Бейсенбі, 06 Тамыз 2015 12:25

Батыр ұстазым Мәлік аға хақында

Халқымыздың қалаулы ұлы, қоғам қайраткері, педагог, публицист, академик, Батыр жауынгер-жазушы, зерек ғалым Мәлік  Ғабдуллин осыдан жүз жыл бұрын, қыстауға  жиналып жатқан қарбалас шақта Көкшетаудағы Зеренді  көлінің сыртында «Қой  салған» деген жерде (Қазіргі Мәлік  Ғабдуллин атындағы елді  мекен) қараша  үйдің ішінде 1915  жылы дүниеге  келді. Балдырған  шағында бақытты  заманға кез  болып, бастауыш мектепті  ауылда  оқиды  да, Көкшетау  қаласындағы балалар коммунасында  жетінші  класты бітіреді.  Білімін  жетілдіру  мақсатымен  Алматыға  келіп  жұмысшы  факультетіне  түседі. 1931 жылы  Қазақтың Абай  атындағы мемлекеттік педагогикалық  институтына қабылданып, оның қазақ  тілі  мен  әдебиеті факультетін  ойдағыдай  тәмамдап шығады. 1935 жылы «Пионер газеті» редакторының қызметінде, 1936-38 жылдары Қызыл  Армия қатарында болады. 1938 жылы аспирантураға түседі.  Кандидаттық  диссертациясын  аяқтау кезінде соғыс  басталады.

 

(Совет одағының батыры, академик, филология  ғылымдарының  докторы, профессор Мәлік Ғабдуллиннің туғанына  жүз  жыл толуына  орай)

Батырым  – Мәлік беренім,

Жүйрігім  – озған өренім.

Халық сүйген қалауым,

Жырымды саған төгемін.

Жамбыл.

«Енді қолыңызға  қару  алып, жауға  қарсы  күреске  барасыз. Аспирантураға және ғылыми жұмысыңызға соғыстан кейін оралатын боласыз» – дейді 1941 жылы  11 шілдеде Алматы  облыстық  соғыс  комиссары. Құп болады! – деп  соғысқа  аттанады Мәлік Ғабдуллин. Ұлы  Отан  соғысы басталғанда шілде-тамызда 1941 жылы генерал И.В.Панфилов басқарған Талғар  қаласында құрылған 316-атқыштар  дивизиясының құрамында М.Ғабдуллин. соғысқа  кіреді. 1941-42 жылдар өте   ауыр  жылдар  еді. 1941 жылы  қазанда Панфилов дивизиясына  немістің үш  жаяу  әскер  дивизиясы, бір танк  дивизиясы шабуыл жасады. Панфиловшылар  фашистерді Москваға  кіргізбеді, үлкен  ерлік  көрсетті. Мәлік Ғабдуллин  алғаш кіші  политрук  болды, кейін Панфиловшылар дивизиясында  саяси  басшы (политрук) болды. Мәліктің  өзі дұшпанның екі  танкін  қиратты.  Трошково  селосының   түбінде жеті  сағаттай  болған ұрыста бір рота  автоматшыларымен  бес рет шабуылға шығып,  төрт  рет жаудың  шабуылын тойтарды. Тағы  бір ұрыста М.Ғабдуллин бір  топ автоматшылармен  200-дей  фашисті қырып салды. Қызыл Армияның қысқы шабуылы нәтижесінде  Москва, Тула, Ленинград, Калинин, Смоленск, Орел облыстарының  бірқатар аудандары гитлершіл басқыншылардан толық азат  етілді.  Мәлік Ғабдуллиннің  ерлігі  туралы  жазушы Б.Полевой «Правдада» жарияланған  «Эпостың тууы» атты  очеркінде  баяндаған.

Соғыс біткеннен кейін М.Ғабдуллин «Майдандас  достарым» деген  кітап шығарды. Қазақстандық жауынгерлердің соғыстағы  ерлігі, И.В.Панфилов туралы, қиян-кескі ұрыстарды, бастан  кешірген оқиғалары  туралы очерктер жазды. Бұл шығармалардың  қатарында «Сол күндері», «Төлеген Тоқтаров», «Қиындықсыз жеңіс жоқ», «Тапқырлық», «Баянауыл әншісі», «Туыстарға  хат», «Сержанттың әңгімесі», «Біздің Саша» т.б. туындылар бар еді.

М.Ғабдуллин  көп  томдық «Қазақ әдебиетінің  тарихы» авторларының  бірі. Оқулықтар  жазды, 20 жылдан   астам  қазақ  жастарына фольклор, әдебиеттен (Қазақ халқының ауыз  әдебиетінің авторы») білім берді, өнеге  үйретті. Сергек  ойды серік еткен  ер  өмірде өшпес із  қалдырды, сөз  қалдырды. Жамбыл, Нұрпейіс, Иса Шашубай, Сапарғали, Доскейлер толғау, дастандар  шығарды. С.Мұқановтың «Батыр бейнесі», М.Рашевтің  «Батыр  дастан  поэмасы, Ә.Нұршайықовтың  «Тоғыз  толғау» повесі т.б жазылды. Ғалымның «Қобыланды  батыр» жыры  жайындағы зерттеуі – шоқтығы  биік еңбек.  Батырлар жырын  іріктеуде де  Мәліктің  еңбегі  зор. Қазақ  ауыз  әдебиетінің  екі  томдық кітабын құрастырды, бірі  тоғыз дастаннан құралған «Батырлар жыры», екіншісі қырықтан  астам шығармадан құралған  «Айтыстар».

Мәлік Ғабдуллинді  ерекше  жақын тартатын себебім Еңбекшіқазақ  ауданы  Көктөбе ауылының тумасы менің әкем Мырзахан Таңсықбаев та  осы майданда  соғысқа  қатысып,  қаза  тапқан еді.

1943 жылы  30 қаңтарда Мәлік Ғабдуллинге «Совет  Одағы батыры»  атағы  берілді.

Партия  үкіметіміз Мәлік Ғабдуллиннің еңбегін жоғары бағалап, Оны  «Ленин», «Қызыл Ту», «Қызыл Жұлдыз», бірінші  дәрежелі Отан соғысы  ордендерімен  және медальдармен марапаттады. Ол СССР Жазушылар одағының мүшесі еді, Мәлік Ғабдуллин 1957-1963 жылдары  қазақтың Абай  атындағы Педагогика институтының  ректоры  болды. Мен  сол институтты 1961 жылы  бітірдім. Оның  қолынан  диплом  алдым, Қазақ халқының  ауыз әдебиетінен лекциялар  оқып, сабақ  берді. Әңгімені  қызықты әрі  күлдіріп  қойып айтатын. Бізге  майдандас  дос-тары  туралы  сұрасақ айтып  беретін. Жылдар жылжып жатса да, ердің  ерлігі еш уақытта ұмытылмайды. Соғыстың қасіреті ешқашан естен  кетпейді.

«Ел  үмітін ер сақтар, ер  атағын ел сақтар»  деген  халық даналығы жайдан-жай айтылған  жоқ. Оның есімі – халқымыздың  мақтанышы. Келешек  ұрпақтарға  ғибрат, өнеге  болмақ. Ал мен үшін  тіпті, ерекше, әрі әкеммен бірге  майдандас әрі сүйікті ұстазым. есімі жадымда мәңгі сақталады.

 

 Балқия МЫРЗАХАНОВА,

еңбек  ардагері, тыл  еңбеккері, Қазақ ССР оқу  ісінің үздігі,

«Жеңіске 65 жыл», «70 ЛЕТ Победы

в  Великой  Отечественной  войне

1941-1945 г.г» мерекелік медалдарының иегері. 

 
Оқылды 3146 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…
Мам 04, 2024

Бір шаңырақ астында

Ынтымақтастық пен бірлік – мемлекеттің даму кепілі. 130-дан астам этносты бір мақсатқа…
Мам 04, 2024

Келелі кездесу Шелекте

Өткен аптада Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев іссапармен…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет