Бейсенбі, 15 Желтоқсан 2022 10:22

«Тәуелсіз ел тiрегi – бiлiмдi ұрпақ»

16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні, еліміздің ең басты мерекесі. 1991 жылы дәл осы күні көгімізде тәуелсізідік туы желбіреді. Содан бері 31 жыл уақыт өтті. Осы өшпес жылдар белесінде Қазақстан экономикасы қарыштап дамыды. Саясаттағы сындарлы бағыт өз жемісін беруде. Береке-бірліктің арқасында әлем таныған іргелі мемлекетке айналдық. Қазақстанның жаңа дәуірде қол жеткізген барлық табысының қайнар көзі – Тәуелсіздік. Тәуелсіз ел болғандығымыздың арқасында ғана Қазақстанның сөзі мен ісін бүкіл әлем таныды. Дүниенің бір бұрышында қазақ деген халықтың үлкен істер тындыра алатын өресі мықты, өрісі кең халық екенін әлем білді.

Тәуелсізідіктің төл баласы ретінде іргесі қаланған Алматы облысы, Еңбекшқазақ ауданы, Түрген ауылында Түрген қазақ орта мектебін айтуға болады. Тәуелсіздік таңы атқан тұста бой көтерген бұл мектептің ашылуына тікелей ұйытқы болған, даңқын асқақтатуға лайық, елге сыйлы, бүкіл ғұмырын елі мен жеріне арнаған асқақ тұлға, ел жанашыры – Абыхан Аманбайұлы Жексембеков.

«Атты, есімді біреу береді, ал тағдырыңды өзің жасайсың» дегендей, Абыхан Аманбайұлы қарқынды ісімен, халықты адал еңбегімен өз-өзін даралап, таныта білген тау тұлғалы азаматтардың бірі болды.

Әрбір мемлекеттің болашағы жастардың қолында. Болашақта ел тізгінін ұстайтын азаматтар – бүгінгі жастар. Расында, бүгінгі жас – ертеңгі елдің тірегі, келешектің келбеті емес пе? Абыхан атамыз да ел ертеңі бүгіннен басталатынын терең түсініп, «Бала – өмір жалғасы» деп біліп, бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Егеменді еліміздің тірегі – білімді, тәрбиелі ұрпақ екендігін болжай білді. Мектептің ашылуына дәнекер болуының себебі де осы.

Абыхан Аманбайұлының тікелей қолдауымен ашылған Түрген қазақ орта мектебіне биыл 28 жыл толып отыр. Бүгінгі таңда Түрген қазақ орта мектебі ғасырға жуық тарихы бар мектептермен терезесі тең, оқу-тәрбие ісімен мақтана алатын оқу ордасына айналды. Тәуелсіздіктің бел баласы атанған Түрген қазақ орта мектебі қазіргі таңда Абыхан Аманбайұлы Жексембековтің есімімен мақтанышпен аталып келеді.

Мектебімізде жыл санап білім сапасы артып, оқушы саны қарқынды өсіп келеді. 600-ге жуық оқушыға алпысқа жуық ұстаз білім беруде. Білім ордасында дәріс беретін ұстаздардың қырыққа жуығы – бірінші дәрежелі және жоғары білікті маман, білім беру ісінің үздіктері. Әр шәкірттің Отанына, туған жеріне деген шынайы патриоттық сезімін қалыптастыру мақсатымен білім ордасында кітапхана жанында «Түргеннің тау тұлғалы түлегі» атты А.Жексембековтың өмір жолы айшықталған мұражай жұмыс істейді.

Абыхан Аманбайұлының бастауын бүгінгі күнге дейін әр түрлі іс-шаралар, кездесулер, апталықтар, онкүндіктер арқылы жалғасын тауып, білімді ұрпақты тәрбиелеуде мектеп ұжымы  тынымсыз еңбек етуде.

Көк туымыз көк аспанда қалықтап, ынтымағы жарасқан ел болайық!

А.АХМЕТОВА,

Түрген ауылы А.Жексембеков атындағы орта мектептің педагог-ұйымдастырушысы.

Оқылды 2447 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Ұлт рухының сардары «Тұғыры биік Тәуелсіздік» »

Соңғы жаңалықтар

Сәу 29, 2024

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ШАРАДАН АУДАН…

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей бастамасымен барлық…
Сәу 29, 2024

Қалпына келтіру жұмыстарын өзім…

Тасқын су жүрген өңірлерде үй-жайынан айырылған халықтың баспанасын қалпына келтірудің…
Сәу 29, 2024

Жазушы мерейтойына арналды

«Таза Қазақстан» экологиялық тазалық акциясына Райымбек ауданының тұрғындары да…
Сәу 29, 2024

«ДАНЬ ТРАДИЦИЯМ И ВОСПИТАНИЕ…

В рамках недели "Жасыл аймақ" экологической акции "Таза Қазақстан", проводимой по всей…
Сәу 29, 2024

С Днем Единства народа Казахстана

Хочу поздравить всех с Днем Единства народа Казахстана и выразить благодарность за вашу…
Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет