Бейсенбі, 07 Желтоқсан 2023 16:27

Көрші ақысы

Ел аузында «Алыстағы туысыңнан қасыңдағы көршің артық» деген нақыл сақталған. Расымен де, басқа іс түскенде жырақтағы ағайыннан гөрі жәрдем беруге жүгіретін де, қайғымен, қуанышпен алдымен бөлісетін де жанашыр көрші. Сондықтан да оның орны ерекше. Халқымыз «Көршіні ешкім таңдамайды, Құдай қосады» деп, қоңсыны Жаратушының Өзі белгілейтіндігіне сенген.

    Сондықтан да жақын көршіні «Құдайы көрші» деп атаған. Өйткені көршімен жақсы мәміледе болу – шынайы мұсылмандық қасиет. Бұл жайында қасиетті аяттар мен хадистерде көп айтылады.

    Алла Тағала былай дейді: «Аллаға ғана құлшылық етіңдер. Оған еш нәрсені серік қоспаңдар. Әрі ата-анаға, жақын туыстарға, жетімдерге, міскіндерге, туыс көршіге және бөгде көршіге жақсылық жасаңдар».

Міне, осы аятта айтылғандай Жаратушы  иеміз құлдарын басқалармен бірге көршілерге де жақсылық жасауға бұйырады.

Көршілердің түрлері :

  1. Туысқан әрі мұсылман көрші.

Туысқан болып келетін көршінің үш ақысы бар: туыстық ақысы, мұсылмандық ақысы және көрші ақысы.

  1. Туыс бірақ мұсылман емес көрші.

Туыс болғанымен мұсылман болмаған көршінің екі ақысы бар: туыстық және көршілік ақысы.

  1. Туыс емес, бөгде мұсылман көрші.

Туыс емес бөгде мұсылман көршінің екі ақысы бар: мұсылман бауырлық ақысы және көрші ақысы.

  1. Мұсылман емес көрші.

Ал, мұсылман емес көршінің бір ақысы, яғни тек көршілік ақысы ғана бар.

  Осылайша Ислам шариғаты мен әдебі барша мұсылмандарды көршілерімен жақсы болуға шақырады. Яғни көршіге қандай жағдайда да ізгі ниетте болып, егер көмек керек болса, көмек беріп, қиыншылыққа тап болса, жәрдемдесіп тұру қажет. Тым болмағанда көршіні көргенде сәлем беріп, оқта-текте үйлеріне бас сұғып, хал-жағдайларын сұрап тұру керек. Өйткені Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің бір хадисінде көршінің туыстай болатындығын айтқан.

   «Маған Жебірейіл періштенің көрші ақысы туралы көп өсиет айтқандығы соншалықты мен көршім мұрагеріме айналатын шығар деп ойладым», − деген.

     Халқымызда көрші ақысы туралы нағыз мұсылмандық ұстаным қалыптасқан. «Қиямет күні алдымен көрші ақысы сұралады екен» деген ұғым да бар

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ; «Қиямет күні ең бірінші дауласатындар – көршілер», − деген.

   Көрші адам мұсылман не кәпір, тақуа не пасық, дос не дұшпан, жергілікті не шетелдік, пайдалы не пайдасыз болуы ықтимал. Қалай болғанда да олардың ішіндегі қайыр жасауға ең лайықтысы ең жақын тұратын көрші.

    Бірде жұбайы Айша анамыз: «Уа, Расулалла! Менің екі көршім бар, сыйды соның қайсысына берейін?» – деп сұрағанда, Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)  «Есігі ең жақын орналасқанына», – деп жауап берген.

    Жақсылық жасауға ең жақын көршінің лайықты болуының себебі әдетте ол жапсарлас көршісінің үйінде не болып жатқанынан хабардар болады. Үйге кім кіріп, кім шығып жатқандығын көреді. Және қандай да бір қиыншылыққа тап болғанда қасынан табылатын жақын адам. Сондықтан да ол жақсылық жасауға бірден-бір лайықты көрші.

   Құрылыс салғанда көршісімен ақылдасып салу, оған зиян тигізбеуге тырысу да көрші ақысына жатады. Ал құрылыс салып жатқан көршіге көмектесу керек.

   Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Сендердің біреулерің өзінің жапсарлас қабырғасына көршісінің арқалық бөренесін қоюына тыйым салмасын», – деген. Яғни егер бір зиян келмейтін болса, көршінің құрылысы үшін өзінің үйінің, не сарайының қабырғасын немесе дуалын тірек етуге рұқсат беруі тиіс екен.

Қазақ халқы: «Жаман атқа жал бітсе, жанына торсық байлатпас, жаман кісіге мал бітсе, жанына қоңсы қондырмас», − деп көрші ақысын белден басатындарды  қатты сынаған.

  Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)  былай деп ескерткен: «Кімде-кім Аллаға және ақырет күніне сенген болса көршісін еш зарар бермесін».

   Екінші жағынан көрші қандай жаман адам болса да, қандай зарар зиян беріп жатса да оған сабырлық еткен дұрыс. Ондай көршіні тура жолға үгіттеп, жақсылыққа үндеу керек.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ; «Жанындағы көршісінің аш жатқандығын біле тұра өзі тоқ болып жатқан адам маған нақ иман келтірген емес», – дейді

    Пайғамбар (с.а.с.) басқа хадисінде, тіпті, үйді, қораны сатарда әуелі қабырғалас көршісімен ақылдасуға бұйырады. Көрші ақысы туралы Алла Елшісі (с.а.с.) өзі үлкен өнеге көрсеткен. Өзіне жәбір беріп, жолына нәжіс заттарды төсеп қоятын иман келтірмеген көршісі  ауырып қалғанда оның хал-жағдайын сұрап барады. Сондай керемет жақсы қарым-қатынасы арқылы сол көршісінің иман келтіруіне себепкер болады.

 

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ аудандық

«Имам Мұхаммад» мешітінің бас иимамы

Қондыбаев Ибрагим Нұрахмедұлы.

Оқылды 3008 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Жат діни ағымның салдары Мәзһабтар »

Соңғы жаңалықтар

Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…
Сәу 22, 2024

Қоғамды түзеуді өзімізден бастайық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 22, 2024

Экологиялық мәдениетті артыруымыз…

Қоғамды жаппай тазалыққа шақыру өте өзекті мәселе деп есептеймін. Біз ұстаздар…
Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет