Бейсенбі, 29 Желтоқсан 2022 14:52

Бөлек ауылдық округінің әкімі сайланды

Жуырда Бөлек ауылдық округінде өткен әкім сайлауының қорытындысы мәлім болып, жеңіске жеткен кандидат арнайы түрде тағайындалды.

Аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Бақыт Жексембиевтің мәліметіне сүйенсек, аталған өңірде сайлаушылар тізіміне 5244 азамат енгізілген, олардың 3049-ы дауыс беруге қатысқан, жарамсыз бюллетендер саны 26 болса, «Бәріне қарсымын» деген жолда – 209 адам болған.

3 кандидаттың арасынан 2503 (88,95%) дауыс жинап, айқын басымдықпен  жеңіске жеткен Асыл Изиевке Бақыт Есенханұлы Бөлек ауылдық округінің әкімі екенін растайтын куәлік табыстады.

Тағайындау рәсіміне қатысқан ауыл ақсақалдары мен тұрғындары, мектеп, балабақша басшылары осы күнге дейін де бірнеше жыл бойы Бөлек ауылдық округінің әкімі болып келген Асыл Серікұлының атқарған қызметі мен жақсы қырларына тоқталып, ақ тілектерін білдірді.

Аудан әкімі Алтай Досумбаев пен аудандық мәслихат хатшысы Бекет Ахметов те өз кезектерінде Бөлек өңіріндегі атқарылған және жоспарда бар жұмыстарға кеңінен тоқталды. Шара соңында аудан әкімі Асыл Изиевті қызмет орнына салтанатты түрде жайғастырды.

Оқылды 2580 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет