Қош келдіңіз! Добро пожаловать!
Афганистан — наша история и боль. Войны замышляют политики, а в окопах оказываются молодые ребята. 12 февраля 1987 года погиб мой одноклассник Руслан Асланов, как мы его называли – Рулик. Больно было видеть материнские слезы, крик души близких на траурном митинге. К сожалению, солдаты войну не выбирают. Вечная память тебе, дорогой наш Руслан. Хочу выразить свои чувства в стихах: Рулику Чтоб весны зеленели, ветры дули, Чтоб цвела афганская земля, Ушел в бессмертие, не замечая пули. Ушел от нас навечно, навсегда. Обычным был мальчишкой, Добрым озорным, Как все, читал он книжки, Веселым был таким. Мечтал он стать водителем, С девчонками дружил,…
Бейсенбі, 14 Ақпан 2019 14:34

Жыр жүйрігін еске алды

Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың жырлары сан ұрпақтың поэзияға деген қызығушылығы мен махаббатын оятты. Жанға жылу, көңілге сағыныш ұялататын өлеңдері өлмек емес. Жыл сайынғы дәстүр бойынша аудан мектептерінде мұзбалақ ақынның туған күніне орай түрлі іс-шаралар мен байқаулар ұйымдастырылып тұратыны белгілі. Биыл да ақындарын еске алған аудан мектептерінен редакциямызға келіп түскен хаттар легі толастар емес. Солардың бірнешеуіне тоқталып, шолу жасап өтуді жөн санадық. Нұра ауылының тұрғыны Советбек Бағыбаев есімді оқырманымыздан «Мұқағали – халық ақыны» тақырыбында мақала келген екен. Автор: «Абайды ұлттың ұлы ақыны десек, Мұқағали – қазақ халқының жарық жұлдызы. Мұқағалидың өлеңдерінде не құдірет бар дегенде, өз заманының адамдарымен таң азанмен бірге…
«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің аға ғылыми қызметкері Төреәлі Төлегенов: «Сөздің ең ұлысы, ең сипаттысы – тарих» деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, қай заманды алсаңыз да, тарих – халықтың ұлттық санасын қалыптастыру, мемлекеттік идеологияны насихаттау, жас ұрпақты патриотизм рухында тәрбиелеу қызметін атқарған. Осы тұрғыда мемлекет басшысы Н.Назарбаев: «Тарих – кім-кімнен де жоғары тұрған ұғым» дей отырып, «Тарих дегеніміз – тек өткеннің сабағы ғана емес. Ол – едәуір дәрежеде болашақтың да көрінісі» деген тұжырымын алға тартты. Расында, тарихи таныммен ұрпақ өсіп-өнеді, олардың ұлттық санасы қалыптасады. Өткенін өлшеп, қазіргісімен мақтанып, болашағын болжайды. Ал, тарихты қалыптастыратын әрі зерделеуге мүмкіндік беретін бірден-бір ерекшелік – қазба жұмыстары…
Бейсенбі, 17 Қаңтар 2019 17:54

Әжібай батыр және оның ұрпақтары

Иә, «Әжібай тоғанының» суы – ел ырысы, жер нәрі. Бұл аймақ осы тоғанның суы арқылы тіршілікте. Ендеше арна неге «Әжібай тоғаны» аталған? Ал Әжібай деген кім?... Енді мені осы сұрақтың жауабы мазалағаны... Білмекке бірер қариялармен жүздестім. Бәрінің жауабы бірдей. Солардан тау етегіндегі «Таутүрген» ауылының тұрғыны, ардагер ақсақал Бақыт Бөркеевтың тарихи әңгімесін тындағаным өзімше. Әжібай Найманбайұлының тікелей ұрпағы, академик-тарихшы, медицина ғылымының докторы, «Қазфармация» акционерлік қоғамының президенті Кеңесбай Үшбайұлымен тілдестік. «Ер Әжібай» жырын кирилица қарпіне көші-ріп, оның түсініктемелерін жазған ауыз әдебиетін зерттеуші Тоқтар Әлібек, әде-биет зерттеушісі Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің журналистика факультетінің деканы Сағатбек Медеубекұлы, ардагер журналист Асқанбай Ерғожаев, Кеген аудандық…
Бейсенбі, 17 Қаңтар 2019 17:39

Қуаныштар еселенген күн

Тарих таразысы қатал, сүзгісі тым майда. Сондықтан болар, уақыт желісімен талай «менменнің» мысы басылып, бастапқы биігінен көш кері қалатыны. Бұл тек ХХ ғасырдың Пайғамбары атанған Дінмұхаммед Қонаевқа тиесілі емес. Себебі, саф алтын су астында жатпайды. Адалдықтан аттамаған жанды Жаратушымыз да жақтайды. Елдігіміздің іргесін қалауда табанды еңбек еткен мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхаммед Ахметұлының туғанына 12 қаңтарда 107 жыл толып отыр. Осыған орай есімін адал арқалаған Түргендегі мектеп келелі ісін дәстүрлі жалғастырды. Бұл жолы ел басқарған жылдары қайраткердің хатшысы болған Бауыржан Сабырбаев демеуші болып мұражай ашты. Сондай-ақ, сол күні «КазИнтерСервис» компаниясының басшысы Төлебай Төлеповтың демеушілігімен заманауи мұғалімдер бөлмесі және ұстаздарға арналған…
Бейсенбі, 10 Қаңтар 2019 15:53

Тау тұлға биіктейді жылдан жылға

Үмбетұлы Тоқатайдың ұлы Рақымжан батыр 1923 жылы 5 қаңтарда Қаракемер ауылдық кеңесі, Киров атындағы колхозда дүниеге келген. 10 жасында әкеден жетім қалып, шешесі Ұлжалғас, әпкесі Ратай, інісі Рахымбаймен бірге тағдыр тауқыметін тарта жүріп ер жетеді. Ұлы Отан соғысы басталғанда 17 жаста болған екен. Бір жылдан соң 1942 жылдың 9 тамызында, кіп-кішкентай «қалақтай» ғана бозбала өзі сұранып майданға аттанады. Бір күндік ұрыста соғыстың соңында ғана жаудың 9 танкісімен 4 броньды машинасын жойып Батыр атанған екен. Әскери борышын абыройымен өтейді. «Жақсының аты,ғалымның хаты өшпейді». Атың өшпеу үшін, артыңда өшпейтіндей ісің қалу керек шығар. Ұшқыр уақыттың шапқан аттай тасырлап өтіп жатқаны-ай?!. Тірлік деп…
Бейсенбі, 27 Желтоқсан 2018 15:00

Жадымыз бен тарихымыз тоғысқанда

Әр жылдың өз жаңалығы, өзгешелігі мен ерекшеліктері бар. Осы орайда, жеті қазынаның бірі – ит жылының халыққа, елге бергені мол. Оның ең үлкені – тыныштық пен бейбітшілік. Ұлттар арасындағы достық. Бүгінде жер жүзінде неше түрлі оқиғалар болып жатыр. Оның ішінде Қазақстан тыныштық аралындай болып, өзгелерге үлгі көрсетуде. Осы жылы экономикамыз қарқынды дамып, мәдениетіміз гүлденіп, мемлекетіміз халықтың әл-ауқатын арттыру мақсатында біршама жұмыстар атқарылды. Бұл 2018 жылдың үлкен жетістігі. Сонымен қатар, осы жылы ұлтымыздың өткен тарихына үңіліп, оны зерделеуге байланысты Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы жарыққа шықты. Мемлекет басшысының аталған бастамасы бұрын «Рухани жаңғыру» бағытында жүргізілген жұмыстардың жалғасы болып…
Бейсенбі, 27 Желтоқсан 2018 14:41

Тарихтан тәбәрік

Жаңа жыл – бүкіл әлем ерекше күтетін, қуанышқа толы ғажайып мерекелердің бірі. Баршамыздың жадымызға жаңа үміт, жаңа сенім ұялатып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. өзімізді тап бір ертегі қаһармандарындай сезінуімізге мүмкіндік береді. Ал сыйлықтар туралы айтпаса да түсінікті шығар Аяз Ата мен Ақшақарға шын жүректен сеніп, тіпті, хат жазатынымыз да бар. Келе жатқан жылдан ерекше бақыт күтетініміз де баршамызға аян. Ал бұл мереке қалай пайда болды? Тек христиандар тойлайтын мереке ме? Түрлі тарихи басылымдарда жаңа жылды әшекейлі шыршамен қарсы алу дәстүрін Ресейде 1700 жылы қаңтардың 1-інде І Петрдің енгізгені, әрі өзі басқарған Мәскеудегі мейрамның таңға дейін созылғаны жазылып жүргенімен, бірқатар этнограф-тарихшылар қыпшақтарда…
Бейсенбі, 13 Желтоқсан 2018 23:27

Жалынды күндер жаңғырығы

Талай жанның жүрегін езгілеп, намысын жаншылап, сенімін күйреткен сол бір жылдың желтоқсанын, әсте, естен шығару мүмкін болмас. «Елім-айлап» егілген ата-баба жолымен «Менің елім Қазақстанды» ұран етіп, бейбіт түрде Конституцияға сай «Әр халыққа өз ұлтынан басшы сайлануы керек» деген талаппен алаңға жиналған жастардың тілегінің күл-талқан болғаны намыс отын өршітпей қоймады. Оның үстіне, желтоқсан көтерілісіне КОКП ОК-нің қаулысымен «қазақ ұлтшылдығының көрінісі» деген баға беріліп, оған қатысқан азаматтар қуғын-сүргінге ұшырады. Шындығында, желтоқсан көтерілісі ұлттық рухтың қуатын, елдік пен ерліктің мұратын танытқан көтеріліс еді. Ол ызғарлы күндер біздер үшін тарих болғанымен, сол қанды қырғынды басынан өткерген аға-әпкелеріміз үшін қаралы, қайғылы күн. Бүгіндері желтоқсаншылардан құрылған…
Жұма, 20 Сәуір 2018 11:19

ҚАЛЫБЕК батыр

Аллаға шүкір, егемендігіміздің бір жемісі батыр бабаларымыздың ерлігін мәңгілікке қалдыру мақсатында мерзімдік басылымдар арқылы тарих парақтарына біртіндеп енгізілуде. Ержүректігін паш етер ерліктеріне сай аттарын асқақтатқан хас батырлар қатарында белгілі бір аймақтарды жаудан азат етуде ерен ерлік көрсетіп, рулардың ұранына айналған батыр бабаларымыздың атын өшірмей, құрмет көрсетіп, ескерткіш орнату бүгінгі ұрпақ парызы болып саналады. Бұл игі қадам біздің бабалар аруағына тәу етуіміз әрі өскелең ұрпаққа көрсетер үлгіміз екені тағы бар. Десек,Ұлы жүз Үйсін ішіндегі Албан руында ХVII- ХVIII ғасырларда елі мен жерін жоңғар басқыншылары мен Енесейден ауған қырғыздан, Қоқан хандығынан қорғаған алты батырдың бірі – Айт Қалыбек батыр Мамадайырұлы екенін тарихи…
Page 1 of 2

Күнтiзбе

« Ақпан 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28      
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама