Жұма, 06 Сәуір 2018 09:26

Заңдағы өзгеріс – пәрменділікті арттырады

 

Еліміздің парламентіне талқылауға түскен «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңға толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы заң жобасы қазіргі таңда мемлекеттің дін саласындағы саясатының пәрменділігін арттыруға бағытталған. Мемлекеттік қызметкерлер қызметі мен лауазымын дін бірлестіктер мүддесіне орай пайдалануына тыйым салуы орынды. Дін саяси қызмет пен ықпал жасаудың құралы емес.

Діни сенім мен діни қызметтің мемлекеттік басқару жүйесінің зайырлы сипатына сай іске асуы қазіргі өркениеттік құндылықтармен үндеседі. Ел аумағындағы 18 конфессияға тиесілі 3600-ден аса діни бірлестіктер тіркелгендігін назарға алсақ, бұл да мемлекет-дін қатынасын зайырлы жүйеге сай реттеудің жолы. Қоғам және мәдениет қайраткерлері діни көзқарасы мен ұстанымын көпшілік алдында жариялауға мұқият және салиқалы қарағаны дұрыс. Мемлекеттік басқару жүйесінің зайырлы сипатын нығайту және мемлекет-дін қатынасын жетілдіру үшін діни оқу орындарын қоспағанда мектептер және жоғары оқу орындарының ұстаздары діни сенім ұстанымын жария көрсетпегені зайырлы білім жүйесі талабына сай. Лауазымын өзіне бағынышты қызметкерлерді діни ғибадатқа қатысуға мәжбүрлеу мақсатында қолдануға болмайтындығы уақыт талабынан туып отыр.Басшысының діни сенімге қатысты көзқарасын қызметтік мансабын сақтау және қызметін өсіру жолында пайдалануды қалайтындарға тосқауыл қойылатын болды. Мемлекеттік қызметкерлердің діни сенім мен ғұрыпқа қатысты көзқарасы жария көрсетілмеуі орынды. Діни ғибадат мемлекеттік қызметтен тыс уақытта іске асырылуы мемлекеттің зайырлы сипатына сай. Зайырлылық пен зиялылық, руханилық пен діндарлық мәдениеті ұлттық өркениетіміздің жаңғыруына қызмет жасауы тиіс. Ораза ұстау, намаз оқу, қажылыққа бару PR мақсатында қолданылмауы қажет. Дінді ұстану және ұстанбау әрбір азаматтың бостандығы. Теизм, атеизм, деизм, пантеизм, агностицизм дүниетанымдық еркіндікті білдіретін түсініктер. АҚШ-да дін бостандығы тек діннен бостандық негізінде қалыптасады деген түсінік бар.(There is no freedom of religion without freedom from religion).1948 жылғы адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы және 1966 жылғы азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакті,1981 жылғы дін мен наным негізінде кемсіту және төзімсіздіктің барлық формаларын жою туралы декларация талаптары негізінде дінді ұстану және ұстанбау адам баласының фундаменталды құқығы болып табылады. Діни сенімді саяси мақсатқа және нақты топ мүддесіне орай қолдану діннің саясилануына алып келетін қадам. Діни топ ұйымдастыру жолымен қоғамдық пікір мен қоғамдық психологияға ықпал жасау секулярлы мемлекет қағидасына кереғар келеді. Елімізде діни негізде партия құруға тыйым салынған.

Мемлекет пен дін қатынасының салиқалы философиясы – өзара әріптестік және түсіністік, тағаттылық. Қоғамдағы тұрақтылықты және бірлікті сақтау мен нығайту мемлекет пен дін қатынасының басты өлшемі. Мемлекеттің дін саласын реттеу мен қадағалау механизмдерінің заңнамалық және құқықтық тетіктерін жетілдіру уақыт талабынан туындаған қадам.

1990 жылдары елімізде басталған діни ренессанс ішкі діни сұраныс және ата-баба ұстанған діни дәстүрге қайта оралу, ал имандылық – ұлттық сана мен ұлттық болмыстың рухани нәрі деген үмітпен байланысты қарастырылды. Қоғамның діни сұранысы мен рухани қажеттілігін мүдделі сыртқы және ішкі күштер өз мақсатында қолдануға ұмтылды. 1990 жылдардың ортасында ақидалық ұстанымы еліміздің дәстүрлі діни ілімімен сиыспайтын ағымдар діни сенімді идеологиялық ықпал ету ретінде пайдаланды. Посткоммунистік және постатеистік қоғамның радикалды идеологияға қарсы тұратын иммунитеті әлсіз болды. Бөгде діни ұстанымға кіріптарлықтың себептерінің бірі діни сауаттылықтың таяздығынан туындады.Шет елдердің күмәнді діни орталықтары-нан білім алғандар мен жат діни ілімге көзсіз еліктеушілер де діни ахуалға теріс әсерін тигізді. Діни санаға зиянды деструктивтік және радикалды ағымдар идеологиясы таралуының алдын алу жолдарының бірі – діни білім мәселесі. Алғашқы және негізгі діни білімді елде алған соң дін комитеті мен ҚМДБ арнайы комиссияның рұқсатынан кейін дін ғылымына қабілетті жастарды шет елдің діни оқу орындарында білім алуға жіберілгені жөн.

Жаһандану жағдайында діндарлардың этнодіни бірегейлігін қалыптастыру мен дәстүрлі діндарлық мәдениетін жетілдіру маңызды. Шет елдік дін ғұламаларының пәтуасына құлақ салатын және жат-жұрттық дін ұстаздарына еліктейтін және қастерлейтін діндарлардың қалыпта-суы мен көбеюі қауіпті құбылыс. Тарихи қалыптасқан дәстүрлі діни сана мен діндарлық мәдениетіне сай діни ұстанымды қалыптастыру үшін ұлттық мұсылман дін ғұламаларының мектебін қалыптастыру мемлекеттің дін саласын-дағы ұстанымы. Сондықтан зайырлы мемлекетке тән дәстүрлі діни сана мен діндарлық мәдениетіне сай діни ұстанымды қалыптастыру үшін дінтанулық және исламтанулық білім берудің үш деңгейі медресе-бакалавриат, магистратура, докторантура жүйесінде дін ұстаздарын даярлау жолында мақсатты жұмыстар жүргізілуде. Ел имамдарының білімі мен біліктілік деңгейін, құзіреттілік дайындығын арттыру үшін дін және құқық, дін және өркениет, дін және зайырлы қоғам, зайырлы мемлекеттегі діни уағыз әдістемесі сынды тақырыптарды қамтитын оқу-әдістемелік материалдар даярлау маңызды.

Елімізде соңғы жылдары жиі көтері-летін хиджап тақырыбы түрлі айтыс-тартыстың өзегіне айналды. Еліміздің мектептерінде қызмет жасайтын ұстаздардың 90%-дан астамы әйелдер.Қыз балалардың мектепте оқу процесінде өзге көздерден бүркенуі үшін негіз жоқ деп есептеймін. Қыз балалардың мектеп үлгісіне сай киінуі олардың дүниетанымында ұжымдық бірегейлікті қалыптастырады. Қыздарымыздың зама-наға сай білім алуына және тұлғалық өсуіне кедергі келтірмеуіміз қажет.

Елдің тұтастығын және халықтың рухани бірлігін сақтау, мәдени кодымыздың діни негізі дәстүрлі діни құндылықтарымызды қастерлеу қоғамның рухани жаңғыруының түп негізінің бірі. Зайырлы мемлекетте дін мен ата-баба дәстүрі рухани азып-тозудан сақтайтын іргетас. Руханилық этикалық-моральдық философиялық категория ретінде ұлт болмысының рухтық-тектілік жан дүниесін және рух тазалығын, ар-намыстың асқақ биіктігін айқындайды.Секулярлы мемлекеттің дін саласындағы саясатының мақсат-міндеті мемлекет дін қатынасын уақыт пен кеңістік аясында қалыптасқан жағдайға сай реттеу және қадағалау. Діндарлық адамның санасын, мінез-құлқын, ортамен қатынасын көрсетсе, діндарлық сипаты адамның сандық және сапалық ерекшелігін айқындайды. Діндарлық мәдениеті секулярлы қағидаға сай қалыптасуы үшін діни қауымдар елдің негізгі Заңы мен дін туралы заңнамасы аясында қызмет жасауы тиіс. Діндарлық мәдениеті бұл сыртқы және ішкі мәдениеттің үйлесімді үндесуі. Діндар адамның қоғам мүшесі және ел азаматы ретінде заңды құрметтеуі діндардың көркем мінезділігін айқындайды. Адам діндар ретінде діни құндылықты, азамат ретінде мемлекет заңдарын құрметтеуі тиіс. Елдегі мемлекет және дін қатынасының өзекті тұстары: дін саласын мемлекеттік реттеу мен басқару тетіктерін қазіргі талапқа сай арттыру, зайырлы қағиданы сақтау және нығайту, ар-ұждан бостандығын қамтамасыз ету, тоталитарлық радикалды идеология және деструктивтік діни ағымдармен күрес, сыртқы діни ықпалды тежеу механизмдерін жетілдіру, діннің саясилануының алдын алу, қоғамдық-мәдени өмірдің клерикализациялануына және қоғамдық пікір қалыптастыруда клерикалдар ықпалына жол бермеу, дәстүрлі діндарлық мәдениетінің сапалық тұрғыдан өсуін қолдау, жоғары руханилықты жетілдіру.

Діни сенім бостандығы азаматтың конституциялық бостандығы және дін-аралық, ұлтаралық келісімді сақтау конституциялық міндетіміз екендігін ұмытпауымыз қажет.

 

Бағдат БЕЙСЕНОВ,

Философия ғылымдарының

докторы, ҚазҰУ доценті.

 

Оқылды 1562 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…
Сәу 22, 2024

Қоғамды түзеуді өзімізден бастайық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 22, 2024

Экологиялық мәдениетті артыруымыз…

Қоғамды жаппай тазалыққа шақыру өте өзекті мәселе деп есептеймін. Біз ұстаздар…
Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет