Дүйсенбі, 03 Маусым 2019 15:40

Өзгерістер түлектер игілігіне

Ұлттық  тестілеу орталығының Есік қаласындағы филиал жетекшісі Қарлыға ҚАСЫМОВАМЕН сұқбат.

– Құрметті, Қарлыға Алтынғазықызы, ұлттық бірыңғай тест тапсыруда қазір айтарлықтай ерекшеліктер орын алып жатыр. Тарқатсаңыз?

– Дұрыс айтасыз, жыл басынан тест тапсыруда өзгерістер енгізілді. Нақтыласам, бірінші, ҰБТ-ның төрт рет: қаңтар, наурыз, маусым, тамыз айларында өткізілуі. Екінші,  ҰБТ мен кешенді тестілеудің біріктіріліп, құжаттар қабылдау және емтихан өткізу мерзімдерінің өзгеруі, үшінші, ҰБТ тапсыруға өтініш бітірушілердің өздері онлайн режимінде тіркелуі.

Бұл жерде ескеретін жайт, қаңтар, наурыз, тамыз айларында өткізілетін тестілеу тек ақылы түрде оқуға мүмкіндік береді, ал мемлекеттік грант алу конкурсына қатысу үшін міндетті түрде маусым айында өткізілетін ҰБТ-ға қатысу шарт.

– Осы күнге дейін екі тест тапсырылды. Нәтижесіне аз-кем тоқталсаңыз...

– Есік қаласындағы Райымбек атындағы мектепте орналасқан Ұлттық тестілеу орталығының филиалында Еңбекшіқазақ және Талғар аудандарының  мектеп бітірушілері бақтарын сынады. Екі ауданның 3181 мектеп бітірушісінің 804-і қаңтар айында, 1929-ы наурыз айында тестілеуге қатысып, білімдеріне сай балға ие болды.  Осы екі тестілеуден шекті балл алған, ақылы бөлімде оқуға ниет білдірген бітірушілер жоғарғы оқу орындарына құжаттарын тапсырады.

– Сертификаттар жарамдылығы жыл соңына дейін бе?

– Иә, барлық төрт тестілеудің сертификаттары осы жылдың 31 желтоқсанына дейін жарамды. Сондықтан шекті балы бар кез келген сертификат ақылы түрде оқу үшін жарамды,  яғни маусым айының сертификатымен грантқа өте алмаған сертификатты да ақылы оқуға тапсыруға болады.

– Қазір көп азаматтар алдыңғы алынған сертификат, кейінгісінің күшін жояды деген сенімде. Сіздің жауабыңыз қалай болмақ?

– Дұрыс айтасыз, қазір бітірушілер арасында бұл пікірді жиі естимін. Бұл қате пікір. Соңғы алған сертификаттар алдыңғы сертификаттардың күшін жоймайды.

Осы жерде тағы бір айтатын ерекше жайт, маусым айының сертификатымен қоса ЖОО түсушілерге ақпараттық парақ беріледі. Ол парақта таңдаған пәндері бойынша қай мамандықтарға құжат тапсыруға болатыны, бөлінген гранттар саны және өткен жылғы конкурс нәтижесі көрсетіледі.

– Маусымда тапсырылатын ҰБТ-ға қанша түлек қатысу жоспарда?

– Маусым айындағы ҰБТ-ға екі ауданнан 1882 бітіруші өтініш беріп, мемлекеттік грант алу мақсатында тестілеуге қатысады деп жоспарлануда. Тестілеу 20 маусым мен 5 шілде аралығында өткізіледі. Маусым айындағы тестілеуден шектік балл ала алмай қалған жағдайда, төртінші рет өткізілетін ҰБТ-ға құжаттар қабылдау 25 шілдеден 3 тамыз аралығында қабылданады. Тест 17-20 тамыз аралығында өтеді деп жоспарлануда.

– Өзгерістердің тиімділігін атап берсеңіз?

– Аталған өзгерістердің мектеп бітірушілерге тиімділігі мол. Атап айтсақ,  бірнеше рет тапсыру мектеп бітірушілердің психологиялық қобалжуын басып, ҰБТ технологиясына, ережесіне бейімдейді. Ақылы оқуға барамын деушілер қаңтар немесе наурыз айындағы тестілеуден кейін-ақ студент атана алады. Ал грантқа үміткерлердің теориялық, психологиялық шыңдалуына зор мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, ағылшын тілінен халықаралық (IELTS, TOEFL) сертификаттары бар бітірушілер ағылшын тілін тапсырудан босатылады.

– Жоғарғы оқу орындарына құжат қабылдауда да ерекшеліктер орын алған шығар?

– Әлбетте, қазір еліміздің кез келген жоғарғы оқу орындарына ақылы оқуға құжаттар 1 ақпаннан қабылдануда. Екіншіден, педагогикалық мамандықтарға шектік балл 50-ден 60-қа көтерілді. Үшіншіден, өз мамандығы бойынша ары қарай ЖОО қысқартылған түрде ақылы оқуға баратын колледж бітірушілер тестілеуден босатылады. Төртінші, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету мамандықтарына түсушілерге арнайы емтихан өткізіледі. Бесіншіден, бітірушілер ЖОО-ға түсу үшін нақты білім беру бағдарламасын таңдаулары қажет. Алтыншыдан, мемлекеттік грант алу конкурсына құжат қабылдау 13-20 шілде аралығында, ал конкурс 1 тамызға дейін өткізіледі.

– Сұхбатыңызға рахмет! Ендеше, іске сәт, жас түлек!

Әңгімелескен

 Қайнар ЖҰМАҒОЖА.

Оқылды 2360 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Қош, балабақша! Өзгерістер түлектер игілігіне »

Соңғы жаңалықтар

Сәу 29, 2024

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ШАРАДАН АУДАН…

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей бастамасымен барлық…
Сәу 29, 2024

Қалпына келтіру жұмыстарын өзім…

Тасқын су жүрген өңірлерде үй-жайынан айырылған халықтың баспанасын қалпына келтірудің…
Сәу 29, 2024

Жазушы мерейтойына арналды

«Таза Қазақстан» экологиялық тазалық акциясына Райымбек ауданының тұрғындары да…
Сәу 29, 2024

«ДАНЬ ТРАДИЦИЯМ И ВОСПИТАНИЕ…

В рамках недели "Жасыл аймақ" экологической акции "Таза Қазақстан", проводимой по всей…
Сәу 29, 2024

С Днем Единства народа Казахстана

Хочу поздравить всех с Днем Единства народа Казахстана и выразить благодарность за вашу…
Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет