Еңбекшіқазақ ауданының мәдениет жә-не тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Жаңашар ауылдық округінде «Тіл тазалығын сақтайық!» акциясы өтті.
Жаңашар ауылдық округі бойынша халыққа қызмет көрсету мекемелері мен қоғамдық орындарда тіл нормаларының Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» және «Жарнама туралы» Заңдарының талаптарына сәйкес рәсім-делуі, олардың сауатты жазылуы қадағаланды. Аталған шара аясында округ бойынша 13 нысанның маңдайша атаулары мен жарнамаларында сәйкессіздіктер анықталып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді және ескерту қағаздары берілді.
А.Бугенбаева,
Жаңашар ауылдық округінің
жетекші маманы.