Сенбі, 04 Мамыр 2024 13:25

Ғасыр жасаған ардагер

Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды. Иә, елдің тыныштығы, Отанның қауіпсіздігі үшін қан майданда кеудесін оққа тосып, бүгінгі ұрпаққа Жеңістің ақ таңын сыйлаған ардагерлердің ерлігі ешқашан ұмытылмақ емес. Олардың көзсіз ерлігін өнеге етіп, арамызда жүрген ардагерлерді құрметтеу – біздің асыл борышымыз.

Жарық дүние күлкіге, әнге байып,

Жылдар зулап барады таңғажайып.

Сонау соғыс жылдары алыстады,

Алыстатқан жандар да қалды азайып, –

деп ақын Есенқұл Жақыпбек жырлаған қариялардың қатары, батыр аталардың қарасы сиреп барады.

Батырлық пен қайсарлықтың символына айналған Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің жүріп өткен жолы, туған жерді қорғауда көрсеткен көзсіз ерліктері – бүгінгі ұрпаққа үлгі-өнеге екені сөзсіз. Ауданымыздағы жалғыз Ұлы Отан соғысының ардагері, ауданымыздың құрметті азаматы Солтанбай Жарықбасов бүгінде 100-ге таяды. Ұлы Отан соғысынан жеңіспен оралып, саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған ардагер бүгінде бала-шаға мен немере-шөберелерінің, ауылдастарының ақылшысы.

Бәйтерек ауылдық округіне қарасты Алға ауылында тұратын ғасыр жасаған ардагер Солтанбай Жарықбасов Еңбекшіқазақ ауданы Алға ауылында дүниеге келген. 1943 жылдың қаңтарында Ташкенттегі мергендер курсында оқып, сәуір айында әскерге аттанады. Забайкалье майданындағы 25-ші қызыл тулы механикаландырылған бригаданың құрамында 1-ші батальонының, 1-ші ротасының пулемет бөлімшесінің командирі болған. Жапондықтарға қарсы соғысқа қатысқан. 1950 жылдың сәуірінде Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының Алға ауылына оралып, кол-хоздың есеп комиссиясының төрағасы қызметін 1951 жылдың тамызына дейін атқарады.

1951 жылы Түрген педагогикалық училищесін, 1969 жылы Қазақ педагогикалық институтының тарих факультетін сырттай бітірген. 1951 жылдың қыр-күйегінен 1956 жылға дейін Алексеевка және Ключи орталау мектептерінде мұғалім болып істеп, 1956 жылдан Алға бастауыш мектебінің меңгеруішісі, оқу ісінің меңгерушісі, 1971 жылдан 1985 жылға, яғни зейнеткерлікке шыққанға дейін, мектеп басшысы қызметтерін абыроймен атқарды. 1992 жылдан бері Бәйтерек ауылдық округі ақсақалдар алқасының төрағасы болып, еліне еңбек етуден жалыққан емес.

Солтанбай атамыз І дәрежелі «Отан соғысы» орденімен және 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің мерейтойлық, мерекелік медальдарымен марапатталған. Ақсақал сегіз баласынан немере, немерелерінен шөбере сүйіп отыр. Өзінің үлкен әулетіне 2014 жылы Алматы облысы бойынша «Мерейлі отбасы» атағы берілді. Өмір жолы өнеге мен парасатқа толы қариямыз өзінің кіндік қаны тамған Алға ауылында, ауылдастарының ақылшысы болып ғұмыр кешуде.                                             

 

С.НҰРАДИН.

Оқылды 338 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет