Әр жыл сайын қыркүйек айының екінші сенбісінде Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай халықаралық ұйымдардың бастамасы бойынша Дүниежүзілік алғашқы медициналық көмек көрсету күні атап өтіледі. Сол себепті, бүгін біз сіздерге жедел медициналық көмек келіп жеткенге дейін шұғыл түрде адамға қалай көмектесуге болатыны туралы бірнеше кеңес бергіміз келеді. Біріншіден, еш үрейленбеңіз және сасқалақтамастан науқастың жағдайын, яғни, оның сана-сезімін, тыныс алуын, жүрек соғысын, қан қысымын байсалды бағамдауға тырысыңыз. Екіншіден, дереу 103 нөміріне хабарласып, жедел жәрдем шақырыңыз және ешқандай жағдайда науқасқа аммиак қолданбаңыз.…