Бейсенбі, 08 Қазан 2020 11:29

Үміткерлер қадамына сәттілік тіледі

Партияішілік додада белсенділік танытқан үміткерлермен Nur Otan партиясы аудандық филиал төрағасы, аудан әкімі Қуанышбек Қашқымбаев кездесіп, жаңа саяси бәсекелестіктегі алғашқы қадамдарына құтты болсын айтты.

Кездесуде сөз алған аудан басшысы Праймериздің маңыздылығына тоқталып өтті: – Елбасымыз, партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нағыз патриоттар – елін мақтайтындар емес, оның кемшілігін көріп, түзетуге атсалысатындар» демеп пе еді. Расында, үгіт-насихат кезінде пікір-талас алаңында тамаша ойлар, кезек күттірмейтін мәселелер айтылды. Ақиқаты сол, мұндай дебаттар елімізді жаңа деңгейге көтереді. Бұл Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының көрінісі – дей келе барша үміткерлерге ризашылығын білдірді: – Сіздер тарихи сәттің куәсі ғана емес, оған білек сыбана кіріскен тұлғалар ретінде тарихта таңбаланасыздар. Себебі, доданың алғашқы қатысушылары өздеріңізсіздер! Ендеше, дүбірлі доданың сәтті аяқталуымен баршаңызды тағы да құттықтаймын! Біз біріксек – көппіз. Ал көптің ісі қайырлы болады. Демек, Тәуелсіз Отанымызды гүлдендіру жолында жұмылайық, «Nurоtan»дықтар!

Кейіннен Nur Otan партиясы Алматы облыстық филиал төрағасы, облыс әкімі А.Баталовтың Алғыс хаттарын табыс етті.

Сөз алған праймериз қатысушысы, жас кәсіпкер Әлішер Сейтен жас буынға осынау мүмкіндік берген партияға алғысын жеткізді.

Ресми мәлімет бойынша ауданымызда 9080 «Nurоtan»дықтар бар. Соның ішінен праймеризге 99 үміткер қатысты. Оның 9-ы түрлі себептермен додаға қатыспады. 90 үміткер межеге дейін сүрінбей келді. Нүктесін 8514 партияластардың (94 пайыз) дауыс беру нәтижелері қойды. Айта кетерлігі, дауыс беру 100 пайыз онлайн форматта өтті.

Нәтижелер «Primaries2020» сайтында.

 

Қайнар ЖҰМАҒОЖА

Оқылды 3769 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…
Сәу 22, 2024

Қоғамды түзеуді өзімізден бастайық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 22, 2024

Экологиялық мәдениетті артыруымыз…

Қоғамды жаппай тазалыққа шақыру өте өзекті мәселе деп есептеймін. Біз ұстаздар…
Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет