Сенбі, 04 Мамыр 2024 15:25

Шешімін табар шаруа көп

Өткен аптада Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының бірлескен отырысы өтіп, оған тұрақты комиссия төрағалары мен мүшелері, бөлім басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.

– «Еңбегіне қарай – құрметі» демек-ші, тәуелсіз елдің табысын арттыруға шын мәнінде, табанды еңбек қана жеткізеді. Адал еңбек пен жауапкершілік жаңа қоғамдық этиканың өзегі болуы керек. Бір сөзбен айтсақ, бір-бірімізбен үйлесімді әрі тиімді жұмыс істеу өте маңызды – деп,  отырысты  ашқан  Бекет Төлегенұлы, күн тәртібіне сәйкес баяндамашыларға сөз берді.

Күн тәртібінде Еңбекшіқазақ ауданының 2023 жылғы аудандық бюджеттің және Есік қаласы мен ауылдық округтердің бюджеттерінің атқарылуы туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Б.Искаковтың, Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Ж.Үсенбаевтың есептері қаралып, талқыланды.

Сонымен қатар, Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің дербес құрамын келісім беру және ведомствоара-лық сипаттағы мәселелер бойынша әкімдік жанындағы бірқатар консульта-циялық-кеңесші органдардың дербес құрамдарын бекіту туралы ше-шімдердің жобасы қаралды.

Күн тәртібі бойынша қарасты-рылған мәселелер бойынша ұсы-ныстар мен ескертулер назарға алынып, шешімдердің жобасын мәслихаттың сессиясында қарау туралы ұйғарым қабылданды.

16-19 сәуір аралығында Еңбекші-қазақ аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының жеке отырыстары өтіп, 2024 жылға бекітілген жұмыс жос-парына сәйкес, жергілікті атқарушы органның есептері қаралған болатын.

Атап айтқанда, Айжан Талкамба-еваның төрағалығымен өткен әлеуметтік бағыттағы салаларды дамыту мен заңдылық, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселе-лері жөніндегі тұрақты комиссияда кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша аудан аумағындағы ахуал және осы бағыт-тағы Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігі жанындағы ведомствоаралық комиссия мен құзырлы органдардың атқарған жұмыстары, аудан аумағында тарихи, мәдени және рухани құныдылықтарды нығайту, ескерткіштерді қорғау, саламатты өмір салтын қалыптастыру мен спортты дамыту, спорттық, ағартушылық және мәдени іс-шараларды өткізу, ономастика мәселелері мен тіл саясатын, салалық мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру бағытында Еңбекшіқазақ ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің есептері қаралды.

Ал, Эрлан Байшековтің төрағалығымен өткен ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның күн тәртібінде көктемгі дала жұмыстарына дайындық, суармалы сумен қамтамасыз ету мәселелері мен аудан аумағында туризмді дамыту, кәсіпкерлікті қолдау және агро-өнеркәсіптік саланы субсидиялау, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру туралы, 2023 жылы жолданған депутаттық сауалдар мен хаттамалық қаулылардың орындалуы, биылғы жылы сапалы өнім өндіріп, оны өткізу бойынша жоспарланған жұмыстар тыңдалды.

Виталий Вальковтың төрағалығымен өткен аудандық мәслихаттың құрылыс пен жалпы инфрақұрылымды дамыту, архитектура,  жолдар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысында Еңбекшіқазақ ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің құзіретіне жатқызылған негізгі міндеттер мен аудан аумағындағы өзекті мәселелерді шешу бағытында қабылданған шаралар туралы есеп талқыланды.

Сонымен қатар, Шолпан Касымбаеваның төрағалығымен экономика, бюджет және қаржы мәселелері жөнін-дегі тұрақты комиссия Еңбекшіқазақ ауданының, Есік қаласы мен ауылдық округтердің 2024-2026 жылдарға арнал-ған бюджеттерін өзгерістер еңгізу туралы шешімнің жобасын, 2023 жылғы Еңбекшіқазақ ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен аудан бюджетінің атқарылуы туралы есептермен тынысып, талдады.

Комиссия отырыстарында депутаттардың тарапынан көтерілген сауалдар мен ұсыныстар ескеріле отырып, тиісті хаттамалық қаулыға енгізіліп, тиісті атқарушы органдарға орындау үшін жолданды.

Тұрақты комиссияның бірлескен отырысынан кейін Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаттың кезекті XXI сессиясының отырысы өтіп, отырысты мәслихат төрағасы Бекет Төлегенұлы жүргізді.

Сессия жұмысына аудан әкімі Талғат Байеділов және аудан әкімінің орынбасарлары, басқарма, бөлім, мекеме басшылары, қала мен ауылдық округ әкімдері қатысты.

Күн тәртібіне енгізілген мәселелер бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Бейбіт Искаков, Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Жарқын-бек Үсенбаев баяндама жасап, Еңбекшіқазақ ауданының 2023 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы есептер талқыланды.

2023 жылғы жалпы аудан (аудандық және ауылдық бюджеттер) бюджетінің түсімдер бөлігі 102,5 пайызға орындалған, жоспар бойынша 31 млрд 901 млн 415,3 мың теңге, орындалғаны 32 млрд 706 млн 778,1 мың теңге. Яғни, жоспардан асып түскен түсімдер көлемі 805 млн 362,9  мың теңгені құраған.

Бюджет шығыстарының жиынтық (аудандық, ауылдық бюджеттерден тұратын) қаржыландыру жоспары 31 млрд 901 млн 415,3 мың теңгені, ал кассалық орындалу 31 млрд 292 млн 474,7 мың теңгені құрады немесе 98,1 пайызға орындалды (2022 жылы 98,5 пайыз). Игерілмей қалған қаржы көлемі 608 млн 940,7 мың теңгені құрады. Соның ішінде, 496 млн 229,6 мың теңге аудандық бюджеттік бағдарлама әкімшілері бойынша игерілмеген.

Бұл бағытта аудандық мәслихаттың экономика, бюджет және қаржы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Шолпан Қасымбаева қосым-ша қорытынды баяндама жасап, бірқатар ұсыныстар енгізіп, тиісінше оларды бекітуге ұсынылған шешімнің жобасында қарастырылғандығын жеткізді.

Аталған мәселе тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында алдын ала қаралып, тиісті ұсыныстар мен ескертулер енгізілгендіктен, «Еңбекшіқазақ ауданының 2023 жылғы аудандық бюджеттің және Есік қаласы мен ауылдық округтердің бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есепті қарау және бекіту туралы» шешім депутаттар тарапынан бірауыздан мақұлданды.

Күн тәртібінде бұдан бөлек Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің дербес құрамын келісім беру және ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша әкімдік жанындағы бірқатар консультациялық-кеңесші органдардың (комиссиялар мен кеңестердің) дербес құрамдарын бекіту туралы шешімдер қабылданды.

Сессия отырысының соңында аудан әкімі Талғат Ескендірұлы сөз алып, мәслихат депуттарына алғысын жеткізе отырып, есепті кезеңдегі аудан экономикасының негізгі көрсеткіштерінің орындалуы жайлы қысқаша ақпаратпен таныстыра келе, ел игілігі жолында бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, бірлесе жұмыс атқаруға шақырды.                          

 

Өз тілшіміз.

Әне-міне дегенше көктемнің екі айы өте шықты. Наурыз айы қарлы-жауынды болып, қыстың ызғарынан арыла алмады. Тәуір болатын сәуір де шаруа жағдайына жайлы бола қоймады.  Енді-енді көктемнің шуағы төгіліп, жердің сызы кетіп, шаруалар дала төсін дүбірге бөлеп, егіс жұмыстарын бастады. Осынау қарбалас тұста шаруашылық жұмыстарға  керекті техника, тыңайтқыш, жанармай, қаржы, тұқым, су мәселелерін шешуге қамдану – ауыл шаруашылығы саласындағы мамандардың құзырында.

Өткен аптада облыс әкімінің орынбасары Алмас Батанов ауылшаруашы-лық басқармасы, облыстық су шаруа-шылығы, «Бартоғай» су қоймасы мен Үлкен Алматы каналы мекемелерінің өкілдерін, ауданның басшы, жауапты мамандарын ертіп, шаруагерлердің өзекті мәселелерін талқылап, шешуге арнайы келіпті.

Бірінші сұрақ қойған Масақ ауылы-ның шаруа қожалық иесі Асы мен Сарытау жайлауына баратын жолдың нашар-лығын, Сарытау жайлауы жолындағы көпірдің сын көтермейтінін, сондай-ақ кенемен күрес, мал өлекселерін жою мәселелері ақсап жатқанын сөз етті.

Бұл мәселелер талқылана келе, жайлау жолы мен көпір иесіз қалғандығы, оны теңгерімге алу керектігі, сонда қаржы бөлінетіні,  уақытша жол құрылыс басқармасынан техника алып, түзеп жүріп шығу керектігі айтылды. Ал кенеге қарсы егілетін 36 мың вакцина алынғаны, мал өлекселерін көметін арнайы жер бөлуге мемлекеттік акт дайындау керектігі тиісті ауыл әкімдеріне тапсырылды.

Одан кейін Қаражотадан келген шаруа жылдан-жылға жанармай, минералды тыңайтқыштың қымбаттайтынын, ауылішілік 95 каналдың иесіз қалып, 100 шақы-рым болатын бұл жүйелер тазаланбай жатқанын, алқаптарды жиде басып кеткенін, сондай-ақ жаңа техника алуға 30 млн теңге бөлінетінін, оған керекті техниканы ала алмайтынын, ҮАК-ның суын пайдалана алмайтынын  тілге тиек етті. Қаражотада малға жем ретінде жүгері мен жоңышқа өсірілетінін, жоңышқаға сұра-ныс бар болғанмен, жүгері дәнін сақтайтын орынның жоқтығы да айтылды.  Бұған да техника, тыңайтқыш, несие беретін құзырлы органның мамандары жауап беріп, аудан, облыс тарапынан тиісті шаралар қолданылатыны айтылды. Шелектегі астық қабыл-дау пунктінің бұрынғы иесіне қылмыстық іс қозғалғанын, округ әкіміне сол жерден уақытша дән қабылдайтын қойма қарастыруды тапсырды.

Масақтық шаруа су тари-фін негізсіз көтере беретінін, су бағасының бірдей қойылатынын, жері жерасты суға жақын окургтер жылына егістерін бір-екі рет суарса, тастақты алты округ жылына 6-7 рет суаратынын, су шығыны өте көп болатынын, құрғақшылықтан күйіп кеткен өнімнің шығынын өтеу мәселелерін дұрыс шешсе деген ойын жеткізді. Сонымен бірге Байсейіт ауылынан Масаққа келетін арықтан малдың ішек-қарындары ағып келетінін де қынжыла өз сөзіне арқау етті. Шаруалар негізінен су жүйесінің әбден тозығы жеткенін, судың ысырабы өте жоғары болатынын айтты.

Жиынды аудан әкімі қорытындылап, қазір бұл мәселелер бойынша көптеген жобалар жасалып, жұмыстар қолға алынатынын жеткізді. Жақында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов ауданға іссапармен келгенде Д.Қонаев атындағы ҮАК-ның бас торабын, канал  жүйелерін  аралап көрген болатын.Сонда министр саладағы құрылымдар мен тарифтерді жүйелеуге жұмыс жасалып жатқанын, ирригациялық жүйелерді жаңартуға инвестор тартуға мүмкіндік берілетінін, алдағы уақытта су ресурстарын басқаруда жергілікті әкімдердің де құзіреттілігі арттырылатынын айтқан-ды. Шаруаларға бірер жыл түсіністікпен қарап, пробле-малардың шешілетін күні алыс еместін жеткізді.

 

Анарбек БЕРДІБАЕВ.

 

Сенбі, 04 Мамыр 2024 13:25

Ғасыр жасаған ардагер

Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды. Иә, елдің тыныштығы, Отанның қауіпсіздігі үшін қан майданда кеудесін оққа тосып, бүгінгі ұрпаққа Жеңістің ақ таңын сыйлаған ардагерлердің ерлігі ешқашан ұмытылмақ емес. Олардың көзсіз ерлігін өнеге етіп, арамызда жүрген ардагерлерді құрметтеу – біздің асыл борышымыз.

Жарық дүние күлкіге, әнге байып,

Жылдар зулап барады таңғажайып.

Сонау соғыс жылдары алыстады,

Алыстатқан жандар да қалды азайып, –

деп ақын Есенқұл Жақыпбек жырлаған қариялардың қатары, батыр аталардың қарасы сиреп барады.

Батырлық пен қайсарлықтың символына айналған Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің жүріп өткен жолы, туған жерді қорғауда көрсеткен көзсіз ерліктері – бүгінгі ұрпаққа үлгі-өнеге екені сөзсіз. Ауданымыздағы жалғыз Ұлы Отан соғысының ардагері, ауданымыздың құрметті азаматы Солтанбай Жарықбасов бүгінде 100-ге таяды. Ұлы Отан соғысынан жеңіспен оралып, саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған ардагер бүгінде бала-шаға мен немере-шөберелерінің, ауылдастарының ақылшысы.

Бәйтерек ауылдық округіне қарасты Алға ауылында тұратын ғасыр жасаған ардагер Солтанбай Жарықбасов Еңбекшіқазақ ауданы Алға ауылында дүниеге келген. 1943 жылдың қаңтарында Ташкенттегі мергендер курсында оқып, сәуір айында әскерге аттанады. Забайкалье майданындағы 25-ші қызыл тулы механикаландырылған бригаданың құрамында 1-ші батальонының, 1-ші ротасының пулемет бөлімшесінің командирі болған. Жапондықтарға қарсы соғысқа қатысқан. 1950 жылдың сәуірінде Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының Алға ауылына оралып, кол-хоздың есеп комиссиясының төрағасы қызметін 1951 жылдың тамызына дейін атқарады.

1951 жылы Түрген педагогикалық училищесін, 1969 жылы Қазақ педагогикалық институтының тарих факультетін сырттай бітірген. 1951 жылдың қыр-күйегінен 1956 жылға дейін Алексеевка және Ключи орталау мектептерінде мұғалім болып істеп, 1956 жылдан Алға бастауыш мектебінің меңгеруішісі, оқу ісінің меңгерушісі, 1971 жылдан 1985 жылға, яғни зейнеткерлікке шыққанға дейін, мектеп басшысы қызметтерін абыроймен атқарды. 1992 жылдан бері Бәйтерек ауылдық округі ақсақалдар алқасының төрағасы болып, еліне еңбек етуден жалыққан емес.

Солтанбай атамыз І дәрежелі «Отан соғысы» орденімен және 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің мерейтойлық, мерекелік медальдарымен марапатталған. Ақсақал сегіз баласынан немере, немерелерінен шөбере сүйіп отыр. Өзінің үлкен әулетіне 2014 жылы Алматы облысы бойынша «Мерейлі отбасы» атағы берілді. Өмір жолы өнеге мен парасатқа толы қариямыз өзінің кіндік қаны тамған Алға ауылында, ауылдастарының ақылшысы болып ғұмыр кешуде.                                             

 

С.НҰРАДИН.

Заманбек Қалабайұлы Нұрқаділовті замандастары да, кейінгі ұрпақ өкілдері де спорт тілімен айтқанда ауыр салмақтағы саясаткерлер қатарына жатқызатын. Ол кісіні көзіммен көріп қана қоймай, тілдесу мүмкіндігі және Алматы облысының әкімі лауазымын атқарып жүрген кезеңде  қолынан Құрмет грамотасын алу бақыты бұйырды. Елінің, халқының жай-күйін, тұрмыс деңгейінің көтерілуін, ұйымдастырушылық қабілеті зор басқарушы ретінде танылған З.Нұрқаділовтің қазақ қоғамының әр мүшесінің де, елге қызмет етіп жүрген әр саланың да кем-кетігін жіті бақылап, жедел шешім қабылдайтын басшы екенінің айғағы ретінде санау  2000-ы жылғы  маусым айының соңында болған бір көріністі келтіре кетейін.

28 маусымда Баспасөз күні облыс әкімі З.Қ.Нұрқаділов ақпарат тарату саласы қызметкерлерінің өкілдерін қабылдап, биік жетістіктерге жеткен журналистерді марапаттап, құттықта-ғаннан кейін бәрімізге қарата: «Кетіп қалмаңыздар, кәсіби мерекелеріңізді бір шәугім шәйдің аясында отырып атап өтейік. Мен де кезек күттірмейтін жұмыс-тарымды бітіріп, сіздерге қосыламын», – деп кабинетінен шығарып салды.

Бірімізді біріміз құттықтап журналис-тер қауымы біршама отырып қалсақ керек, ашық даусымен сәлем жолдай Зәкең де кіріп келді. Мен дастарханда елімізге белгілі  фото-журналист Нұр-мамбет Қизатовпен қатар отырған едім. Заманбек Қалабайұлы үстел үстін бір шолып өтіп:

– Жібек, мына дастарханға қойыл-ған шөп-шалаң мен бала-шағаға арналған сусын журналистер ішіп-жейтін дүниелер емес қой, бар жылы-жұмсақтарыңды, ащы-тұщыларыңды шығарыңдар бері, – деп өзінің орынбасары Ж.Әмірхановқа бұйыра сөйледі.

Енді бір сәтте Н.Қизатовтың фотоаппаратына көзі түсті де, сөзге тартайын деді ме екен:

– Иә, Нұреке, фотосуреттеріңізді көріп жүрмін. Шебердің қолынан шық-қан өнер туындысы десе болады. Бірақ фотоаппаратың бұрынғы кеңестік заманның бұйымына ұқсайды екен, – деуі мұң екен, сөзге шебер Нұрмамбет Қизатов бірден әңгімені бүйірден қойды:

– Заманбек Қалабайұлы, «Жетісу» газеті әлі күнге  моральдық жағынан тозған аппаратурамен жұмыс істеп жатыр.

– Ал бүгінгі күннің талабына сай фотаппарат қанша тұрады? – деп сұрақ қойды Зәкең.

– Енді ең арзан дегені екі-үш мың-ның маңайында ғой, – деп Қизатов күмілжің кіреді.

 – Қымбат, арзан деп сұрап тұрғаным жоқ, сапалы сурет шығаратын дұрыс фотоаппарат қанша тұрады? – деп сұрақты тікесінен қойды облыс әкімі З.Нұрқаділов.

– Бес мың, – деп Қизатов та керегін нақтылап айтты. 

Заманбек Қалабайұлы көмекшісін шақырып алып, «Жетісу» газетінің тіл-шісіне таңдаған фотоаппарат  алып берілетін болсын», – деп тапсырды.

– Сөйтіп, ең соңғы маркалы фотоаппаратпен жұмыс істейтін болдым, – деп еске алып отыратын Н.Қизатов.

З.Нұрқаділовтің Еңбекшіқазақ ауданы елді мекендерін, шаруа қожалық-тарын аралағанда, басқа да өндіріс нысандарында болғанда, ең алдымен қоятын сұрағы: «Өнім  өндіру үшін не жетіспейді?». Осы сұрақты  анық-таған соң мәселені бірден шешуді қабылдайтын қасиеті елге мәлім.

Төмендегі суретте осындай бір жүге-рі егістерінің басындағы сол кездегі аудан әкімі Құдайберген Орынбетовпен, шаруашылық басшыларымен кездесу сәті бейнеленген.

 

Х.Ахметжанов,

«Еңбекшіқазақ» газетінің бас

редакторы.

Сенбі, 04 Мамыр 2024 13:22

Жақсының аты өлмейді

Әр заманның өзіне тән нар тұлғалары болады. Олардың абыройын асқақтатын дүние – ұлт мүддесі үшін атқарған ерен еңбектері мен Отанға деген кіршіксіз махаббаты. Қазақ тарихтың биік тұғырынан орын алар өр тұлғалы, қасқыр мінезді, қайсар жандардан кенде емес. Сондай аруақты ерлердің санатына біз Заманбек Нұрқаділовті еш күмәнсіз қоса аламыз. Себебі оның беделін ерім дейтін қалың елі жыл өткен сайын арттырып келеді.

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев ел көкейінде тұншығып жатқан мәселелердің оң шешімін табу жолында нақты істерге ұйытқы болуда. Оның бір көрінісі – өз заманының саясаттағы заңғар тұлғасы Заманбек Нұрқаділовке тарихи әділ баға берудегі алғашқы қадамдардың жасалуы. Қара ормандай халықтың алып азаматына деген құрметі зор болғандықтан, бұл жайт бұқараның көңіліне қуаныш ұялатқаны анық.

З.Нұрқаділов туралы ел аузында небір аңыздар мен ерлікке толы әңгімелер жүр. Оның бәрі бір кітапқа да сыймасы анық. Осы орайда қоғам қайраткері, Заманбек Қалабайұлымен қызметтес болған Кенесары Қаптағаевтың естелігімен бөліссек.

«Мен 1989-90 жылдары Халық шаруашылығы институтында деканның орынбасары болып қызмет атқарып жүрдім. Сол жылы біздің институт және Сәулет-құрылыс институты, Алматы үй-құрылыс комбинаты, Мақта-мата комбинаты сияқты бірқатар білім ошақтары мен қоғамдық орталықтардың қыз-жігіттері бірлесіп «Қазақ тілі қоғамын» құрдық. Бізге сол кезде жергілікті билік тарапынан рухани және материалдық көмек көрсетуге мұрындық болған Сапура Жүсіпова болатын. Сапура онда Алматы қалалық атқару комитетінде Заманбек Нұрқаділовтің орынбасары еді. Кейіннен білсек, Зәкең бірінші басшы ретінде мұндай ұлттық мәселемен басқалардың жынын қоздырмау үшін, Сапураға барлық міндетті жүктеп, өзі жағдайды сырттан бағып жүреді екен.Біз қазақ өз мүддесін жоқтаған сол қиын-қыстау заманның өзінде ұлттың салт-дәстүріне, болмысына біраз пайдалы жұмыс істедік. Сол кезде Сапура Таубалдықызы Қалалық атқару комитетінің Ұлтаралық қатынастар бөлімінде бір орынның бос екенін айтты. Мен бардым, Зәкеңе кіріп едім, жұмысқа бірден қабылдады. Өйткені «Қазақ тілі қоғамындағы» шаруаларымнан хабары бар екен. Сөйтіп, Зәкеңнің қарамағында қызмет істей бастадым. Зәкеңді дәлізде көргендер: «Здрастье, Заманбек Қалабаевич!» деп амандасып жатады. Ал мен «Ассалаумағалейкум, Заманбек аға!» деп амандасамын. Оған Зәкеңнің іші жылып, тоқтап тұрып қолымды алатын.Бірде қалалық кеңесте үлкен мәжіліс өтетін болды. Орны – «Саяси ағартушылар үйі». Мәжілісте тұңғыш рет бейбіт шерулерді қалай өткізу туралы мәселе көтерілді. Заң бойынша мәжіліс өтетін жерге Қазақстанның туы ілінуге тиіс еді. Алайда ту не үйдің төбесіне, не кіреберіске ілінбепті. Қалалық кеңестің төрағасы Қадір Бәйкенұлы жиынды ашып, кімнің қандай ұсынысы бар екенін сұрады. Мен қолымды көтеріп, орнымнан тұрып: «Қазақстанның туынсыз мәжіліс өткізу еліміздің заңына қайшы келеді», – дедім. Бәйкенұлы: «Сіз кімсіз, депутатсыз ба?» – деп сұрады. Мен: «Жоқ, депутат емеспін», – дедім. «Онда жиналысқа қатыспайсыз, боссыз!» – деп, залдан шығарып салды. Ол сенбі күнгі жағдай болатын.Дүйсенбі күні жұмысқа келсем, жұмыстағылардың бәрі алдымнан шығып: «Сізді Нұрқаділов күтіп отыр», – дейді, жүздері салыңқы, Зәкең бәрін «қуырыпты». Кеңсесіне кірдім. Заманбек аға бірден айқайға басты. «Ондай данышпан болсаң, қайда жүрдің, туды өзің ілсең болмай ма?!» – дейді барлық қызметшілердің көзінше. Айқайлап алып: «Боссың, енді мұнда жұмыс істе-мейсің!» – деді қолын бір сілтеп.

Салым суға кетіп, екі күннен кейін «Еңбек кітапшамды» алайын деп әкімдікке келсем, тура қарсы алдымнан Зәкеңнің өзі шыға қалды. Әдетім бойынша: «Ассалаумағалейкум, Заманбек аға!»  деп амандастым. Зәкең сәлемімді алып: «Әй, сен не істеп жүрсің?» – дейді. Мен: «Не істеуші едім, аға? Сіз жұмыстан қудыңыз, енді «Еңбек кітапшамды» алуға келдім», – дедім. Сөзімнің соңын күткен жоқ: «Бұрын қанша айлық алып жүрдің?» – деп сұрады. Мен: «120 рубль», – дедім, қысқа сұраққа қысқа жауап қайтарып. Зәкең: «Онда ертеңнен бастап 280 рубль аласың, жұмысқа кіріс», – деді кесіп сөйлеп. Мұны айтқан себебім, Зәкеңнің азаматтығының биік, қазақы менталитетінің терең екенін және ол кісімен қалай, қандай жағдайда танысқанымды еске алуым еді.

Зәкең мен істеген жұмыстарды сырттай бақылап, іштей риза болып жүріпті. Онысын жүзінен сезетінмін. Бетпе-бет кездесіп қалған кезімізде үнемі жылы жымиып аманымды алатын. Бірде Зәкеңе бір құжат апардым. Онда Алматыдағы мектептерде қазақ тілі пәнін оқытудың өте сұрқия саясаты жазылған болатын. Яғни сол жылдары қалалық мектептерде қазақ тілі пәнін тар, нашар кәбинеттерде оқытып жүріпті. Мен соны шешу туралы құжат дайындағам, Зәкең ойланбай қол қойды. Сөйтіп, біз барлық мектептердегі ең үлкен, таза, бұрын «Орыс тілі» мен «Литература» кәбинеттері болған жақсы аудиторияларда «Қазақ тілі» сабағын оқытуға жол аштық. Нұрқаділов мектеп-балабақша мәселесінде айтарлықтай тамаша қызметтер істеді. Мәселен, Қалабайұлының шешімімен 15 орыс мектебі, 30 балабақша қазақшаланды. Шешімді қабылдауға Зәкең қарапайым әдіс-амал қолданатын. Радиусы бір шақырым келетін аумақтағы мектеп, балабақшаларды күрделі жөндеуден өткіземіз деген сылтаумен жауып, 5-6 айдың ішінде қайтадан ашқан кезде, қазақшаға айналдырып жіберетін. Осы қазаққа жаны ашыған қулықты қазіргі басшылар білмейді де ғой...

Қазірге дейін қазақ мектептерінен өзге білім ошақтарында «Қазақ тілі» пәнін бөліп оқыту дәстүрі Заманбектің заманында басталған. Қалабайұлының қазақ десе, шығарда жаны бөлек еді. Мәселен, ұлттың кез келген мәселесіне байланысты шаруада ол ешқашан екі сөйлеген емес. Абайдың 150 жылдығы, одан өзге де мерейтойларда зиялыларды бір минут есік көзінде күттірген жоқ.

Заманбек Нұрқаділовтің Қазақстан тарихында алтын әріппен сақталатын бір еңбегі – Алматы көшелерінің атын қазақшаға ауыстыруы. Осы күнгі айтып жүрген қазақша көше атауларының бәрі Қалабайұлының қалауымен жасалған дүниелер. Көше атын ауыстырудың да өзіндік жыры болды. Керекті құжаттарды дайындап, Қалалық атқару комитетінің күн тәртібіне өткіздім.Бірақ жоспарға ілінбейді. Бір емес, екі, тіпті үш рет қайталанды. Өйткені Зәкеңнің Артамонова деген орынбасары болатын. Ол кезде бүкіл Алматының пәтер беруінен бастап, үлкен-үлкен шаруаларының бәрін Қалалық атқару комитеті шешетін. Бірақ Комитет төр-ағасы Заманбек болғанымен, құжат алдымен Артамоноваға түсетін. Мен дайындаған құжаттар кейіннен бір-тіндеп, Артамонованың сейфіне түсе берді. Сөйтіп, Алматының 16-17 көшесі-нің атын өзгерту туралы құжат Зәкеңе жетпеді. Құжат Нұрқаділовтің қолына тимеген соң, шешім шықпады.

Арада екі-үш ай өтті. Ақыры, шыдамай, газет редакцияларына бардым. Олар да шешім болмаған соң, жария-лауға батылдық ете алмады.Бір күні қазіргі «Егемен Қазақстан» газеті, сол кездегі «Егеменді Қазақстанға» бардым.Онда «Егемендіде» қазіргі «ДАТ» газеттері жобасының бас оқырманы Ермұрат Бапи тілші болатын. Ермұратқа барлық жағдайды түсіндіріп айттым. Ол бірден жанып кетті: «Береміз!» – деді. Сонымен Зәкеңнің мөрі жоқ, қолы қойылмаған құжатын газеттің бірінші бетінде 1991 жылы 13 қараша күнгі санында жариялауға мұрындық болды.Әрине, ол кезде мұндай батылдық екінің бірінің қолынан келе бермейтін шаруа еді. Газет шыққаннан кейін, Алматыдағы біраз негізгі көшелердің коммунистік атауы қазақшаланып, бүкіл республика шулады. Зәкең осы мақаланы көрді де: «Қазақстанның бірінші газеті осылай деген екен, ендеше, көшелердің атауы өзгеруге тиіс!», деп, мөрін басып, қолын қойып, көшелердің атауын бір күнде өзгертіп жіберді.

Міне, сөзімізге тұздық болсын деп осындай деректерді назарларыңызға ұсынған жайымыз. Заманбек Нұрқаділов кейінгіге үлгі болып, жастардың мақтан тұтар қаһарманына айналары сөзсіз. Себебі есіл ердің есімі, ерен еңбектері халықтың жадында жатталып, санасында сақталып қалары анық.

 

Дайындаған

Ринат НАРХАНОВ.

Сенбі, 04 Мамыр 2024 13:12

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна»  – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она проста и банальна? В Казахстане – стране казахов,  эта фраза звучит из уст и немца, и уйгура, и поляка, и грека, и украинца, и представителей еше ста национальностей, чьи исторические корни далеко за пределами Великой  Степи. А Родина, родная земля –  все же здесь. Биография нескольких поколений народов-«новоселов» неотрывно связала  их с казахской землей, с ее   необозримыми просторами, золотым ковылем Сары-Арки, величественными хребтами Алатау, Каспием и Аралом. Каждый казахстанец может сказать: «Здесь, в пшеничных полях целины, построенных городах, достоянии культуры и искусства есть и частичка моего труда и труда моих предков, здесь мой дом и будущее моих потомков…»

Когда мы говорим о единстве народа Казахстана, нам не надо объяснять, на чем оно основано – достаточно принимать очевидный факт, не требующий силлогизмов и доказательств. Добрая воля казахского народа, его гостеприимство и отзывчивость, мудрость  многовекового опыта сосуществования его ментальности с ментальностью соседних этносов сыграли в формировании этого единства ключевую роль. Испытания первой половины 20 века повлекли неслыханное сокращение коренного населения Казахстана, в результате которого казахи на своей исконной территории стали национальным меньшинством. Голодоморы после гражданской войны, в период коллективизации, жертвы, принесенные в  Великую Оте- чественную войну, не уничтожили душевную щедрость казахов, принявших и обогревших миллионы беженцев из прифронтовой полосы, депортированные народы, спецпереселенцев, давая им возможность выжить и встать на ноги. Сами обездоленные, они приняли сердцем чужую боль, дали «чужакам» место под своим кровом и за своим дастарханом. Многие потомки депортированных семей и теперь дружат с потомками своих спасителей. И потому никого не удивляет, что жители  Казахстана  –  люди любой национальности, на которых не вешают ярлык мигрантов или национальных меньшинств. В республике  выходят газеты и журналы на разных языках, есть национальные театры, в местах компактного проживания этносов ведется преподавание на родном языке в этнических общеобразовательных школах, специализированных лингвистических центрах. В нашей стране не только в кафе,  в обычных семьях готовят блюда десятков  национальных кухонь, на праздниках можно увидеть представителей этнокультурных центров в любой национальной одежде, познакомиться с историей и культурой народов, составляющих мультикультурную и полиэтническую базу казахстанского общества.

Огромная роль в сохранении межнационального и межконфессионального мира и согласия отведена этнокультурным центрам как национальным институтам гражданского общества. Их лидеры и активисты ведут среди своих этносов воспитание главной  гражданской  обязанности – сознания общей для всех казахстанской идентичности и казахстанского патриотизма. Приоритетом в этом воспитании является   уважение к истории, культуре и языку казахского народа, за которым конституционно закреплен статус единого для всех граждан государственного языка. 

Савелий КАРАСАВИДИ руководит небольшим, но активным районным греческим этнокультурным центром «Эноси». ЭКЦ «Эноси» представляет греческий этнос, проживающий   в Есике, Каракемерском, Аватском, Байтерекском, Жанашарском, Саймасайском, Байдибекбийском, Шелекском округах. Вместе с республиканским и областным  этнокультурными греческими объединениями «Эноси» организует изучение греческой культуры, проведение национальных праздников,  на днях культуры в районе и области представляет искусство, быт, традиции греческого этноса. Почётный гражданин  Енбекшиказахского района, Савелий Карасавиди удостоен медалей «20 лет Ассамблее народа Казахстана», «25 лет Независимости Казахстана», грамот и благодарственных писем областного и районного акиматов, Ассамблеи народа Казахстана. За вклад в укрепление межнациональной дружбы награжден Золотой медалью Ассамблеи народа Казахстана «Бірлік».

Савелий Савельевич родился в 1955 году в с. Маловодное (ныне Байдибек би)  в  семье понтийских греков, депортированных из Краснодарского края в Казахстан в 1942 году. В 1972 году  с золотой медалью окончил СШ имени Н.Островского в с.Евгеньевка, поступил в Тучковский автотранспортный техникум (Москва), который на «отлично» закончил в 1974 год. В том же году поступил в Московский институт управления им. С.Орджоникидзе, который закончил в 1979 году с «красным» дипломом по специальности инженера-экономиста по организации управления автомобильным транспортом. Вернувшись на родину, работал начальником отдела труда и заработной платы управления междугородных перевозок  Министерства автомобильного транспорта Казахской ССР, заместителем директора Есикского АТП по экономическим вопросам, позже был избран секретарём парторганизации Есикского АТП, был инструктором орготдела Енбекшиказахского райкома партии. В 1989-1997  годах возглавлял отдел внешнеэкономических связей крупнейшего в республике агропромышленного комбината «Иссык». Соместно с Правительством Республики Казахстан, Министерством финансов РК, банком «Әлем» вел   подготовку контрактов с Югославией на строительство кукурузо-калибровочного завода в Балтабайском округе (сейчас построенный ККЗ относится к семеноводческому хозяйству ТОО «Будан»), занимался контролем поставок оборудования на ККЗ. Во многом благодаря усилиям Савелия Савельевича в Казахстане в настоящее время производятся собственные семена высокоурожайной кукурузы на основе гибридных  сортов НИИ «Земун поле» ( Сербия). После упразднения АПК руководил ТОО « МП Олимп», в 2001 году создал ассоциацию крестьянских хозяйств «ЭОС». В настоящее время  является руководителем КХ "ЭОС", которое выращивает  овощи и производит их засолку и квашение, поставляя продукцию в торговые сети г. Алматы и других городов. Вместе с супругой, Анной Николаевной, воспитал троих детей: сына Савелия и дочерей Анну и Елену.

Что помогает ему, деловому человеку, предпринимателю, уделять немало времени общественной работе?  Для Савелия Савельевича его наставники и воспитатели – прежде всего родители, сельские труженики, поднимавшие на ноги многодетную семью в нелегкие послевоенные годы. Лучшим примером для него стал отец. Его Савелий Карасавиди вспоминает с глубокой душевной теплотой:

– Вспоминая своего отца, Савелия Аврамовича, отмечу такие черты его характера, как немногословность и сдержанность. Возможно, причиной тому были годы жизни «под комендатурой», когда одно неосторожно брошенное слово могло стать основанием для осуждения и тюрьмы.  Но это не мешало ему быть честным, порядочным человеком, ответственным за свои поступки и умевшим требовать такой же ответственности от других. Его главными заповедями были  «Не укради», «Не бери чужое», «Всего достигай своим трудом». Это был грек-понтиец,  уважающий и соблюдающий обычаи и традиции классического понтийского уклада, где роль жены и мужа одинаково  ответственны и уважаемы. Где есть глава семьи,  но нет тирана. Где мужчина – это коренник  в семейной упряжке. Отец практически никогда не вмешивался в текущие вопросы, если всё шло нормально. Всё текущие дела решала мать. Но когда возникали какие-то проб-лемы, то мнение  отца было решающим и уже не обсуждалось.   

На первом месте у него была работа, потом семья. Работать в его бригаде виноградарей совхоза «Гигант» было почётно и выгодно. У бригады было большое количество грамот и дипломов, как на уровне совхоза и района, так и на уровне Казахской ССР. За высокие достижения отца даже представили к награждению  орденом Ленина и званием Героя Социалистического Труда. Но  в каких-то кабинетах решили, что он, представитель депортированного народа, не подходит по национальности...                                              

 У отца  в разные годы  было от 50 до 150 га виноградников. Его бригада за сезон  собирала  более 1000 тонн винограда, но  домой он не приносил даже килограмма. В 80-е годы такое  бережное  отношение к государственной собственности уже было донкихотством, но отец не изменял своим правилам. Он  не принимал в бригаду кого попало, требовал от  всех качественного труда.  Но именно поэтому рабочие его бригады  получали хорошую премию на каждый заработанный рубль. они не боялись, что не на что будет купить уголь на зиму, что-то другое, необходимое семье и детям. В урожайные годы члены бригады могли по итогам года купить себе мотоцикл или даже «Москвич». Кажется, в 1977 году, бригада отца  получила 1565 тонн винограда.  Часть урожая, около 300 тонн, он сдал в счёт других бригад, чтобы те получили премию. Он всегда был готов поделиться с  другими людьми. Я помню один разговор между родителями. Шла речь, о том, что кому-то надо было помочь.  Мать говорила, что мы сами концы с концами еле сводим, дети ходят в школу в штопаной одежде. Но отец сказал, что там детям есть нечего и настоял на своём, и помощь более бедной семье была оказана нашими родителями. С ранних лет он приучал своих детей к труду. Помню, я после второго класса ходил на поле со старшими и таскал сумки с едой, приносил воду,  а после третьего уже работал наравне со всеми. Трудовая закалка и воспитание ответственности за свои поступки помогли нам, его детям, найти свое место в жизни. На доске почета в школе  им Н. Островского висели фотографии медалистов семьи Карасавиди: сестры Анны (серебряная медаль),  брата Дмитрия и моя (золотые медали). Другой семьи, в которой было бы сразу три медалиста,  не было в нашем селе, да , наверное, и в районе. 

Отец рано поседел, на пенсии у него обострились запущенные хронические  болезни, и в апреле 1986 года он скончался. По понтийским традициям в память о нем и матери, Анне Дмитриевне, я назвал сына и одну из двух дочерей  их именами.  Все, что мы, их дети, сумели достичь, заслуга наших родителей. Их нравственные, душевные качества, жизненные принципы всегда являются для меня высшим примером и в работе, и в общественной деятельности.

С 1992 года я  руковожу греческой общиной Енбекшиказахского района, в  2002 году официально зарегистрировал греческий этнокультурный центр «Эноси». Нами проводится значительное количество культурных мероприятий,  оказывается помощь малообеспеченным, школьники и пенсионеры участвуют в различных программах по посещению Греции.

Мы стремимся сохранить своеобразие музыку, быт греческого народа, хотим, чтобы молодежь имела представление об исторической родине,  выезжала в Грецию на познавательные экскурсии, на обучение. Представители греческого ЭКЦ района   всегда принимают  участие в днях культуры района г.Талдыкоргане, в Енбекшиказахском районе, в мероприятиях, проводимых областным и республиканским греческими обществами. ЭКЦ «Эноси» самостоятельно и с помощью областного и республиканского греческих центров организовал шесть концертов с участием народного артиста Казахстана Лаки Кесоглу в Есике и один в Шелеке. Выставки греческой культуры, акции помощи ветеранам труда, благотворительность входят в обязательный план работы ЭКЦ.  Культура и духовные ценности каждого этноса в РК сохраняются и культивируются путем бережного отношения к национальным особенностям соседей по общему дому,  в первую очередь, казахского народа, поэтому в мероприятиях центра всегда участвуют люди разных национальностей.

И.ТУРАНИН.

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның негізгі мақсаты – ауыл тұрғындарының қаржылық сауаттылығын арттыру, банкке проблемалық берешегі бар азаматтарға заң жүзінде көмек көрсету. Аталған жобаның аясында жуырда 6654 әскери бөлімінің қызметкерлерімен кездесу өткізілді. Алматы облысы бойынша ментор, қаржы эксперт Айгүл Жайлыбаева, қаржы эксперт Руслан Шалқаров жобаның мақсатын баяндап, пайдалы кеңестерімен бөлісті.

Өз кезегінде Айгүл Мирасқызы:

– Адам несие рәсімдейтін сәтте не үшін алатынын айқындап, ол ақша немесе тауар қаншалықты қажет екенін ұғынып, болашақта қиналмай төлеуіне сенімді болып және келісімшартпен аса мұқият танысу керек. Өкінішке қарай бүгінгі таңда отандастарымыздың жартысынан көбінің басында несие бар, ал ол несиелердің басым бөлігі аса қажетсіз мақсатта алынғанын байқадық. Табысымен санасып, алды-артын өлшемей несие ала бергеннің кесірінен түрлі қиындыққа тап болып жатқан жандар өте көп. Бұл белең алған аса қауіпті үрдістің бір ғана себебі – жерлестеріміздің қаржылық сауаттылығының төмендігі болып отыр, – дей келе банктердің көпшілік байқап, есептей бермейтін көлемді пайыздарына, азаматтардың қателіктеріне кеңінен тоқталып, келелі кеңестер берілді.

Сондай-ақ мамандар 6654 әскери бөлімінің қызметкер-леріне арнайы теориялық түрде 10 күндік қаржылық сауаттылықты арттыру сабағын үйрететін болды.

Ринат НАРХАНОВ.

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында  аудан орталығында тұрғындармен кездесіп, емен-жарқын пікірлесті. Іс-шараға аудан әкімі Талғат Байеділов, ішкі саясат бөлімінің  басшысы Дархан Ахметов және ақсақалдар қауымы  мен ардагерлер қатысты. Кездесуде сөз алған Мәлік Нұржанұлы мемлекеттік саясат туралы айтты.

 – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел бірлігін, халықтың бейбіт заманда өмір сүруін басты назарға алды.  Әлемдік ахуал біздің елді сырт айналып өтпесі анық. Яғни әлемдегі жағдай біздің экономикамызға, саясатымызға әсер етері анық.  Соңғы екі айда Мемлекет басшысы 25 елдің Президентімен кездесті. Бұл кездесулердің басты мақсаты – ел қауіпсіздігін сақтау, елдің сыртқы саясатын, сауда-экономикалық байланыстарды нығайта түсу. Халық – біз, мемлекет біздікі болғандықтан, Отанымызға  деген жауапкершілікті  мойнымызға аламыз. Бүгінгі кездесуде сіздердің пікірлеріңізді тыңдап, қоғам шіндегі жағдайды біліп,  алдағы уақытта халық мәселесі бойынша жұмыс жасаймыз, – деді Президент кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы.

Кездесуге жиналған жұртшылық аудан ішіндегі қолайсыз жағдайларды ортаға салды.  Кейбір ауылдарда әлеуметтік нысандар бой көтерсе, жұмыс орындары ашылып, әсіресе, жастар жұмыспен қамтылып, ауыл жұртының әл-ауқатын жақсарту  мақса-тында бағдарламалар қолға алынса деген өтініштерін жеткізді. Сонымен қатар медицина саласына назарылықтарын білдірді. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тілеулес Ұзақов  өңірлік туризімді  дамыту, ауыл шаруашылығына қатысты маман тап-шылығын шешу, мемлекеттік сатып алу саласындағы келеңсіздіктерді алдын алу сынды өзекті мәселелерді айтып өтті. Ақсақалдар қауымы қазіргі жаһандану дәуірінде саналы ұрпақ тәрбиелеу, жастарды кітап оқуға ынталандыру, қоғамдық сананы дамыту бағытындағы ойларын  жеткізді. Заман талабына сай жастардың білімдерін шыңдау мәселесін көтерді. Жиын соңында Мәлік Нұржанұлы әрбір айтылған мәселеге мән беріп, шешілу жолдарын қарастырып, Мемлекет басшысына жеткізуге уәде етті.

 

Айерке МЕРЕКЕҚЫЗЫ.

Сенбі, 04 Мамыр 2024 13:05

Бір шаңырақ астында

Ынтымақтастық пен бірлік – мемлекеттің даму кепілі. 130-дан астам этносты бір мақсатқа ұйыстырып, бір мүдде жолында біріктірген елімізде халықтар достастығы бәрінен биік тұрады. Тіліміз бөлек болса да тілегіміз бір, түсіміз бөлек болса да жүрегіміз бір. «Отан отбасынан басталады» демекші, татулықпен дамуға принципін ұстанған Қазақстанның кішкентай нұсқасы Есік қаласында орналасқан. Жуырда бірнеше ұлттың балаларын бауырына басып, тағылымды тәрбие беріп отырған Есеновтар отбасына арнайы бардық.

Отбасылық типтегі балалар үйінде бүгінде 10 бала тәрбиеленеді. Отанасы Роза Есенованың айтуынша, отбасы осы күнге дейін  54 баланы асырап, бауырына басқан. 1 айлығында асырап алған егіз ұлдар бүгінде шаңырақ құрып, өмірден өз жолдарын тапқан. Үлкен қызы Анастасия 3 баланың анасы, ол да патронаттық тәрбиемен айналысады.

Жалпы ауданы 660 шаршы метр болатын 3 қабатты зәулім үйде балаларға барлық жағдай жасалған. Отағасы Норем Есенов аулада киіз үй тігіп, балалардың бойына қазақы құндылықтарды сіңіруде.

– Отбасымызда қазақ, шешен, неміс, кәріс, татар, орыс, ұйғыр, қырғыз ұлтының балалары тәрбиеленді. Біз балаларымыздың бетінен қақпаймыз, әр баланы өзінің қызығушылығына қарай баулып, өнерін шыңдауға тырысамыз. Біреуі жылқы өсіргісі келеді, бірі итке қызықса, енді бірі гүл өсіріп, бау-бақша баптағанды жақсы көреді. Қолдан келгенше барлығының қалауын орындаймыз – дейді Роза Есенова.

Иә, бірнеше ұлттың балалары тәрбиеленетін отбасында қазақылықтың иісі аңқып тұр. Қонақ келсе өнерін көрсеткісі келетін балдырғандар бұл жолы да қонақтарды тәнті етті. Орыс баласының домбырада «Ерке сылқымды» ойнап, «Мен қазақтың ұлымын» деп шырқаған әнін естігенде көпшілік таңқалысын жасыра алмады. Бүлдіршіндер өлең оқып, би биледі.

Адамгершілік – ардың ісі. Осылай деген Роза Есенова балаларды ең бірінші адамгершілікке, еңбекке және жауапкершілікке тәрбеиелейтінін айтты.

– Балаларым бір-біріне қамқор, бауырмал, үнемі көмектесіп жүре-ді. Адамзаттың асыл қазынасы – адамгершілік тәрбиені әр баланың бойына сіңіруге тырысамыз. Әлемнің екінші ұстазы әл-Фараби айтқандай, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, – дейді отанасы.

Балаларға саналы тәрбиемен қатар сапалы білім беру де бірінші кезекте. Роза Есенованың айтуынша, 8 бала жоғары білім алып, қызмет етуде. 1 ұлы хирург-офтальмолог. Мемлекет тарапынан да үлкен көмек көрсетілуде. Ондаған жылдар бойы баспана кезегінде тұрған 13 бала пәтер кілтін алған.

Шаңырағына арнайы барғанда қонақтарға құрмет көрсетіп, мәз-мейрам болған балаларды, өз алдына отау тігіп кетсе де немерелері мен келіндерін әкеліп, ата-анасына қолғабыс етіп жүрген ұлдарды, ойларын ашық жеткізіп, өнерлерін ортаға салған, бір-біріне қамқор болып, үлкенді сыйлай білетін бүлдіршіндерді көріп жанымыз жадырап қалды. «Бір шаңырақ астында тату-тәтті ғұмыр кешіп жатқан ұлттар» деген қанатты тіркес Есеновтар отбасына қарата айтылғандай көрінді.

 

С.НҰРАДИН.

Сенбі, 04 Мамыр 2024 13:02

Келелі кездесу Шелекте

Өткен аптада Қазақстан Республикасы Президентінің  кеңесшісі  Мәлік Отарбаев іссапармен ауданымызға келіп, әуелі Шелек өңірінің тұрғындарымен кездесу өткізді. П.Вихрев атындағы мектепте өткен жиынға Мәлік Нұржанұлын аудан әкімі Талғат  Байеділов бастап келді.

«Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы ақсақал сәлем береді» демекші, маңызы зор бұл келелі кездесуді асыға күткен өңір ақсақалдары қонақты қуана қарсы ал-ды. Мәлік Нұржанұлы кездесуде Президентіміздің елдегі ішкі және сыртқы саясаты туралы ауқымды ақпарат берді.

Тәуелсіздігіміздің қадір-қасиеті жайында тереңнен толғана сөйледі. Еліміздің бас-ты байлығы – тәуелсіздіктің тұғыры мықты болу үшін баянды бірлік, татулық, іскерліктің маңызы зор екенін баса айтты. Бүгінгі әлем елдерінде болып жатқан қақтығыс, түрлі апаттар жайлы айта келе, жаһандық осындай құбылыстардың құрығынан құтылу мақсатында Мемлекет басшысы тарапынан жасалып жатқан батыл да нық қадамдарға тоқталды. Елдегі саяси, экономикалық реформалардың барлығы халқымыздың жағдайының жақсаруына, мемлекеттің дамуына,  қоғамдағы азаматтық белсенділіктің  қалыптасуына, жалпы жайлы өмір сүруіне бағытталғанын тілге тиек етті. Алда әлі де жасалатын жұмыстың көп екенін айта келе, Президентімізге қолдау көрсетуге, алып-қашты қаңқу сөздерге ермеуге шақырды. Президент кеңесшісі осылай салмақты мәселелер туралы толыққанды әңгіме өрбітті.

Одан кейін сөз кезегі ақсақалдарға берілді. Елеусіз Сұлтанғазиевбұл кездесу-дің салмағы да, маңызы да зор екенін айта келе, ауыл шаруашылығындағы ақсап, алға баса алмай келе жатқан мәселелерге тоқталып, Шелектегі Кеңес үкіметі кезінде іске асқан астық қабылдау комби-натының қазір қаңырап бос қалғанын, осындай өндіріс орындарын салуды қолға алса деген пікірін білдірді.

Масақ ауылдық округінің ақсақалы Рыскелді Жақабаев Шелек ауданының бұрынғы мәртебесін қайтарса деген орынды ұсыныс айтса, сары-бұлақтық ақсақал ауыл мек-тебінің әбден тозғанын айтып, жаңа ғимарат салсынса деген ұсынысын білдірді. Ал Достық ауылының белсендісі Ашимжан Садиров жайылымға жер жетпейтінін, ауыл шаруашылық өнімдерін ел өткізе алмай қынжылатынын, былтыр жұрттың бәрі жүгері егіп, шығынға батқанын айтты. Өндіріс орнын, сондай-ақ, бұрынғы Кеңес кезіндегідей жылына жиырма пәтер үй салу сияқты жобалар жасап, құрылысты жандандырса, ауыл жастары қалаға ағылмай,жермен айналысуға мүмкіндік туатынын жеткізді.

Мәлік Нұржанұлы Шелекке аудан мәртебесін беру туралы ұсынысты Президентке жеткізетінін, басқа да айтылған сұрақтарға жауап беріп, алдағы уақытта ел жағдайы жақсаратынына сендірді. Бұдан басқа да бірнеше ақсақал сөз сөйлеп, Президент кеңесшісінің келуі қуанышқа кенелткендерін  жасырмай, алғыстарын айтып, баталарын берді.

Келесі кездесу Шелек ауылдық модельді кітапхана-сында жалғасып, Президент кеңесшісі ауыл имандарымен кездесті. Мәлік Нұржанұлы «Ата жолын сақтаймыз десек, ғасырлар бойы бабаларымыз-дың ұстанған асыл дінімізді сақтайық. Дәстүрлі ислам – халқымыздың ұлттық біре-гейлігін танытатын басты құндылықтардың бірі. Біз оны берік ұстану арқылы экстремизмге және керітарт-палыққа қарсы тұра аламыз» деп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлтық құрылтайда айтқан сөзін бас-шылыққа алып, Президенті-міздің Меккеге қажылыққа барып, ел амандығын тілеп, дұға жасағанын, қасиетті Құран кітабын қорлауға, өртеуге қарсы екенін әлем еліне арнап айтқан бірегей басшы екенін мысалға келтірді. Кеңесші, абайтанушы Омар Жәлелдің  Еуропа елінде діннен гөрі имандылық басым, ал Азия елдерінде дін басым болғанымен имандылықтың таяздап бара жатқан сөзін мысалға келтіріп, жастарға уа-ғыз айтқанда Абай, Шәкәрім, әл-Фараби бабаларымыздың ұлағатты сөздеріне басым-дық беріп, көркем мінезділікке, адамгершілікке, қайырымдылыққа, еңбекқорлыққа тәрбие-леуге бет бұру керектігін айтты. Имамдар жалақы, мешіттердің құжаттарын заңдастыру сияқты мәселелерді көтерді. Кеңесші сұрақтарға жауап беріп, орындалу ережелерін түсіндірді.

Кездесу Шелек политехникалық колледжінің ұжымы мен студенттерімен жалғасты. Мәлік Нұржанұлы қазіргі жаһандану дәуірінде саналы ұрпақ  болып қалыптасып, қоғамдық сананы дамыту үшін жастарды кітап, газеттерді көп оқуға шақырды. Әлеуметтік желідегі  теріс пиғылды сөздерге еріп кетпей, ата-ананың ақылын тыңдап, алға үлкен мақсат қойып, ізденгенде ғана арманға жететіндігін мысалдармен айтып, түсіндірді. Өзінің де қолы босай қалса, газет, кітап оқитынын, шет еледерде жұмыс істеп, олардың жақсы жағын үйреніп, ізденістің арқасында биік белесті  бағындырғанын мысалға келтірді. Өзі де көп-теген кітаптар жазып, шетел тіліндегі көптеген кітаптарды қазақ тіліне аударғанын тілге тиек етті. Президентіміздің бес тілде сөйлейтін, саяси сауатты, беделді әрі қарапайым адам екенін, ол кісінің қолға алған жаңа бастамалары алдағы уақытта жаңа белестерге көтеретінін нақты мысалдармен қызықты әңгімелеп берді. Заман талабына сай жастарға білімдерін шыңдауға, ақпараттық сауаттылықты арт-тыруға кеңес берді.

Жастар жағынан кеңесшінің өмір ұстанымы, бос уақытты қалай өткізетіні, бастан кешкен қиыншылығы, өмірбаяны туралы сұрақтар қойылды. Жиынға «Балдырған» журналының бас редакторы Дүйсен Мағлұмов, «Алатау арайы» облыстық газетінің бас редакторы болған, қазір «Өлке тынысы» ЖШС-нің директоры Кәдірбек Құныпиянұлы қатысып, Мәлік Отарбаевтың жақсы қасиетін, жазушылық қасиетін, көптеген кітаптардың авторы екенін жастарға әңгімелеп берді.

Президент кеңесшісі сөз соңында Қасым-Жомарт Кемелұлының «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» қағидасын басты тақырып етіп, жастарды жақсы қасиеттерге ие болып, табысқа адал жолмен жетуді басты мақсат етіп қою – әрбір азаматтың борышы екеніне назар аударды. Өзі адалдық жолында, ұлтқа жанашыр, елге танымал, халықтың құрметіне бөленген жазушы, марқұм Шерхан Мұртазаны ұстаз санайтынын айтып, жастарға елдің ұлы деген атқа лайықты болатындарына сенім білдірді.

 

Анарбек БЕРДІБАЕВ.

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет