Сейсенбі, 07 Желтоқсан 2021 14:59

Ғалымдар бас қосты

Жақында  «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған дәстүрлі ІІ Есік оқулары «Еуразия далалық белдеуіндегі мемлекеттіліктің пайда болуы мен дамуы: алғышарттары, кезеңдері, салдары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Конференцияға Бельгия, Ресей, Түркия, Қытай, Қырғызстанның жетекші ғылыми-зерттеу, музейлік және білім беру мекемелерінің, ғылыми қауымдастықтардың атынан 50-ге жуық ғалым мен зерттеуші қатысты.

Конференцияны ашқан «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры Гүлмира Райылқызы қазіргі таңда музей-қорықта жүзеге асып жатқан ғылыми жұмыстарға тоқталды.

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның пленарлық отырысында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, ҚХР Шәнси провинциясы Археология институтының Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтының, А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының, ҚР Орталық мемлекеттік архивінің жетекшілері мен ғалымдары құттықтау жолдап, А.Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, ф.ғ.д. А.Н.Гаркавец «Руническая надпись на малой иссыкской чаше» тақырыбында баяндама оқып, б.з.д. V-IV ғғ. Есік қорғанынан табылған күміс тостағандағы түркі руникалық жазба туралы кең мағлұмат берді. Шығыстанушы ғалым, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «Тұран-Иран» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, ф.ғ.д., профессор И.А.Жеменей «Сақ тарихы жазба деректер мен зерттеу еңбектерде» тақырыбында өзекті баяндама жасады. Сондай-ақ Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Шығыстану кафедрасының профессоры, т.ғ.д. Т.Зекенұлы «Шығыс Тянь-Шаньдағы сақтардың тарихи-мәдени мұралары» атты баяндамасында ежелгі қытай деректеріне сүйене отырып, б.з.д. ІІ ғасыр бастап Іле аңғарын мекендеген сақ, юэчжи, үйсін этностарының аралас қоныстанғанын, үйсіндер сақтардың мұрагері әрі жалғасы екенін көрсетіп берді. Сондай-ақ әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Археология, этнология және музеология кафедрасының профессоры м.а., т.ғ.к. Т.Е.Картаева «Музейлік этноархеологиялық экспедициялар және археологиялық ескерткіштерге этнографиялық интерпретация жасау әдістері» тақырыбында баяндама оқып, презентация жасады.

Конференцияға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушылары мен профессорлары, «Иран-Тұран» зерттеу орталығының директоры, Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтының археологтары және Түркияның Анкара қаласындағы Хажетепе университетінің профессоры, Ататүрік принциптері институтының директоры  Мехмет Дервиш Клынчкая, сондай-ақ Анкара Хажы Байрам Вели университеті, Түрік халық білімі бөлімінің доценті, PhD Туна Иылдыз, Анкара университетінің ғылыми қызметкері, PhD Серхан Чынар қатарлы ғалымдар қатысты.

Конференцияға онлайн-оффлайн түрде жалпы 27 ғалым баяндама жасады. Баяндамашылар ежелгі дәуір мен орта ғасырдағы далалық Еуразияның әлеуметтік және саяси тарихы, Еуразияның археологиялық мұрасының өзекті мәселелерін, Ұлы даланың тарихи-мәдени мұра объектілерін зерттеу, сақтау, пайдалану және дәріптеу мәселелерін қарастырып, тәжірибелерімен бөлісті. Қазақстан аумағындағы мемлекеттілік тарихы мәселелері саласындағы зерттеулерді жалғастыра беру қажеттілігі аталып өтті.

Жиын соңында «Есік» музей-қорығының директоры Гүлмира Райылқызы қортынды сөз сөйлеп, конференция қарарын оқыды.

Конференция материалдары ғылыми жинақ түрінде жарық көреді.

Жазира ҚҰРБАНӘЛІ,     

«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының бөлім жетекшісі.

Оқылды 4323 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Тоғысқан тағдырлар Алтын адамның атамекені »

Соңғы жаңалықтар

Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…
Мам 04, 2024

Бір шаңырақ астында

Ынтымақтастық пен бірлік – мемлекеттің даму кепілі. 130-дан астам этносты бір мақсатқа…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет