Кез келген мемлекетте әлеуметтік саланы дамыту, әсіресе, тұрғындардың әл-ауқатын арттыру, аз қамтылған отбасыларға қолұшын созу – негізгі міндеттердің бірі. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев еліміздегі әлеуметтік салаларды дамыту бойынша реформалар жасап, халықтың тұрмыс-тіршілігін арттыруға күш салуда. Ауданымызда да бұл сала бойынша нақты жұмыстар атқарылып, әлеуметтік жағынан аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, зейнеткерлер, ардагерлер мен көпбалалы аналарға мемлекет тарапынан барынша қолдау көрсетілуде. Әрине, ауданымыз ауқымды болғандықтан әлеуметтік әлжуаз топтарға жататын азаматтар санының жоғары болуы да заңдылық. Ағымдағы жылдың 1 ақпанындағы мәлімет бойынша Еңбекшіқазақ…