Сенбі, 04 Мамыр 2024 15:24

Жүйелі жұмыс жасаудың жолдары талқыланды

Әне-міне дегенше көктемнің екі айы өте шықты. Наурыз айы қарлы-жауынды болып, қыстың ызғарынан арыла алмады. Тәуір болатын сәуір де шаруа жағдайына жайлы бола қоймады.  Енді-енді көктемнің шуағы төгіліп, жердің сызы кетіп, шаруалар дала төсін дүбірге бөлеп, егіс жұмыстарын бастады. Осынау қарбалас тұста шаруашылық жұмыстарға  керекті техника, тыңайтқыш, жанармай, қаржы, тұқым, су мәселелерін шешуге қамдану – ауыл шаруашылығы саласындағы мамандардың құзырында.

Өткен аптада облыс әкімінің орынбасары Алмас Батанов ауылшаруашы-лық басқармасы, облыстық су шаруа-шылығы, «Бартоғай» су қоймасы мен Үлкен Алматы каналы мекемелерінің өкілдерін, ауданның басшы, жауапты мамандарын ертіп, шаруагерлердің өзекті мәселелерін талқылап, шешуге арнайы келіпті.

Бірінші сұрақ қойған Масақ ауылы-ның шаруа қожалық иесі Асы мен Сарытау жайлауына баратын жолдың нашар-лығын, Сарытау жайлауы жолындағы көпірдің сын көтермейтінін, сондай-ақ кенемен күрес, мал өлекселерін жою мәселелері ақсап жатқанын сөз етті.

Бұл мәселелер талқылана келе, жайлау жолы мен көпір иесіз қалғандығы, оны теңгерімге алу керектігі, сонда қаржы бөлінетіні,  уақытша жол құрылыс басқармасынан техника алып, түзеп жүріп шығу керектігі айтылды. Ал кенеге қарсы егілетін 36 мың вакцина алынғаны, мал өлекселерін көметін арнайы жер бөлуге мемлекеттік акт дайындау керектігі тиісті ауыл әкімдеріне тапсырылды.

Одан кейін Қаражотадан келген шаруа жылдан-жылға жанармай, минералды тыңайтқыштың қымбаттайтынын, ауылішілік 95 каналдың иесіз қалып, 100 шақы-рым болатын бұл жүйелер тазаланбай жатқанын, алқаптарды жиде басып кеткенін, сондай-ақ жаңа техника алуға 30 млн теңге бөлінетінін, оған керекті техниканы ала алмайтынын, ҮАК-ның суын пайдалана алмайтынын  тілге тиек етті. Қаражотада малға жем ретінде жүгері мен жоңышқа өсірілетінін, жоңышқаға сұра-ныс бар болғанмен, жүгері дәнін сақтайтын орынның жоқтығы да айтылды.  Бұған да техника, тыңайтқыш, несие беретін құзырлы органның мамандары жауап беріп, аудан, облыс тарапынан тиісті шаралар қолданылатыны айтылды. Шелектегі астық қабыл-дау пунктінің бұрынғы иесіне қылмыстық іс қозғалғанын, округ әкіміне сол жерден уақытша дән қабылдайтын қойма қарастыруды тапсырды.

Масақтық шаруа су тари-фін негізсіз көтере беретінін, су бағасының бірдей қойылатынын, жері жерасты суға жақын окургтер жылына егістерін бір-екі рет суарса, тастақты алты округ жылына 6-7 рет суаратынын, су шығыны өте көп болатынын, құрғақшылықтан күйіп кеткен өнімнің шығынын өтеу мәселелерін дұрыс шешсе деген ойын жеткізді. Сонымен бірге Байсейіт ауылынан Масаққа келетін арықтан малдың ішек-қарындары ағып келетінін де қынжыла өз сөзіне арқау етті. Шаруалар негізінен су жүйесінің әбден тозығы жеткенін, судың ысырабы өте жоғары болатынын айтты.

Жиынды аудан әкімі қорытындылап, қазір бұл мәселелер бойынша көптеген жобалар жасалып, жұмыстар қолға алынатынын жеткізді. Жақында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов ауданға іссапармен келгенде Д.Қонаев атындағы ҮАК-ның бас торабын, канал  жүйелерін  аралап көрген болатын.Сонда министр саладағы құрылымдар мен тарифтерді жүйелеуге жұмыс жасалып жатқанын, ирригациялық жүйелерді жаңартуға инвестор тартуға мүмкіндік берілетінін, алдағы уақытта су ресурстарын басқаруда жергілікті әкімдердің де құзіреттілігі арттырылатынын айтқан-ды. Шаруаларға бірер жыл түсіністікпен қарап, пробле-малардың шешілетін күні алыс еместін жеткізді.

 

Анарбек БЕРДІБАЕВ.

 

Оқылды 455 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Ғасыр жасаған ардагер Шешімін табар шаруа көп »

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет