағы  жұысшылардың айтуынша, қазір аталған бордақылау алаңында 300 бастай ірі қара бар, келесі жылы 1500 бас сатып алу жоспарда бар. Ол үшін қазіргі күні нақты жұмыстар қолға алынған. Сонымен қоса, мал бордақылау алаңының маңында заманауи қондырғылармен жабдықталған мал сою кешені де іске қосылыпты. Аталған кешеннің тәулігіне 2 тоннаға жуық мал етін дайындап, өңдеп шығаруға толық мүмкіндігі бар. Мұнда әкелінген малдар шариғатқа сай бауыздалып, сойылады. Бөлшектелген етті салқындатуға, тоңазытуға арналған бөлек камера, мұздатылған ет өнімдерін дайындайтын цех бар. Ет сапасы үнемі ветеринар маманның қадағалауында болатындықтан, әр тұтынушы өнімнің балғындығы мен тазалығына кепіл болатын анықтама талап ете алады. Сонымен қоса тұрақты жұмыс жасап жатқан 15-ке жуық  қызметкерге де барлық жағдай жасалған. Көктемде іске қосылған «Рауан Агро» қасапханасына ҚМДБ-ға қарасты халал өнімдерін стандарттау және сертификаттау бағытында жұмыс істейтін «Халал Дамудың» ЖШС-і  наурыз айында кезекті тексеріс жұмыстарын жүргізіпті. Тексеріс барысында «QMDB Halal» талаптарының орындалуы мен сақталуы, малдардың жем-азығы, ауылшаруашылығы жануарларының шариғатқа сай бауыздалуы, қасапшылар мен өзге де жұмысшылардың мал етін өңдеу, сақтау, тасымалдау секілді үдерістерге халал стандарт талаптарын қатаң сақтау назарға алыныпты. Сонымен қатар, аудит соңында қасапхана қызметкерлеріне халал турасында оқу-семинары өткізіліпті. Сол себепті де қазір «Рауан Агро» қасапханасына тұтынушылардың сұранысы арта түсіпті. Осыдан жыл бұрын ел  Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың пәрменімен агроөнеркәсіптік кешенді 2026 жылға дейін дамытудың ұлттық жобасы дайындалған болатын. Бұл ұлттық жоба өңірлердегі агроөнеркәсіптік кешендердің қарқынды дамуына жол ашатыны сөзсіз.

Е.АСЫЛ.

Оқылды 3105 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 29, 2024

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ШАРАДАН АУДАН…

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей бастамасымен барлық…
Сәу 29, 2024

Қалпына келтіру жұмыстарын өзім…

Тасқын су жүрген өңірлерде үй-жайынан айырылған халықтың баспанасын қалпына келтірудің…
Сәу 29, 2024

Жазушы мерейтойына арналды

«Таза Қазақстан» экологиялық тазалық акциясына Райымбек ауданының тұрғындары да…
Сәу 29, 2024

«ДАНЬ ТРАДИЦИЯМ И ВОСПИТАНИЕ…

В рамках недели "Жасыл аймақ" экологической акции "Таза Қазақстан", проводимой по всей…
Сәу 29, 2024

С Днем Единства народа Казахстана

Хочу поздравить всех с Днем Единства народа Казахстана и выразить благодарность за вашу…
Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет