Бейсенбі, 18 Тамыз 2022 10:24

1000 адамды жұмыспен қамтыған

1000 адамды жұмыспен қамтыған Ерзат АСЫЛ

Қаратұрық ауылдық округінде орналасқан «Alma Green Fields» компаниясының бақтарында алма теру науқаны басталды. Онда 1000-ға жуық адам еңбек етеді.

Аталған компанияның ауданда 6 алма бағы бар. Екеуі Қызылшарықта, қалған төртеуі Тауқаратұрық ауылының маңында. Сондағы көлемі 250 гектар болатын ең ірі баққа арнайы барып, жұмыс барысын көзбен көріп қайттық.

Еңбекшіқазақ ауданы – бұрыннан жеміс-жидекке бай өңір. Бүгінде бағбандар игі дәстүрді ары қарай дамытып, сәтті жалғастыруда. «Alma Green Fields»-тің жаңа технологияға ден қойып, интенсивті бақтар санын көбейтіп жатқаны соның бір дәлелі. Тың әдіс жақсы нәтиже берді. Бау-бақшаға береке кірді. Бұтаққа ілініп өсіп тұрған қып-қызыл, сап-сары алмалар көздің жауын алады. Бәрі де ізденістер мен сапалы еңбектің нәтижесі.

Мұнда жұмыс істейтін агроном, бригадир, механик, гидротехник сынды мамандар өздеріне жүктелген міндеттерді ойдағыдай атқаруға тырысады. Өйткені «Alma Green Fields» компаниясы адал қызметкерін қолдап, ынталандырып, алға қарай оздырады. Мәселен, күні кеше ғана ұжымға қатардағы жұмысшы болып қабылданған Ізтелеу Мадияр қазір бау-бақшаның есеп-қисабын жүргізетін білікті кадрға айналған. Тауқаратұрық ауылында туып-өскен жас жігіттің әңгімесіне құлақ түрдік.

– Қазақ ұлттық аграрлық университетінің түлегімін. Мамандығым – инженер-механик. Қолыма диплом алған соң, еңбек жолымды осындағы бау-бақшадан бастадым. Алғашында жұмысшы болдым. Сөйтіп бірте-бірте қызметім сатылап көтерілді.

Ең бастысы, алысқа сабыл-майсың. Жұмысым үйімнің дәл іргесінде. Алатын жалақымыз көңілден шығады. Компания басшылығына алғыстан басқа айтарым жоқ, – дейді Мадияр.

Еңбегіне қарай өрлеген мұнда жалғыз Мадияр ғана емес. Трактор тізгіндеген Бекжан Сатыбалдиев те қазір білдей бір механик. Техниканың тілін бір кісідей меңгерген. «Біздің жігіттер алма ағаштардың бұтақтарын кесуден шетелдіктерді жолда қалдырады», –дейді Мадияр. Жақында Польшадан келген бағбандар олардың жұмыстарын жоғары бағалапты. Әрине, мұндай сөзді естігенде қалайша риза болмайсың?!

Жақсы қырынан көрінген мамандарды компания шетелге оқуға жіберуді дәстүрге айналдырған. Биыл агрономдар – Төлеген Еділ мен Мәдина Голландияға барып, бір апталық семинарға қатысып қайтыпты. Олар дамыған елдегі технологияны өз көздерімен көріп, көңілдеріне түйген. Алған әсерлерін әріптестерімен бөлісуде.

Осындай екі жақты тәжірибе алмасудың арқасында бау-бақшадағы өнім көлемі жыл өткен сайын артып келеді. Алма сақтайтын қоймалардың көптеп салына бастағаны соның айқын көрінісі.

Алма теру науқаны аяқталған соң мұндағы еңбек үдерісі тоқтап қалмайды. Ары қарай артық бұтақтарды кесу басталады. Одан кейін ағаштардың түбін қопсытып, баптау жалғасады. Бір сөзбен айтқанда жұмыс жыл он екі ай тоқтамайды.

Міне, осындай көңіл күймен «Alma Green Fields»-тің алма бағынан шықтық. Жол-жөнекей «Күләш» бағының самсап тұрған алмаларын да көрдік. «RICH GARDEN» ЖШС-ның бау-бақшасы да жайнап тұр. Ең бастысы аталған шаруашылықтардың бәрінде ауыл тұрғындары белсене еңбек етуде.

Айтпақшы, «Alma Green Fields» компаниясы жергілікті жердің әлеуметтік мәселелерін де назардан тыс қалдырмайды. Тауқаратұрықта жаңа стадионның құрылысын қолға алғалы жатыр екен. Ауыл тұрғындары кәсіпкерлерге дән риза. «Бірлік бар жерде – тірлік бар» деген осы.

Болат МӘЖИТ,

«Jetisy».

Оқылды 2736 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет