Бейсенбі, 17 Желтоқсан 2020 12:16

Бағалағанға бақ қонады

 

Биыл – ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен жеткен Тәуелсіздік таңының атқанына 29 жыл. Азаттық үшін күресте бабаларымыз қан төгіп, елді жаудан қорғады. Алаш арыстары өмірлерін бәйгеге тікті. Желтоқсан көтерілісінің жастары мұзда алау болып жалындады.

Аға-әпкелеріміздің уақытында еңсе көтеріп, алаңға аяқ басқандары, еркіндікті талап еткендерінің жемісі – бүгінгі бейбітшілігіміз. Тәуелсіз мемлекетте еркін өсуіміздің себепшілерін есте сақтап, тағзым жасап, бейбіт күннің бағасына жетіп, қолда ұстап қалу – баршамыздың бүгінгі парызымыз.

Бабалар қанымен келген тәуелсіздік тұғырымызда мәңгі тұрақтауы үшін кез келген уақытта бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаруымыз керек. «Біріңді, қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» демекші, бір-біріміздің жақсылығымызды асырсақ, бізден абыройлы ел болмасы анық. Әрине, әлемді бағындыру үшін кішкентай әрбір тұрғынның жүрегінде үлкен мейірім болуы қажет. Қандасына мейірім танытып, мұқтаждығын өтеген-де, жасын сүртіп, иығынан демегенде ғана шын шыңдалып, беки түспекпіз. Ал бекіген елдің бола-шағын өзгелердің баянды көретіні хақ!

Еліміздің жалынды жастары бастарын бәйгеге тігіп, бодандық құрсауынан шығуға ұмтылған қыршын ерліктері бүгінгі тәуелсіз еліміздің жарқын істерімен жалғасын табуда. Тәуелсіздікті аңсау бар, оған жету және оны бағалап, сақтап қалу бар. Біз осы кезеңдердің үшінші сатысындамыз. Яғни, маңдайдағы бағымызды көздің қарашығындай сақтап, оны келешек ұрпаққа аманат ету – біздің асыл парызымыз.

Бахыт ДҮЗЕЛБАЕВ,

«Иманды жастар» еріктілер тобының мүшесі

Оқылды 3318 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет