Сәрсенбі, 26 Маусым 2019 18:01

«АЗАТТЫҚ РУХЫ – АЛТЫН АДАМ» БАЙҚАУЫ

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі РМҚК-нің ұйымдастыруымен «Азаттық рухы – Алтын адам» атты әдеби-тарихи республикалық байқауы өткізіледі.

Байқаудың негізгі мақсаты – өскелең ұрпақты отаншылдық рухта тәрбиелеу, бабалар аманат етіп қалдырған қасиетті атамекеннің тарихын, мәдениетін тануға ықпал ету.

         Байқау номинациялары:

  • «Азаттық рухы – Алтын адам» тақырыбына сурет салу;
  • «Азаттық рухы – Алтын адам» тақырыбына ертегі немесе шығарма жазу;
  • «Азаттық рухы – Алтын адам» тақырыбына өлең жазу.

Байқаудың шарттары:

Байқауға 8 бен 16 жас аралығындағы оқушы балалар үш топ бойынша қатыса алады:

  • (8-10 жас) – кіші топ;
  • (11-13 жас) – орта топ;
  • (14-16 жас) – жоғарғы топ.

Байқауға қатысу үшін өтінімді көрсетілген электронды мекенжайға жолдау керек Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс..

Әдеби туындылар мен шығармалар электронды мекенжайға өтініммен бірге жолдануы тиіс. Шығармаларға қойылатын талаптар: Times New Roman шрифті, 14 кегль, беттің сол жағынан – 3 см, жоғары және төменгі жағынан – 2 см, оң жағынан – 1,5 см, жол арасы – бір интервал, көлемі 3 беттен аспауы керек.

Өлең жазу (поэзия) номинациясы бойынша байқауға қатысушы тақырыпқа сай бір өлең, еркін тақырыпта бір өлең жолдауы қажет.

Сурет салу номинациясы бойынша жұмыстар А3 көлемде Қазпошта арқылы музейдің мекенжайына жолдануы керек.

Байқауға қатысушылардың жетекшілері «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің әлеуметтік желілердегі парақшаларына тіркелуі құпталады.

 

Жұмыстар мен байқауға қатысу өтінімдері 2019 жылдың 1 шілдесі мен 11 қыркүйегі аралығында қабылданып, жеңімпаздардың есімі 16 қыркүйек күні жарияланады. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімінің күні мен орны қосымша хабарланатын болады.

Әр номинация бойынша әр топтан тек қана бір жеңімпаз анықталады. Жеңімпаздар арнайы дипломмен және қаржылай сыйлықтармен марапатталады.

Байқау қорытындысы туралы 2019 жылдың 16 қыркүйегінде қорық-музейдің сайтында және еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары беттерінде жарияланады. Байқау турасында толық ақпаратты қорық-музейдің www.issykrm.kz сайтынан біле аласыздар.

Үздік жұмыстар қорық-музейдің ресми сайтында және әлеуметтік желілерінде жарияланады.

Қатысушылардың жетекшілері арнайы қорық-музейдің алғыс хатымен марапатталады. 

 

«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің мекенжайы: Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Рахат ауылдық округі, Өрікті ауылы, Есік-Александровка тас жолы, 6,6 шақырым, құрылыс 2.

Индекс: 040400

Байланыс телефондары: +7 (727) 306-91-30, +7 707 166 44 39

Электронды пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. 

 

Өтініш беру үлгісі

 

Қатысушының тегі, аты-жөні

 

Жетекшісінің тегі, аты-жөні

 

Конкурсқа қатысу тілі 

(қазақша, орысша)

 

Мекенжайы:

(Облыс, аудан, қала, көшесі, индексі)

 

Мектеп, сынып (толық атауы)

 

Жасы:

 

Байланыс телефоны:

 

Электронды мекенжайы:

 

 

Ескерту! Өтінім электронды нұсқаcында қатесіз жіберілуі керек. Марапат қағаздары қатысушының өтінімде көрсеткен мәліметтері бойынша толтырылады. Қате толтырылғаны үшін ұйымдастырушылар жауап бермейді. Мұқият болыңыз! Байқауға жолданған жұмыстар кері қайтарылмайды!

 

Оқылды 2938 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…
Сәу 22, 2024

Қоғамды түзеуді өзімізден бастайық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 22, 2024

Экологиялық мәдениетті артыруымыз…

Қоғамды жаппай тазалыққа шақыру өте өзекті мәселе деп есептеймін. Біз ұстаздар…
Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет