Жұма, 14 Ақпан 2020 09:40

Шайым – Орта Азия чемпионы

Жақында Шымкент қаласында өткен кәсіпқой бокстан халықаралық жарыста Қаратұрық ауылының түлегі    Шайым Илмжанов Орта Азия чемпионы атанды. Ол ақтық кездесуде Тәжікстан чемпионы Абдумуслим Адинаевпен жекпе-жекке шығып, бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті және «Орта Азия чемпионы» атты белдікке ие болды.

Шайымға қолдау көрсету үшін Қаратұрық ауылының жігітбасы М.Мұрадилов пен Х.Семятовтың ұйымдастыруымен 30-ға жақын ауыл жастары Шымкент қаласына арнайы барды.

Ш.Илмжанов Қаратұрық ауылындағы оқып жүрген кездері, яғни екінші сыныптан бастап ауылымыздың танымал бокс бапкері, М.Маметова атындағы орта мектептің дене шынықтыру мұғалімі Н.Разиевтың тобында жаттықты. Мектеп бітіргенше Шайым аудандық, облыстық, республикалық жарыстарға қатысып, түрлі орындарға ие болып жүрді.

Орта мектепті бітірген соң Алматы қаласындағы республикалық медициналық колледжге оқуға түседі және бокс бапкері Д.Дүйсенбаевтың тобында жаттығуын жалғастырады. Бірнеше жарыстарда жеңімпаз атанып, колледж туын желбіретті.

2019 жылы жаз айларында Шайым Түркия елінің Анадолы қаласына барып, дайындығын және бір рет пысықтап қайтады. Шымкент қаласына келіп, бапкер Р.Сайдуллаевтың басшылығымен жаттығуын жалғастырады.

«Енді алдағы мақсат-жоспарым әлемдегі ірі-ірі боксшылармен кездесіп, жекпе-жектерде жеңістерді қолға келтіру. Қазақстан Республикасының Туын желбірету. Соған бар күшімді саламын», – дейді Ш.Илмжанов.

Шайымның жеңісі туралы сүйінші хабар келген соң Қаратұрық ауылының әйелдер кеңесінің төрайымы Г.Бақиева мен кәсіпкер Р.Разиеваның ұйымдастыруымен ауыл ақсақалдары, жастар Шайымның туған-туысқандары ауылдағы «Айша» кафесінде Орта Азия чемпионы Ш.Илмжанов пен оның бапкерлерін салтанатты түрде қарсы алды. Ауылдың көркемөнерпаздары өздерінің ән-күйлерімен чемпионға құрмет көрсетті. Салтанатта ауыл ақсақалы О.Бахтияров, Шайымның жаттықтырушылары Н.Разиев, Д.Дүйсенбаев, Шелек өңірі ұйғыр этномәдениеті орталығының төрағасы М.Абдуллаев, жігітбасы М.Мурадинов, Х.Семятовтар құттықтау сөздерін айтып, игі тілектерін білдірді.

Шайымның қолға келтірген жеңісіне байланысты туған-туысқандары мен мен ата-анасының қуанышын бүкіл ауыл тұрғындары тең бөлісті. Салтанат соңында Шайымның ата-анасы ауыл тұрғындарына, шайымның бапкерлеріне, осы шараны ұйымдастырушыларға алғысын айтты.

 

И.Усманов,

еңбек ардагері

Оқылды 654 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Шайым – Орта Азия чемпионы «Koktobe winter» »

Соңғы жаңалықтар

Қар 27, 2020

Қарақатты қолдайық!

29 қараша күні онлайн форматта «Junior Eurovision» танымал музыкалық байқауы өтеді. Онда…
Қар 27, 2020

Елбасы және Қазақстан ғылымы

Кеңес дәуірінде де қазақ ғылымы сала-сала бойынша дамыды. Кедергілер мен қиыншылықтар да…
Қар 27, 2020

Сақтансаң, сақтайды

Биылғы жылыту маусымында аудан аумағында 26 өрт оқиғасы тіркелген. Осылай деген…
Қар 27, 2020

Елін сүйген Елбасы

1 желтоқсан – тұңғыш Президент күніне орай М.Ломоносов орта мектебінде тәрбие сағаты…
Қар 27, 2020

Абайдың ізбасар шәкірттері кімдер…

Ақын өзінің талантты шәкірттерін тәрбиелеп өсірді. Абайдың ізбасар шәкірттері Шәкәрім,…
Қар 27, 2020

Қайта жаңғырған ескерткіш

Өткенге тағзым жасау – өресі биік өсер елдің қарекеті. Осындай көргенді елдің ардақтылары…
Қар 27, 2020

Қоршаған ортаға құрметпен қарау –…

Соңғы онжылдықта туризм үздіксіз дамып, әлемдік экономиканың ең қарқынды өсіп келе жатқан…
Қар 26, 2020

Қаражотадағы қордаланған түйткілдер

23 қарашада аудан басшысы Қуанышбек Қашқымбаев іс-сапармен Қаражота ауылдық округіне…
Қар 26, 2020

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ – АДАМДЫҚ ПЕН…

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен «Ахмет Байтұрсынұлы –…

Күнтiзбе

« Қараша 2020 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет