Жұма, 18 Ақпан 2022 11:13

Мұқағали – мәңгілік ғұмыр

Қазақтың біртуар ақиық ақыны –Мұқағали Мақатаев Райымбек ауданы, Хантәңірі баурайындағы Қарасаз ауылында дүниеге келген. Балалық шағы Ұлы Отан соғысымен тұспа-тұс келіп, балалық шақтың бал дәуренін ауыр еңбекке алмастырды. Оны «Неңді сенің аңсаймын бала шағым» атты өлеңімен жеткізген еді. Әкесі Сүлеймен майданға кетіп, анасы Нағима мен әжесі Тиіннің қолында тәрбиеленді. Қарасаздың мектебін бітіріп, білім алып, жастайынан өнерге құштарлығы мен қайсарлығы, еліне, жеріне деген сүйіспеншілігі туған жері қасиетті Қарасаздың топырағынан шыңдалып шықты.

Жас ақынның «Қырман басында», «Қойшы бала Әкітай» сияқты алғашқы өлеңдері газет бетінде жарияланды. Аз ғұмырында көп еңбек жазған ақынның өмір жолы жеңіс пен жеңілістен тұрды. Ақиық ақын ұлттық рух, салт-дәстүр, дін мен тілді, сонымен қатар, ғаламның бар сұлулығын қасиетті қара өлеңмен жеткізе білді. Поэма, поэзия, драма саласында қалам тартты.

«Қазақтың күпі киген қара өлеңін, шекпен жауып өзіне қайтарамын» деп жырлаған ақынға халқы «Қазақтың ақиық ақыны» атағын берді. 1999 жылы М.Мақатаевтың 60 жылдық мерейтойында «Ғасыр ақыны» аталды. 

Бір кем дүние. Көзінің тірісінде бізге жапқан өлеңмен өрнектелген шапанын өз иығына жаба алмадық. Бала жасымнан Мұқағали өлеңдерімен сусындап өсіп,  өнерге, өлеңге деген құштарлығым артты. Ақынның туған күніне орай әр жыл сайын ұйымдастырылатын жыр мүшәйрасына қатысып, халықаралық, республикалық байқаулардан бас жүлдемен оралдым. Бұл жеңістер менің емес, ақиық ақынның өлеңдерінің құдіреті деп білемін. Мұқағали Мақатаевқа деген өзімнің бала көңілімді осы жыр шумағыммен жеткізгім келеді.

Өлең-жырың өлмейді ұлы ақын,

Ұрпағың бар ғасырларға жыр қылатын.

Қуат беріп, бойыма шабыт алам,

Өлеңіңмен рухты нәр аламын!

Димаш НҰРАХМЕТ, 7 сынып оқушысы.

*** *** ***

Әр өлеңі бір әлем, әр сөзінде бір арман... Жалынға толы жүрегі махаббат мекеніне айналған, нендей теңеу айтсақ та теңдессіз ақын, поэзияның мұзбалағы, әдемі әлемімен халқының жүрегіне ұя салған, ұлттық болмыстың, ана тілінің қамқоршысы әрі жанашыры болған Мұқағали Мақатаев қазақ халқымен мәңгі жасай бермек.

«Алматы облыстық «ТІЛ» оқу-әдістемелік орталығы» Еңбекшіқазақ аудандық филиалы және Шелек модельді ауылдық кітапханасының «Коворкинг» орталығымен бірге өткізген ашық шара этнос өкілдеріне ақын туралы арнайы ақпарат бере отырып, ұлты бөлек, ұғымы бір, мақсат-мүддесі ортақ Қазақстан халықтары арасындағы татулық пен достықтың бір белгісі екенін дәйекті дәлелдеді. Ақиық ақынның туған күні қарсаңында ұйымдастырылған әдеби шара оффлайн форматта, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып өткізілді.

Шара мақсаты – артындағы ұрпағына салып кеткен соқпағы, сара жолымен алдағы армандарға апарар асқақ үні бар, ерекше болмысымен еліктірер Ұлы дала баласы, Ұлы дала данасы, Ұлы дала дарасы Мұқағали Мақатаевтың өмір жолын ой елегінен өткізе отырып, әр тың-даушы зердесіне тоқыту болған. Мақсат орындалды. Нәтиже алдағы уақыт еншісінде.

Елді елеңдетер басты мәселелердің бірі де бірегейі – ана тілінің жасампаздығы мен шұрайлылығы. М.Мақатаевтай ақиық ақын жырлаған әдемі тілімізді әбіржітпей, әспеттеп, шұбарламай, шырайландыра түссек келешегіміз кемел, болашағымыз жарқын болары сөзсіз.

 Нұрсұлу РАХЫМБАЕВА, филиал меңгерушісі.

 

  *** *** ***

Жақында Бортоғай ауылдық округіне қарасты М.Мақатаев атындағы орта мектебінде ақиық ақынның туылған күніне орай мерекелік іс-шара өткізілді.

Қамшының сабындай қысқа ғұмырын шығармашылық жолына арнаған ақиық ақын артына қаншама өлмейтұғын туындыларын қалдырып кетті. Дарабоз тұлғаның мұрасы – болашақ жастарға үлгі, өсиет, қадірлеп қастерлейтін қазына. 

Мерекелік кеш барысында оқушылар М.Мақатаевтың жауһар жырларын оқып, өлеңіне жазылған әсерлі әндерін шыр-қады. Концерттік бағдарлама соңында ауылдық округ әкімі Талғат Өмірбеков және мектеп директоры Айгүл Жарқынбекова қатысушы балалар мен көрермендерге өз алғыстарын білдірді.

Ф.АСАНОВА, Бартоғай ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушысы. 

 

*** *** ***

Жақында Балтабай орта мектебінде мәңгі өлмес жырымен із қалдырған, қазақ поэзиясының Хантәңірі атанған Мұқағали Мақатаевтың туғанына 91 жыл толуына орай тіл мамандарының ұйымдастырумен  қазақ тілі мен әдебиеті ассоциациясының апталығы өтті.

Апталық барысында «Қарасаз қара шалғын өлеңде өстім» тақырыбы бойынша ақынның өмірінен сыр шертіп, ақын туралы естеліктер оқылды. «М.Мақатаев – поэзия тұлпары» тақырыбында челлендж ұйымдастырылды. Сонымен қоса, өзге ұлттың балалары ақын сөзіне жазылған әндерді шырқады. Ал 5 сынып оқушылары М.Мақатаевтың туған жері, шығармашылығы бойынша суретшілер байқауын ұйымдастырды. Апталықтың қызықты да әсерлі өтуіне мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері М.Алимходжаева,  А.Адилова, Г.Акбергенова, А.Ербекеева, Ж.Кадырова, З.Далдабаева, А.Асжанова, А.Омаржанова, И.Агыбаева. А.Алимбекова ерекше атсалысты. Сонымен қатар мектепте жүргізіліп жатқан «Оқуға құштар мектеп» жобасын қамти отырып, білім алушыларға М.Мақатаевтың шығармала-рын оқыту жолға қойылды. Білім алу-шылар кітапханада ақын өмірімен, шығармашылығымен кеңінен танысып, апталық жоспарына сәйкес іс-шараларды атқарды.           

 Ақмарал ОМАРЖАНОВА, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

 

*** *** ***

Т.Әубәкіров атындағы орта мектептің  директоры  Ғ.Молдабаеваның басшылығымен, Бәйдібек би ауылдық мәдениет үйінің директоры  Рахат Алғожаның қолдауымен Қазақ поэзиясының мұзбалағы  М.Мақатаевты еске алуға арналған «Бір өлеңі – бір әлем!» атты әдеби-сазды кеш өтті.

Іс-шарада 5-7 сынып оқушылары «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан қойы-лым көрсетіп, көрермендердің жүрегін тербетіп, еріксіз көздеріне жас алдырды. Жас ақындарымыз Мұқағали өлеңдерін жатқа оқып, жас буынның Отанға, халқына, тіліне деген сүйіспеншіліктерін оятты. Осы әдеби-сазды кешті ұйымдастыруға атсалысқан қазақ тілі пән бірлестігі мен музыка пәнінің мұғалімі Айбану Қыдыққа жұртшылық ризашылығын білдіріп, алғыс айтты.

И.ЖАНБУТАЕВА, қазақ тілі пәнінің  мұғалімі.

 

 *** *** ***

Жақында Әймен орта мектебінде Мұқағали Мақатаевтың «Жырлайды жүрек» атты мектепішілік жыр байқауы өтті.

Мектебіміздің 45 шәкірті осы байқауға қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Өнер байқауына қатысқан барлық оқушыларға, жүлделі сыйлықтар мен, алғыс хаттар табысталды. Бас жүлдені бастауыш сынып оқушысы Айбар Айболат пен 5 сынып оқушысы Іңкәр Саматқызы жеңіп алды. 1, 2, 3, орын иегерлері бағалы сыйлықтармен марапатталды. Мұзбалақ ақын шығар-машылығы мен өнерін паш еткен оқушы-ларға мектеп әкімшілігі тарапынан алғыс айтылды. Жоғарғы деңгейде аталып өткен мерекелік шараны ұйымдастыруда ерекше атсалысқан оқушылар мен мектебіміздің әлеуметтік педагогі Айнұр Нақысбековаға  көпшілік ризашылығын айтты.

 Г.ДЖАНДАРОВА, мектеп директорының әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары.

Оқылды 2451 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Жарқын жүздесу Қазақ поэзиясының Хантәңірі »

Соңғы жаңалықтар

Сәу 29, 2024

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ШАРАДАН АУДАН…

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей бастамасымен барлық…
Сәу 29, 2024

Қалпына келтіру жұмыстарын өзім…

Тасқын су жүрген өңірлерде үй-жайынан айырылған халықтың баспанасын қалпына келтірудің…
Сәу 29, 2024

Жазушы мерейтойына арналды

«Таза Қазақстан» экологиялық тазалық акциясына Райымбек ауданының тұрғындары да…
Сәу 29, 2024

«ДАНЬ ТРАДИЦИЯМ И ВОСПИТАНИЕ…

В рамках недели "Жасыл аймақ" экологической акции "Таза Қазақстан", проводимой по всей…
Сәу 29, 2024

С Днем Единства народа Казахстана

Хочу поздравить всех с Днем Единства народа Казахстана и выразить благодарность за вашу…
Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет