Сәрсенбі, 18 Қыркүйек 2019 14:38

Қоғамдық дертпен бірге күресейік!

Қазіргі жағдайда кез келген мемлекеттік орган қоғам тарапынан нақты және пәрменді қолдау арқылы ғана табысқа жете алады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимылды, атап айтқанда, халықтың белсенді қатысуымен ғана жүзеге асыруға болады.

Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «1424» Call-орталығы азаматтарға тегін ақпараттық-консультациялық қолдау көрсетеді. Операторлар агенттіктің қызметі туралы сұрақтарға жауап береді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен оның қызметкерлерінің жұмысына шағымдар, ұсыныстар мен пікірлерді қабылдайды. Орталық сыбайлас жемқорлық фактілері, оның ішінде жасалған немесе дайындалып жатқан құқық бұзушылықтар жөнінде, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру жағдайлары туралы телефон хабарламаларына тәулік бойы ден қояды. Егер бұрын қылмыстық істер бақылау-қадағалау органдары тарапынан жедел әзірлемелер мен құжаттық тексеру материалдары негізінде қозғалса, бүгінгі таңда агенттіктің, сондай-ақ бей-жай емес азаматтардың хабарламаларына да сүйеніп отыр.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасады деген күдік туралы қоңырау түскен кезде оператор абонентті агенттіктің кезекші офицерімен дереу қосады, ол хабарламаны тіркейді және жедел ден қою шараларын қабылдайды. Осылайша, әрбір хабарлама уақтылы тексеріледі. Жеткілікті негіздер болған жағдайда сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталады.

Биылғы жылы агенттіктің «1424» Call-орталығына заңсыз іс-әрекеттер және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасады деген күдік бойынша 378 қоңырау тіркелген. Бұл туралы брифинг барысында агенттіктің 1-ші департаментінің аға тергеушісі Данияр Бигайдаров айтты:

– Call-орталығына келіп түскен хабарламалардың басым бөлігі Ішкі істер органдары қызметкерлерінің (181), жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерінің (88), білім беру (45), денсаулық сақтау (28), жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау (20) саласындағы қызметкерлердің пара алу фактісі. Call-орталық арқылы келіп түскен хабарламалардың нәтижелері бойынша тіркелген қылмыстық істердің саны ұлғаюда – деді аға тергеуші.

Ресми мәліметке сүйенсек, хабарламалар негізінде өткен жылдың ішінде 32 іс тіркелсе, ағымдағы жылдың 7 айында 31 іс тіркелді.

Сall-орталыққа азаматтардың келіп түскен хабарламалары бойынша пара алу кезінде 15 адам ұсталды. Олардың арасында құқық қорғау органдарының, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың және білім беру саласының қызметкерлері бар. 5 адам сотталды. Мысалы, Қарағанды облысында ағымдағы жылдың 16 мамырында Қарағанды қаласы полиция басқармасының қызметкері Н.Халенге алынған пара сомасының (70 мың теңге) 30 еселенген мөлшеріндегі (2 млн. 100 мың теңге) айыппұл түрінде үкім шықты. Алматы облысында ағымдағы жылдың 17 сәуірінде Талдықорған қаласы полиция басқармасының анықтаушысы Б.Ержановқа 10 мың теңге көлемінде пара алғаны үшін сотпен 25 еселік айыппұл салынды, яғни 250 мың теңге мемлекетке қайтарады. Батыс Қазақстан облысында АШМ Орман шаруашылығы комитетінің «Охотзоопром «ӨБ» РМҚК Батыс аймақтық филиалы басшысының м.а. Қ.Әлімқұлов өзінің қарамағындағы қызметкерден жұмыстан босатпағаны және одан әрі қызмет бабында қамқорлық жасағаны үшін 50 мың теңге сомасында пара алған, ағымдағы жылдың 15 шілдесінде сот 10 есе мөлшерде, яғни 500 мың теңге көлемінде айыппұл салды. Кеше ғана Павлодар облысында Call-орталыққа түскен хабарлама бойынша түзеу мекемелерінің бірінің екі қызметкері қолға түсті. Олар сотталушыдан есірткі затын анықтау фактісін жасырғаны үшін 50 мың теңге көлемінде пара алған.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдемдескен адамдарға, егер кінәлі адамға қатысты әкімшілік жаза қолдану туралы сот қаулысы немесе айыптау үкімі заңды күшіне енген болса, біржолғы ақшалай сыйақы төленеді. Айталық, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы әкімшілік істер бойынша – 30 АЕК; сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 40 АЕК; сыбайлас жемқорлық қылмыстары бойынша орташа ауырлықтағы қылмыстық істер бойынша – 50 АЕК; ауыр санаттағы сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 70 АЕК; аса ауыр санаттағы сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 100 АЕК.

Мысалы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің call-орталығына полиция қызметкерінің пара алу фактісі туралы хабарлаған Т. азаматы 70 АЕК (176750 теңге) көлемінде ақшалай сыйақымен марапатталды. Биылғы жылы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлаған 116 азамат қаржылай сыйақыға ие болды. Оның ішінде, call-орталық арқылы 17,7 млн.теңге.

Сонымен қатар, агенттік ағымдағы жылдың 20 мамырында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңесте берген Мемлекет басшысының тапсырмалары бойынша заңнамалық бастамалар шеңберінде халықаралық тәжірибені ескере отырып, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарламалары үшін азаматтарды көтермелеудің сараланған жүйесін енгізу мәселесін пысықтауда.

Пара немесе залал сомасы 2,5 млн.теңгеден асатын қылмыстар бойынша сот үкімімен белгіленген пара немесе келтірілген залал сомасының 10%-ын, бірақ шекті деңгейден аспайтын көлемде (мысалы, 10 млн. теңге) белгілеу ұсынылады.

 

Мемлекеттік қызмет

істері және сыбайлас

жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы

облыстық департаменті.

Оқылды 1590 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…
Мам 04, 2024

Бір шаңырақ астында

Ынтымақтастық пен бірлік – мемлекеттің даму кепілі. 130-дан астам этносты бір мақсатқа…
Мам 04, 2024

Келелі кездесу Шелекте

Өткен аптада Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев іссапармен…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет