Бейсенбі, 17 Наурыз 2022 09:42

Шағын шаруашылықтарға қолдау қажет

Қазіргі таңда еліміздегі 1,6 мыңнан астам қосалқы шаруашылықтарда 3,5 миллионнан астам адам жұмыс істейді. Олар жылына орта есеппен 2,5 трлн теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіріп, еліміздің азық-түлік қорын толықтыруда елеулі үлестерін қосып келеді. Алайда, технологиялық тұрғыдан артта қалған, техникалық жарақтандырудың төмендігі мен түрлі қаржылық қолдаудың аздығынан қосалқы және ұсақ шаруа қожалықтары  қазіргі заманғы сын-тегеуріндерге төтеп бере алмайтындығын байқатты. Күні кеше ғана ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығын ел экономикасының тірегіне айналуы керек екендігін айтқан еді. Ал экономистер ол үшін  қосалқы және ұсақ шаруашылықтарды ынталандыру  маңызды деп қарайды.

Талғат Жұмабаев Рахат ауылдық округінде 2016 жылдан бері мал өсірумен және өзге қосалқы шаруашылықпен айналысып келеді. Бүгінде жеке кәсіпкер  ірі қараны 20 басқа жеткізсе, 3 гектар аумаққа алма және таңқурай егеді. Сондай-ақ қосымша үй құстарын бағады. Бүгінде 5 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырған кәсіпкер күніне 100 литрдей таза табиғи сүтті өзінің тұрақты тапсырыс берушілеріне жеткізеді. Жеті жылдан бері ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп келе жатқан Талғат Жұмабаев  түрлі қиындықтарға да тап болғандығын жасырмады.

– Өткен жылы шөп бағасы  жылдағыдан қымбат болды. Оның  үстіне егістік басында жұмыс жасайтын техникалардың бағасы да біршама өсті. Мұның барлығы ешқандай мемлекеттен қолдау таппай отырған қосалқы және ұсақ шаруашылықтарды шығынға батырды. Тіпті біздің ауылдағы біраз кәсіпкерлер жұмысын тоқтатты. Бізде тек ірі шаруа қожалықтарына ғана мемлекет көмек көрсетеді. Ал шағын шаруашылықтар үнемі назардан тыс қалып келеді. Еліміз ауыл шаруашылығының тамырына  қан жүгіртеміз десе, қосалқы және ұсақ шаруашылықтарды да назардан тыс қалдырмауы қажет, – дейді кәсіпкер.

Шағын шаруашылығын шалқытып отырған кәсіпкердің толғандыратын түйіткілді мәселелер көп сыңайлы. Соның бірі – жер мәселесі. Бүгінде көп санды шағын шаруашылықтарға жер жетіспейтіні анық. Талғат Жұмабаевтың сөзінше, оның кәсібін дамытуға өзіне тиесілі жер телімінің аздығы да кедергі болыпты. Кәсіпкер көлемді аумақты меншіктеп алған кей жер иелерінің әлі игермей отырғандығын да жасырмады. Әрине, игерілмеген жерлер елге ешқандай экономикалық тиімділік әкелмейді. Сөз арасында кәсіпкер ауыл шаруашылығын дамытуға тер төккендерге тисті жер телімі берілуі керектігін тіліне тиек етті.

Алдағы уақытта кәсіпкер құс шаруашы-лығын дамытуды да жоспарлап отыр. Өткен жылы ол мыңға жуық тауық сатыпты. Талғат Жұмабаев құс етінің еліміздің нарығында жоғары сұранысқа ие екендігін айтады. Ал халықаралық азық-түлік институты Қазақстан мен Қырғызстанды әлем бойынша құс етін көп тұтынатын елдердің қатарына қосыпты. Аталмыш сала мамандары соңғы үш жылда әсіресе қазақ елінің құс етіне тәбеті артып кеткенін алға тартып отыр. Ресми деректерге сүйенсек, Бүгінде Қазақстан құс етінің 70-80 пайызға жуығын импорттаған. Импорттың 70 пайызы АҚШ пен Бразилия елдерінің үлесінде екен. Бұл әрине, ойландыратын көрсеткіш.

– Бұған дейін мемлекеттік субсидиялар мен жеңілдетілген несие алуға талпыныс жасап көрдім. Бірақ қағазбастылық пен өзге де кедергілерге тап болып, мемлекеттік қолдауға қол жеткізе алмадым. Ал жақында аудандық кәсіпкерлер палатасына барып, кәсіптік курс оқуға тіркелдім. Курс  біткен соң жобамды сәтті қорғасам, жеңілдетілген несие беріледі. Қалай десек те, шағын шаруашылықтар мемлекеттік көмекке мұқтаж, – дейді кәсіпкер.

 

Е.АСЫЛ.

Оқылды 4122 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 29, 2024

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ШАРАДАН АУДАН…

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей бастамасымен барлық…
Сәу 29, 2024

Қалпына келтіру жұмыстарын өзім…

Тасқын су жүрген өңірлерде үй-жайынан айырылған халықтың баспанасын қалпына келтірудің…
Сәу 29, 2024

Жазушы мерейтойына арналды

«Таза Қазақстан» экологиялық тазалық акциясына Райымбек ауданының тұрғындары да…
Сәу 29, 2024

«ДАНЬ ТРАДИЦИЯМ И ВОСПИТАНИЕ…

В рамках недели "Жасыл аймақ" экологической акции "Таза Қазақстан", проводимой по всей…
Сәу 29, 2024

С Днем Единства народа Казахстана

Хочу поздравить всех с Днем Единства народа Казахстана и выразить благодарность за вашу…
Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет