Бейсенбі, 22 Тамыз 2019 14:22

Футбол алаңдары ашылды

Футбол алаңдары ашылды mezet.kz

Жақында Есік қаласының жоғары жағында орналасқан «Алатау» туристік базасында футбол алаңы ашылып, салтанатты мерекеге орай футболдан

жарыс өткізілді.

Жарыстың ашылу салтанатында ұйымдастырушы Ерлан Санғұлов қатысушыларға алғыс білдіріп, ойын ережелерін түсіндіріп өтті. Ала доп бәйгесінде Полиция басқармасы, Пробация қызметі, Төтенше жағдай бөлімі, Халыққа қызмет көрсету орталығы, «Есік су» мекемесі, «Іле-Алатау» МҰТП-нің Түрген филиалының құрамалары және «Талдыбұлақ», «Алатау» командалары бақ сынады.

Нәтижесінде, І орын ХҚКО-ның спортшыларына бұйырды. Талдыбұлақтықтар ІІ орынға жайғасып, Пробация қызметінің жігіттері ІІІ орынды еншіледі.

Маусым айының аяғында басталған құрылыс жұмыстары күні кеше аяқталған. 15 млн теңгеге жуық қаражат жұмсалған футбол алаңының аумағы 50х30. Мұнда ойыншыларға барлық жағдай жасалған.

 

С.НҰРАДИН.

* * *

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы және жастар жылы аясында жақында Амангелді ауылындағы Садыр орта мектебінде шағын футбол алаңы ашылды.

Салтанатты шарада округ әкімінің міндетін атқарушы Динара Тулебаева, мектеп директоры мен ауыл ақсақалдары жұртшылықты жаңа спорт алаңының ашылуымен құттықтап, спорттың қоғамдағы маңызына тоқталып өтті. Футбол алаңының лентасын қиып, жастарға деген ақ тілегін жеткізді. Қуанышты сәтке орай, шағын футболдан және басқа да спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылып, жастар жағы өзара күш сынасты.

Айта кетейік, Саймасай ауылдық округіне қарасты шағын футбол алаңын жасақтауға бюджеттен 10 млн теңге қаржы бөлінген. Жоба «Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасы негізінде жүзеге асқан.

 

Өз тілшіміз.

Read 362 times

Күнтiзбе

« Тамыз 2020 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама

для детей, достигших 12 лет