Бейсенбі, 17 Маусым 2021 14:22

Шелек ауылында республикалық турнир өтті

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында кикбоксингтен әлем кубогінің иегері, Еуропаның екі дүркін чемпионы, Азия чемпионы Елмұрат Қайыпжановтың жүлдесіне арналған бокстан Республикалық үшінші ашық турнир өтті.

Жарыстың құрметті қонақтары ретінде аудандық мәслихат хатшысы Бекет  Ахметов, «Nur Otan» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғоджаев, «Жомарт жүрек» медалінің иегері, Еңбекшіқазақ ауданының құрметті азаматы, спорт жанашыры Жангелді Осан, Шелек ауылдық округінің әкімі Сакен  Абдыхалықов, «Жекпе-жек» федерациясының президенті Сабыржан  Махметов, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Тұрсынғали Еділов,  «Alash Pride» жекпе-жек клубының президенті Данияр Каскарауов, ауданымыздың Шелек өңірінің спорт саңлақтарын тәрбиелеген жаттықтырушылар жарыстың ашылу салтанатына қатысты.

– Ауданымызда осындай  тартысты жарыстардың жиі өткізілуі көңіл қуантарлық жағдай. Саламатты өмір салтын насихаттауда, қалың бұқараны спортқа жаппай тартуда мұндай турнирлерді ұйымдастырудың маңызы зор. Қазақ спортының өркендеуіне септігін тигізген спорт шеберлерінің жүлдесіне арналған турнирлерді өткізу арқылы жас ұрпаққа ауданымыздың спорт саңлақтарын насихаттаймыз, – деді мәслихат хатшысы Бекет Ахметов.

Байрақты бәсеке Шелек ауылының мәдениет үйінде өтті. Жыл өткен сайын жарыстың даңқы алысқа жетіп жатыр. Сенбі күні аяқталған бұл жарыста  чемпиондарға «Спорт шеберіне үміткер» атағы берілді. Сонымен қатар үздіктер ел құрамасына өтіп, Азия біріншілігіне қатысуға мүмкіндік алып отыр.

Елмұрат Қайыпжанов атындағы республикалық жарыстың мақсаты –  талантты спортшылардың шеберліктерін арттырып,  спорт дүлдүлдерін жарыққа шығару. Осымен үшінші мәрте ұйымдастырылған дүбірлі додаға еліміздің 11 облысынан 174-ке тарта жас боксшы қатысты. Командалық есепте бас жүлдені Алматы облысы, екінші орынды Түркістан облысы, үшінші орынды Тараз қаласы, төртінші орынды Алматы қаласының командасы,  ШҚО командасы және Нұр-Сұлтан қаласының командасы иеленді. Сонымен қатар 15 спортшы «Спорт шеберіне үміткер» атағын иеленді. Жарыс жеңімпаздары демеушілердің бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

– Жарыстың басты мақсаты  –  болашақтың тұтқасы болар отансүйгіш, жігерлі ұрпақ тәрбиелеу. Бүгінгі жас спортшыларымыз қазақ спортының биікке көтерілуіне елеулі үлес қосқан чемпиондарымыздың жолын жалғайды деп ойлаймын. Сондықтан да ер-азаматтарымыздың намысын оятып, рухын көтеруде бұл жарыстың маңызы зор, – дейді Елмұрат Мұқашұлы.

 

Ілия СҰЛТАН

Оқылды 1607 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Бадминтон для… бокса Турнир тартысты өтті »

Соңғы жаңалықтар

Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…
Сәу 22, 2024

Қоғамды түзеуді өзімізден бастайық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 22, 2024

Экологиялық мәдениетті артыруымыз…

Қоғамды жаппай тазалыққа шақыру өте өзекті мәселе деп есептеймін. Біз ұстаздар…
Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет