Сәрсенбі, 17 Тамыз 2022 21:36

Іле ауданы полиэтилен құбырларын шығарудан көш басында

Алматы облысындағы қуатты өңірде тұтас республиканы полиэтилен өнімдерімен қамтамасыз етуге қауқарлы өндіріс ошағы жұмыс істейді.  «Pipe-Plast companu» ЖШС  негізі 2008 жылы қаланған. Аймақтағы ірі кәсіпорынның кеңге құлаш сермеуіне Кеңес Садықовтың еңбегі сеп болған жайы бар. 

Бүгінгі күні зауытта төменгі қысымды, тығыздығы жоғары полиэтилен құбырлары шығарылады.  Кәсіпорын құрамында төрт өндірістік жүйе тұрақты түрде жұмыс жасап тұр. Таяу болашақта тағы да екеуі іске қосылады деп күтілуде.

Жоғары сапалы технологиялармен жабдықталған зауыттың өнімдері сапалы. Мұндағы әрбір құбыр тапсырыс берушінің талап-үдесі арқылы құрастырылады. Сондықтан ауызсу мен көгілдір отынды тасымалдауға және кәріз жүйесін жасауға арналған құбырлардың  диаметрі өзгертіліп отырады.

Зауытта шығатын су мен газға қажетті құбырлардың көлемі  16-800 мм болса, кәріз құбырлары 1200 миллиметрге дейін барады. 50 жылға дейін шыдас беріп, мүлтіксіз қызмет ететін бұл құбырлардың құрастыру тәсілі әсте оңай, дейді мамандар. Қажетті шикізат қайдан келеді десек, керек-жарақ, өз отанымыздан емес, Оңтүстік Корея мен Ресейден жеткізіледі. Өндіріс қызметкерлерінің сөзіне сүйенсек, шикізатты алып келуде қиындықтар бар. Басты себеп - полиэтиленнің мұнай қалдықтарынан жасалынуы. Кореядан әкелінетін тауардың құны жол шығынына орай, ал ресейлік шикізат санкция салдарынан әлденеше есеге қымбаттқа түседі екен.

Кәсіптегі кедергіге қарамастан  зауыт жұмысы тұралған емес. Мұнда жергілікті 30 тұрғын жан бағып, отбасын асырап, табыс тауып жүр.

Сан белесті артқа қалдырып келе жатқан «Pipe-Plast companu» ЖШС Алматы қаласы мен облысын ғана емес, өзге де өңірлердің сұранысын толықтай өтеуде.

Дереккөз: kazbusiness.kz

Оқылды 2710 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет