Дүйсенбі, 28 Ақпан 2022 09:12

Мәңгілік ел – мәртебелі тіл

Жақында Сарыбұлақ  орта  мектебінде «Мәңгілік ел – мәртебелі тіл» атты қазақ тілі  мен  әдебиетінің апталығы өтті.

Апталық барысында қазақ  тілі мен әдебиеті  пәндерінің  мұғалімдері Индира Шалабаева 9 сыныппен «Сабақтас құрмалас сөйлем», Жазира Шалабаева 5 сыныппен «Жол  қозғалысы  ережелері» және 8 сыныппен Б.Момышұлының «Ұшқан  ұя» шығармасын, Әсел Бексай-нова 6 сыныппен «Сулы жер – нулы жер» атты жоспарлы түрде қойылған ашық сабақтарын өткізді. Сонымен  қатар оқушылар сабақтан тыс  уақытта да апталықтың іс-шараларына  белсене атсалысты. Атап айтсақ, «Алтын  сақа» интеллектуалды ойыны, «Бұлақ көрсең  көзін  аш»  атты жас  ақындар  мүшайра-сы, «Тілден  артық  қазына жоқ» көркем сөз оқу байқауы, кітапханамен бірлескен «Әдебиет әлемі» викториналық кештері тартысты өтті. Қазақ тілі мен әдебиеті апталығының қорытынды кеші «Жыр жүйрігі Мұқағали» атты әдеби-сазды кон-цертке ұласты. Кеште оқушылар ақиық ақынның өлеңдері мен поэзиясын оқып қана қоймай, ақынның сөзіне жазылған сазды әндерін шырқады. 8 сынып оқу-шылары Әмина Айтжан, Мейрамбек Көкенәлі, Перизат Жұмағали ақынның «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының желісінде қойылған көріністе рөлдерді шебер сомдап, көрерменнің ыстық  ықы-ласына бөленді. Қарақат Бейбіт пен Құралай Тұрсын «Жоқ, дәрігер», «Шыда, шыда» өлеңдеріне шағын көрініс қойып, көрерменнің  көзіне жас үйірілді. Апта-лық қортындысында, оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталып, апталыққа белсене қатысқандарға алғыс хаттар  табыс етілді.           

Әсел БЕКСАЙНОВА,

Сарыбұлақ орта мектебі  қазақ  тілі мен әдебиеті  пәнінің  мұғалімі.

Оқылды 1399 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 29, 2024

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ШАРАДАН АУДАН…

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей бастамасымен барлық…
Сәу 29, 2024

Қалпына келтіру жұмыстарын өзім…

Тасқын су жүрген өңірлерде үй-жайынан айырылған халықтың баспанасын қалпына келтірудің…
Сәу 29, 2024

Жазушы мерейтойына арналды

«Таза Қазақстан» экологиялық тазалық акциясына Райымбек ауданының тұрғындары да…
Сәу 29, 2024

«ДАНЬ ТРАДИЦИЯМ И ВОСПИТАНИЕ…

В рамках недели "Жасыл аймақ" экологической акции "Таза Қазақстан", проводимой по всей…
Сәу 29, 2024

С Днем Единства народа Казахстана

Хочу поздравить всех с Днем Единства народа Казахстана и выразить благодарность за вашу…
Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет