Бейсенбі, 14 Қаңтар 2016 09:51

Мүбәрәк мереке

Тірі өледі, жер қойыны – жатағы,

Ізі   қалар,    болса жақсы атағы.

Жүсіп әл-Баласағұни.

Екі дүние сәруәрі, барша пайғамбарлардың абзалы пайғамбарымыз Мұхаммед /с.ғ.с./ туған күні қараңғы дүниеге    жарық келіп, мүбәрәк нұрымен жерді нұрландырған қасиетті де ұлық күн – Мәуліт мерекесі 23 желтоқсаннан бастап барлық жерде тойланып, 17 қаңтарда еліміздің бас мешіттерінде аяқталмақшы. 9 қаңтарда Тескенсу селолық округіне қарасты Көлді ауылында да жамағаттардың жұмылуымен Мәуліт мерекесі тойланды.

 

Әнас ибн Мәлік риуаят еткен хадисте пайғамбарымыз /с.ғ.с./: Кімде-кім маған бір рет салауат айтса, Алла тағала оған он салауат айтады, әрі он күн күнәсі кешіріліп, дәрежесі  он есе көтеріледі» – деген. /Сахих Бұхари/. Атақты ғұламалардың ұлағатты сөздері мен Құран сүрелеріндегі аяттар жазылып, ілінген мектеп залына ауыл тұрғындары түгел жиналды. Қуаныштың құттысы – мүбәрәк мерекеде Мәулітті оқудың, тойлаудың сауабы мол, тәрбиелік, адамгершілік маңызы өте зор. Алла тағала Құран кәрімде: «Шын мәнінде сен аса көркем, тамаша мінез-құлық иесісің», – десе, Хазірет Мұхаммед /с.ғ.с./ пайғамбарымыздың жаны да, тәні де таза болған. Ол әрқашан дәретпен жүріп, әркез мисуак қолданған. Үстіндегі киімін де таза ұстайтын. Сахабаларына да осылай таза жүруге өсиет етіп: «Дін – тазалыққа негізделген. Тазалық – діннің әсілі», – дейтін. Жаманшылық істегендерге кешіріммен қарап, жақсылық жасауға тырысатын. Ухуд соғысында өзіне қастандық жасағандарға кейбір сахабалар: «Иә, Расулулла, бұл кәпірлерге теріс лағнет дұға етпейсіз бе?» – дегенде, пайғамбарымыз Мұхаммед /с.ғ.с./ «Мен адамдарға лағнет айту үшін келгем жоқ, қайта рахмет үшін жіберілдім. Иә, Раббым, бұлар надандықпен осылай істеді, бұларды өзің ғафу ет, оларды тура жолға түсіре гөр», – деп дұға етті. Пайғамбарымыздың осындай өнегелі іс-әрекеттерін өзгелерге үлгі ете сөз сөйледі Алматы қаласының бас мүфтиі Нұрбек қажы. Одан кейін пайғамбары-мыздың өмірі, ізгі істері өрілген әуезді әнмен салауат айтылып, дұға бағышталды. Тескенсу селолық округі әкімінің орынбасары Нұрлан Жамалов, мектеп директоры Нұрбекова Мәуліт мұсылман үшін үлкен мереке, ұрпақты имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеудің тапсырмас тә-сілі екенін атап өтті. Одан кейін «Өнер қырандары» әзіл-оспақ театрының әртістері адамзатты тәубеге келтіріп, ой салар «Шүкіршілік» атты сахналық қойылым тамашалатты. Мұхаммед /с.ғ.с./ өмірі, ахіретке аттанар алдындағы кезеңді баяндаған бейнефильм көрсетілді.

Хасан әл Басри хазірет: «Менің Ухуд тауындай алтыным болса, оны Расулалланың мәулітін оқытуға жаратқан болар едім» демекші, Сенбі ақсақал бастаған көлділіктер кеңпейілдік көрсетіп, жиналған жамағатқа дастархан жайды. Алматы қаласындағы «Шаңы-рақ» мешітінің имамы Орынбасар Дәуренбекұлы осы ауылға демеушілік жасап, көпті қайырымдылық қуанышына кенелтіпті. Жетім-жесірлерге жасаған жақсылықтан басқа жиын, тойларда дауыс күшейте-тін құрылғыларды да сыйға тарту етіпті. Дастархан басында өнеге болар тәрбиелік маңызы мол сөздер айтылды. Жиналған жұртшылықка кетерде Құран және басқа да діни кітаптар таратылды.

 

Анарбек БЕРДІБАЕВ.

***

Жақында Көктөбе ауылы «Alatau Holl» мейрамханасында  пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с) туылған Мәуліт айы мерекесіне орай Қызылжар ауылы Қалыбек батыр мешіті жамағатының ұйымдастыруымен  ас берілді.

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғоджаев, Көктөбе ауылдық округінің әкімі Болат Жасыбаев, аудандық мәслихат депутаты Сейітхан Қырқынбаев, Есік қалалық мешітінің бас имамы Хазірет Рәтбек қажы Нысанбайұлы және ауыл тұрғындары, намазхан жамағат қатысқан салтанатты жиын Жаратқанның сөзі Құран аяттарымен ашылды. Дүние болмысы және өмірді өкінішсіз сүру бағыттарын баян еткен қасиетті сүрелер көпшіліктің көзіне жас үйірді. Әрмен қарай Болат Жасыбаев сөз сөйлеп, 70 жыл бойы ата діннен қол үзген қазақ халқы тәуелсіздік алып кері саясаттың салқынынан арылып, бүгінде мешітке еркін кіріп, еркін шығатын  дәрежеге жеткендігі турасында әсерлі әңгіме қозғады.

Хазірет Рәтбек қажы Нысанбайұлы Мәуліт мерекесінің шығу тарихымен таныстырды. Сондай-ақ, Мәуліт айын қазақ халқы асыға күтетіні, дәстүрлі мейрамдар қатарына еніп жатқандығы, түннің қою қараңғылығын түріп күннің шығуы сынды ғажап құбылыс деп толғанды. «Бұл адамдардың тазарып, шынайы иманға бет бұруы» – деді.

Көптеген салауаттар мен сөздер айтылған салтанатты жиын қатысушылары көркем уағыздар және Ислам дінін жеткізуші, ардақты пайғамбар Мұхаммед Мұстафаның (с.ғ.с) өнегелі өмірі арқылы асыл дініміздің терроризм мен экстермизм ұғымдарына жат,  кемел ілім Һәм Алланың ұлы нығметі екендігін түсінді. Аталған ас беру рәсіміне 300-ге жуық тұрғындар қатысты. Бұл Көктөбе жұртының өзара ынтымағы мен ұйысқандығын ұқтырды.   

Ә.МАНАСБЕК.

Оқылды 4097 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…
Сәу 22, 2024

Қоғамды түзеуді өзімізден бастайық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 22, 2024

Экологиялық мәдениетті артыруымыз…

Қоғамды жаппай тазалыққа шақыру өте өзекті мәселе деп есептеймін. Біз ұстаздар…
Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет