Бейсенбі, 26 Наурыз 2020 11:56

Мәжіліс бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру туралы заң жобасын мақұлдады

Мәжіліс бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру туралы заң жобасын мақұлдады gogle.kz

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстанда бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру туралы" заң жобасы қаралды. Құжатты депутаттарға ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев таныстырды. Осылайша бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заң жобасы бірінші оқылымда-ақ мақұлданды.

"Біз еліміздің демократиялық даму жолында өте маңызды заң жобасын мақұлдадық. Біріншіден, осы бейбіт жиындарды ұйымдастыру және өткізу тәртібіне мәжілісте енгізілген өзгерістер ең алдымен мемлекеттік органдардың халықпен байланысын күшейтуге ықпал етеді", - деді мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин.

Оның айтуынша, екіншіден, бұл құжат азаматтарға кез келген мәселені ашық және еркін талқылауға мүмкіндік береді. "Мысалы, бұрынғы заңда митинг өткізу үшін бірінші кезекте рұқсат алу керек болатын. Қазіргі құжатта ең бастысы - бейбіт жиынға қанша адам қатысатынын, қандай мәселе болатынын және қайда өтетінін алдын ала ескерту қажет. Тағы бір ерекшелігі - ұйымдастырушылар мен қатысушылардың мемлекеттік органдардың жауапкершілігі қаралып, журналистердің құқықтары мен міндеттері белгіленіп отыр. Осының барлығы мемлекет, қоғам үшін өте қажет", - деп түйіндеді сөзін Нығматулин.

Оқылды 3608 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…
Сәу 22, 2024

Қоғамды түзеуді өзімізден бастайық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 22, 2024

Экологиялық мәдениетті артыруымыз…

Қоғамды жаппай тазалыққа шақыру өте өзекті мәселе деп есептеймін. Біз ұстаздар…
Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет