Бейсенбі, 29 Желтоқсан 2022 14:58

Ават ауылдық округінің әкімі сайланды

Ават ауылдық округінде де әкім сайлауы өткен болатын. Сайлау комиссиясының мәліметінше аталған округте сайлаушылар тізіміне 3852 азамат енгізілген. Олардың 1061-і дауыс беруге қатысқан, жарамсыз бюллетендер саны 25 болса, «Бәріне қарсымын» деген жолды таңдаған 2 адам болған.

5 адам әкім болуға үміткер деп танылған. Сайлау нәтижесі бойынша ұзақ жылдар бойы аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы болған, бертін келе «Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт» бөлімі басшысының орынбасары қызметінде болған Момунжан Исламов 447 (43,23%) дауыспен жеңіске жеткен еді.

Тағайындау рәсімінде сайлау қорытындысын баяндаған Бақыт Жексенбиев Момунжан Исламовқа Ават ауылдық округінің әкімі екенін растайтын куәлік табыстады.

Ауыл ақсақалдары жаңадан сайланған әкімге бата-тілектерін білдіріп, қызметіне сәттілік тіледі. Аудандық мәслихат хатшысы Бекет Ахметов өз кезегінде Момунжан Исламовтың ауданда атқарған ауқымды еңбектеріне, тыңғылықты кәсібилігіне тоқталып, жақсы әкім боларына зор сенім білдірді.

Аудан әкімі Алтай Досумбаев мемлекеттік саладағы өзгерістер мен халық игілігіне арналып жатқан істерге кеңінен тоқталып, жаңадан сайланған округ әкімін салтанатты түрде қызмет орнына жайғастырды.

Оқылды 6720 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет