Сәрсенбі, 04 Қыркүйек 2019 09:40

Жасыл алаңда – ардагерлер

«Әуелгі байлық – денсаулық» дейді екен ғой бұрынғылар. Расында, ауру – атанды да шөктіреді. Ал оның алдын алу – салауатты өмір салтын ұстану.

Әлбетте, спортты серік, жақсылық жасауды көңіліне көрік еткен жанның көңілі жай. Мұндағы айтпағымыз, тас шайнаған шағында футбол алаңында қауышқан ардагерлер әлі де алаңнан ала допты ауыстырар емес.

Оған жуырда өткен турнирде көзіміз жетті.

Шағын футболдан Есік қаласының жоғарғы бетінде өткен аудандық турнирге төрт команда қатысты. Ұйытқы болған еңбек ардагері – Төлеген Иманбаев. Ұдайы спорт десе ішкен асын жерге қоятын Төлеген Шоманұлының бұл жолғы мақсаты тіптен бөлек. Ол турасында: – «Бала кезімізде тай-құлындай тебіскен, аяқ асын бөліскен, футбол алаңында талай мәрте бірге ойнаған азаматтар осында келді. «Сырлы аяқтың сыры кетсе де, сыны кетпейді» демей ме атам қазақ. Расында, байқасақ бәрі де тың. Бұл спортпен шұғылданғанның жемісі. Ала доп бәсекесінің әдіс-тәсілдерін толық пайдаланып жатыр. Міне, жас буын осы ісіміз арқылы татулықтың, бауырмалдықтың көрінісін көрсін, спортпен айналысудың пайдасын білсін деген ниет біздегі. «Ат тұяғын тай басар». Уақыт ырқымен көш керуен өзгереді. Сол сәтте соңымызда үлгі болар ұрпақ өссін деген мақсатымыз бар» дейді. Шынымен, алма-кезек ауысқан ала доп бәсекесі тартысты өтті. Арасында 67 жас-ты арқалаған Төлеген Жүнісов те жүр. – Спорт тек денсаулық кепілі емес, бейбітшілік елшісі. Біз осыны ұғынуымыз тиіс. Қазіргі буын сөзбен айтқанды емес, көзбен көргенді істейді. Сол себепті, спортқа деген риясыз құштарлығымыз әлі де таусылмағанын жастар көрсін, біріне бауыр, біріне дос болсын деген тілегіміз бар, – деп ақтарылды спорт ардагері. Кезектесіп ойнаған командалар жасыл алаңда барын салды. Әсіресе, екінші орынға таласқан Рахат округі мен Есік құрамасы үздіксіз шабуылмен жанкүйерлерінің делебесін қоз-дырды. Бастапқы айналымда 2-0 есебімен есіктіктер алға шықты. Командалық ойын үлгісін көрсеткен Рахат округі есепті теңестіріп те үлгерді. Не керек, 2-4 есебімен екінші орынға рахаттықтар жайғасты. Есік құрамасы үштікті тәмамдады. Ал жүзден жүйрік шыққан қаракемерлік спорт ардагерлері біріншілікке көтерілді. Сөйтіп, ауыспалы кубокты еншіледі. – Біз қанша ойынды көріп жүрміз. Бірақ бүгінгі ойын ерекше. Тамаша әсерде отырмыз. Жалпы, жаппай спортпен шұғылдану мемлекеттік саясаттың басым бағыты. Ал оны тек сөзбен емес, іспен дәлелдеуміз қажет. Ұрпағың айнадағы – өзің. Біз бүгінгі буынға қандай тәрбие, үлгі көрсетсек, ол міндетті түрде жалғасады. Осыны ұмытпайық!– дейді аудандық мәслихат депутаты Сейтхан Қырқынбаев.

Турнир соңында жеңімпаздар арнайы медальдармен марапатталды. Үздік ойын үлгісін көрсеткен ойыншылар да номинацияларға ие болды. Сол секілді Көктөбе құрамасы да арнайы алғысқа бөленді.

Қайнар ЖҰМАҒОЖА.

Оқылды 992 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…
Сәу 22, 2024

Қоғамды түзеуді өзімізден бастайық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 22, 2024

Экологиялық мәдениетті артыруымыз…

Қоғамды жаппай тазалыққа шақыру өте өзекті мәселе деп есептеймін. Біз ұстаздар…
Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет